10 Milagres de Jesus na Bíblia: Lista com versículos e explicação
Os milagres de Jesus são muito mais do que demonstrações de poder sobrenatural; eles são sinais que confirmam sua divindade e missão. Ao longo dos Evangelhos, vemos Cristo curando enfermos, dominando a natureza e vencendo a morte.
Neste guia, selecionamos 10 milagres de Jesus na Bíblia, organizados com referências e uma breve explicação sobre o impacto espiritual de cada um deles.
Os principais milagres de Jesus nos Evangelhos
1. Transformação da Água em Vinho
Referência: João 2:1-11
Explicação: Ocorreu nas Bodas de Caná. Sendo o seu primeiro milagre público, Jesus demonstrou autoridade sobre a matéria e a natureza, revelando sua glória aos discípulos e abençoando a instituição da família.
Исаның Қана қаласындағы тойда істеген кереметі
Екі күннен кейін Ғалилея аймағының Қана қаласында бір үйлену тойы болды. Исаның шешесі сонда еді, Иса да шәкірттерімен бірге шақырылды. Шарап таусылып қалып, Исаның шешесі Оған:
— Олардың шарабы қалмады, — деді. Иса:
— Апа, Маған оны не үшін айтасыз? (Керемет жасау үшін көктегі Әкем белгілеген) уақытым әлі келген жоқ, — деп жауап берді. Дегенмен шешесі қызметшілерге: «Ол не айтса, соны істеңдер!» — деп тапсырды.
Сол жерде яһудилердің дәстүрі бойынша діни тазару салтына арналған, ішіне он шелектей су сыятын алты тас күбі тұр еді. Иса қызметшілерге: «Күбілерді суға толтырыңдар!» — деген тапсырма берді. Олар күбілерді суға ернеулете толтырды. «Аздап алып, асабаға апарыңдар!» — деді Иса. Олар апарып беріп, асаба шарапқа айналған әлгі суды татып көрді. Бірақ асаба оның қайдан екенін білген жоқ, мұны тек суды шөміштеп алған қызметшілер ғана білетін. Асаба таңғалды да, күйеу жігітті шақыртып алып: «Әркім алдымен жақсы шарабын құяды, қонақтар қызып алған кезде оның төмендеу түрін береді. Ал сен ең жақсысын осы уақытқа дейін сақтап қойыпсың!» — деді.
Осылай Иса кереметтерінің алғашқысын Ғалилеядағы Қана қаласында жасап, Өзінің ұлылығын көрсетті. Содан шәкірттері Оған сенді.
2. Cura do cego de nascença
Referência: João 9:1-12
Explicação: Jesus usa lodo para curar um homem que nunca havia enxergado. Este milagre prova que Ele é a Luz do Mundo e tem poder para restaurar o que nasceu com defeito.
Соқыр болып туған адамның сауығуы
Иса өтіп бара жатып, туғаннан соқыр бір адамды көрді. Сонда шәкірттері Исадан:
— Ұстаз, мынаның соқыр болып туғанына өз күнәсі себеп болды ма, әлде ата-анасынікі ме? — деп сұрады. Иса:
— Оған өзінің де, ата-анасының да күнәсі себеп болған жоқ. Қайта, оның өмірінен Құдайдың құдіретті ісі көрінбек! — деп жауап берді. Сөзін астарлап жалғастырып: — Жарық барда, Мені Жібергеннің тапсырған игі істерін істеуіміз керек. Қараңғы түскен соң, ешкім еш нәрсе істей алмайды. Осы дүниеде тұрған шағымда Мен адамзат үшін Құдайдың Нұрымын, — деді.
Осылай дегеннен кейін Ол жерге бір түкіріп, содан балшық жасап, зағиптың көзіне жақты да:
— Силоғам тоғанына бар да, жуып таста! — деп тапсырды. Силоғам аударғанда «Жіберілген кісі» деген сөз. Соқыр кісі барып, бетін жуды. Сонда оның көзі ашылып көретін болды. Содан адам үйіне қайта оралды.
Көршілері мен оның бұрын соқыр қайыршы болып жүргенін көргендер бір-біріне: «Мынау осы жерде қайыр сұрап отыратын адам емес пе?» — деп, қайран қалысты. Кейбіреулері: «Сол», — десе, басқалары: «Жоқ, бұл соған ұқсас қана», — деді. Әлгі адам: «Мен соның дәл өзімін!» — деп тұрып алды. Сонда кісілер одан:
— Көзің қалай көріп кетті? — деп сұрады. Ол:
— Иса есімді Адам балшық жасап, көзіме жағып: «Силоғам тоғанына бар да, жуып таста!» — деді. Мен барып, бетімді жудым, сонда көретін боп шыға келдім! — деп жауап берді.
— Ол Адам қайда? — деп сұрады олар. Анау:
— Мен білмеймін, — деді.
3. Multiplicação dos pães e peixes
Referência: Mateus 14:13-21
Explicação: Com apenas cinco pães e dois peixes, Jesus alimentou mais de 5 mil homens. Este sinal revela Cristo como o Pão da Vida, aquele que supre todas as nossas necessidades.
Мәсіхтің бес мыңнан астам адамды тамақтандыруы
Мұны естігеннен кейін Иса оңаша болу үшін қайықпен елсіз бір жерге жөнелді. Ал бұл туралы біліп қалған халық сол маңайдағы қалалардан шығып, жаяу Оның соңынан ілесті. Иса қайықтан түскенде, қарақұрым халықты көрді. Оларға жаны ашып, араларындағы ауру адамдарды сауықтырды.
Кеш түсе шәкірттері Ұстазының қасына келіп:
— Бұл — құлазыған дала, ал күн кеш болып кетті. Халықты таратып жіберіңіз. Олар жақын маңдағы ауылдарға барып, тамақ сатып алсын, — деген ұсыныс жасады. Бірақ Иса:
— Кетулері қажет емес, оларға тамақты сендер беріңдер! — деп жауап қатты. Шәкірттер:
— Бізде тек бес күлше нан мен екі кепкен балық қана бар, — деді. Иса:
— Соларды Маған алып келіңдер! — деп, халыққа көгалдың үстіне жайғасып отыруды бұйырды. Мұнан кейін Иса бес күлше мен екі балықты қолына алып, көкке қарап тұрып шүкірлік етті. Нанды үзіп-үзіп, шәкірттеріне бере берді, ал олар халыққа үлестірді. Барлығы да жеп тойды.
Соңында олар нан үзімдері мен балықтан артылып қалғандарын жинап алғанда, он екі себет толды. Ал балалар мен әйелдерді есептемегеннің өзінде тамақтанған ер адамдардың жалпы саны бес мыңдай еді.
4. Jesus acalma a tempestade
Referência: Marcos 4:35-41
Explicação: Com uma ordem, o vento e o mar se aquietam. O milagre ensina sobre a paz que excede o entendimento e a autoridade do Messias sobre a criação.
Мәсіх Исаның сұрапыл дауылға тыйым салуы
Сол күннің кешінде Иса шәкірттеріне: «Көлдің арғы бетіне өтейік», — деді. Содан олар халықты қалдырып, қайықтағы Ұстазын өздерімен бірге алып кетті. Өзге қайықтар да Исаға ілесе шықты. Біраздан кейін сұрапыл дауыл көтеріліп, қайық толқынның астында қалып, суға тола бастады. Ал Иса қайықтың артқы жағында көпшік жастанып ұйықтап жатты. Шәкірттері Оны оятып: «Ұстаз, құритын болдық! Жағдайымызды ойламайсыз ба?» — деп айқайлады.
Иса тұрып, желге тыйым салып, көлге де: «Тына қал, басыл!» — деп бұйырды. Сонда дауыл басылып, жым-жырт тыныштық орнады. Бұдан кейін Иса шәкірттеріне қарап: «Неліктен соншама қорқасыңдар? Әлі де сенімдерің жоқ па?» — деді. Олар қатты үрейленіп, бір-біріне: «Тіпті жел мен көл де бағынатын Бұл кім Өзі?» — деп таңғалысты.
5. Cura da mulher com fluxo de sangue
Referência: Marcos 5:25-34
Explicação: Uma cura que aconteceu pelo toque da fé. Jesus mostra que está atento ao sofrimento individual e que a fé é o canal para receber o milagre.
Халықтың арасында он екі жыл бойы қан кетіп ауырып келген бір әйел де бар еді. Сол әйел көп дәрігерлерге емделіп талай азап шегіп, бар мал-мүлкін жұмсаған еді. Алайда одан еш шипа болмай, керісінше, халі бұрынғысынан бетер нашарлай түскен болатын. Иса туралы хабарды естіген әйел халықтың ішінде Исаның арт жағынан жақындап келіп, Оның шапанына қолын тигізді. Себебі ол өзіне-өзі: «Тек Оның шапанына қолымды тигізсем болғаны, сонда сауығып кетер едім», — деген болатын. Сол сәтте-ақ қаны тоқтап, әйел өзін қинап келген дертінен сауыққанын сезінді.
Ал Иса дереу Өзінен біраз сауықтыру құдіретінің шыққанын сезіп, жұртқа бұрылып:
— Шапаныма қолын тигізген кім? — деп сұрады. Шәкірттері Оған:
— Соншама халықтың Өзіңізді қаумалап, қыспақтап тұрғанын көре тұра, «Маған қолын тигізген кім» деп қалай сұрайсыз? — деді. Бірақ Иса мұны істеген адамды көру үшін айналасына көз жүгіртті. Өзіне не болғанын білген әйел қорыққаннан дірілдеп, Исаның алдына келді. Оның аяғына жығылып, шындығын түгелдей айтып берді. Иса оған:
— Қарындас, сенімің арқылы құтқарылдың. Аман-есен қайта бер, қиналған дертіңнен айықтың! — деді.
6. Libertação do endemoninhado Gadareno
Referência: Marcos 5:1-20
Explicação: Jesus liberta um homem dominado por uma legião de espíritos. É a prova clara de sua autoridade absoluta sobre o reino das trevas.
Көп жындар қинаған адамның солардан азат етілуі
Бұдан кейін Иса мен шәкірттері көлдің арғы бетіндегі Ғадара өңіріне жетті. Иса қайықтан түсісімен-ақ, Оған зират арасынан шыға келген, жын соққан бір кісі кездесе кетті. Сол адам қабірге арналған үңгірлерде тұратын. Ешкім оны тіпті шынжырлармен де бұғаулап қоя алмайтын. Талай рет оның аяқ-қолын шынжырлармен және кісендермен бұғаулап тастаған еді, бірақ ол шынжырларды сындырып, кісендерді үзіп, қашып кететін. Оны бағындыруға ешкімнің де күші жетпеді. Сол кісі күні-түні қабірлердің арасында және тау-төбелерде айқай салып, өзін-өзі таспен ұрғылайтын.
Әлгі адам Исаны алыстан көргенде, жүгіріп келіп, аяғына бас ұрып тағзым етті. Содан соң ол қатты дауыспен:
— Құдай Тағаланың рухани Ұлы Иса, менде нең бар? Құдай үшін жалынамын: мені азаптай көрме! — деп айқай салды. Себебі Иса:
— Жын, шық бұл кісіден! — деп бұйырған еді. Бұдан кейін Иса:
— Атың кім? — деп сұрағанда, ол:
— Атым — «Үлкен топ», себебі біз көппіз, — деп жауап берді. Адам Исадан оларды сол төңіректен қуып шығармауын қадала өтінді.
Сол маңдағы төбе беткейінде үлкен бір топ шошқа жайылып жүрген болатын. Жындар: «Бізді шошқаларға жібере гөр, соларға енейік», — деп сұрады. Иса жол берген соң, жындар сол кісіден шығып, әлгі екі мыңдай хайуанға енді. Сонда олар тік жардан көлге қарғып, суға батып, қырылып қалды.
Бақташылары қашып кетіп, болған оқиғаны қала мен ауылдарда айтып берді. Халық соны көруге жолға шығып, Исаға келді. Олар бұрын үлкен жындар тобы буған кісінің ақыл-есі кіріп, киініп, сол жерде отырғанын көргенде қорқып кетті. Болған оқиғаны өз көздерімен көргендер оларға жын қинаған адаммен не болғанын әңгімелеп, шошқалар туралы да айтып берді. Сонда халық Исадан: «Біздің жерімізден кетіңіз», — деп өтінді.
Иса қайыққа мінгенде, жындарынан арылған кісі Одан: «Сізбен бірге болайыншы», — деп сұрады. Бірақ Иса оған рұқсат бермей:
— Үйіңе қайтып, туысқандарың мен дос-жарандарыңа Жаратқан Иенің өзіңе не істегенін, қалай рақым еткенін айтып бер! — деп тапсырды. Әлгі адам барып, Исаның өзіне не істегенін Онқала аймағында жариялай бастады. Естігендердің бәрі таңданып, қайран қалысты.
7. Ressurreição da filha de Jairo
Referência: Marcos 5:21-43
Explicação: Jesus demonstra que a morte para Ele é como o sono. Ele restaura a vida de uma criança, trazendo esperança para uma família desesperada.
Мәсіхтің ауруға және өлімге жүргізген үстемдігі
Иса қайыққа мініп, көлдің батыс жағына қайта оралды. Содан көлдің жағасында көп халық Оның қасына жиналды. Жайыр есімді бір мәжілісхана жетекшісі де сонда келді. Жайыр Исаны көргенде, Оның аяғына жығылып: «Жас қызым өлім аузында жатыр. Сауығып, тірі қалуы үшін барып, оған қолыңызды тигізе көріңізші!» — деп жалына өтінді. Иса онымен бірге жүрді. Көптеп ілескен халық Оны жан-жақтан қыспақтады.
Халықтың арасында он екі жыл бойы қан кетіп ауырып келген бір әйел де бар еді. Сол әйел көп дәрігерлерге емделіп талай азап шегіп, бар мал-мүлкін жұмсаған еді. Алайда одан еш шипа болмай, керісінше, халі бұрынғысынан бетер нашарлай түскен болатын. Иса туралы хабарды естіген әйел халықтың ішінде Исаның арт жағынан жақындап келіп, Оның шапанына қолын тигізді. Себебі ол өзіне-өзі: «Тек Оның шапанына қолымды тигізсем болғаны, сонда сауығып кетер едім», — деген болатын. Сол сәтте-ақ қаны тоқтап, әйел өзін қинап келген дертінен сауыққанын сезінді.
Ал Иса дереу Өзінен біраз сауықтыру құдіретінің шыққанын сезіп, жұртқа бұрылып:
— Шапаныма қолын тигізген кім? — деп сұрады. Шәкірттері Оған:
— Соншама халықтың Өзіңізді қаумалап, қыспақтап тұрғанын көре тұра, «Маған қолын тигізген кім» деп қалай сұрайсыз? — деді. Бірақ Иса мұны істеген адамды көру үшін айналасына көз жүгіртті. Өзіне не болғанын білген әйел қорыққаннан дірілдеп, Исаның алдына келді. Оның аяғына жығылып, шындығын түгелдей айтып берді. Иса оған:
— Қарындас, сенімің арқылы құтқарылдың. Аман-есен қайта бер, қиналған дертіңнен айықтың! — деді.
Иса осыны айтып тұрғанда, мәжілісхана жетекшісінің үйінен кісілер келіп: «Қызыңыздан айырылып қалдық. Енді Ұстазды әурелемей-ақ қойыңыз», — деп хабарлады. Алайда Иса сол айтқандарын естіп, жетекшіге: «Қорықпа, тек сенімің болсын!» — деді.
Содан Ол Петір, Жақып және оның інісі Жоханнан өзге ешкімді ертпей, мәжілісхана жетекшісінің үйіне барды. Сол жерден абыржығандар мен зар жылап жоқтау айтқандарды көрді. Иса үйге кіріп, оларға: «Неге осылайша абыржып, жылайсыңдар? Қыз өлген жоқ, ұйықтап жатыр», — деді. Олар Оның айтқанына күлді. Бірақ Иса барлығын сыртқа шығарып жіберіп, тек қыздың әке-шешесін және Өзінің қасында жүргендерді ғана ертіп, қыз жатқан бөлмеге кірді. Қыздың қолынан ұстап тұрып, оған: «Талифа куми!» — деді. Бұның мағынасы: Қызым, саған айтамын, тұра ғой! Он екі жасар қыз бала сол сәтте-ақ орнынан тұрып, жүре бастады! Мұны көргендер үрейлері ұшып, қайран қалысты. Ал Иса оларға бұл туралы ешкімге тіс жармауды қатты ескертті де, «Оған тамақ беріңдер!» — деп бұйырды.
8. Jesus anda sobre as águas
Referência: Mateus 14:22-33
Explicação: Ao caminhar sobre o Mar da Galileia, Jesus mostra que não está sujeito às leis da física. O episódio também serve para tratar a fé e a dúvida no coração de Pedro.
Мәсіхтің су бетімен жүріп, Петірдің де солай істеуге тырысуы
Бұдан кейін Иса дереу шәкірттеріне қайыққа мініп, Өзінен бұрын көлдің солтүстік жағасына өтуге бұйырды. Ал Өзі халықты таратып жібермек болып, сол жерде қалды. Ол жұртты қайтарған соң (көктегі Әкесіне) оңашада сиынып мінажат ету үшін бір төбенің басына шықты.
Кеш түскенде Иса әлі де сол жерде жалғыз тұрды. Ал қайық жағадан бірталай алыстап кеткен болатын. Сол кезде жел қарсы тұрып, толқындар қайықты соққылай бастады.
Таңғы сағат үш шамасында Иса шәкірттеріне көл бетімен жақындап келді. Оның көл үстінде жаяу жүргенін байқап қалып, шәкірттерінің зәрелері ұшып: «Мынау елес!» — деп қатты қорқып, айқайлап жіберді. Иса оларға дереу тіл қатып:
— Қорықпаңдар, бұл Менмін ғой! Үрейлерің ұшпасын! — деп көңілдерін орнықтырды. Петір:
— Мырза, егер бұл Өзіңіз болсаңыз, онда маған су бетімен қасыңызға баруға бұйырыңызшы, — деп жауап берді. Иса:
— Кел! — дегенде, Петір қайықтан шығып, су үстімен Исаға қарай беттеді. Бірақ қатты соққан желді байқап, қорқып кеткен ол суға бата бастады да:
— Мырза, мені құтқара көріңіз! — деп айқайлап жіберді. Иса дереу қолын созып, демеп жіберіп:
— Әй, сенімі азым-ай! Неліктен (Менің құдіретіме) күдіктендің? — деді. Екеуі қайыққа мінгенде жел де басылды. Сонда қайықтағылар:
— Сіз шынымен де Құдайдың рухани Ұлысыз! — деп, Оған иіліп тағзым етті.
9. Cura do paralítico
Referência: Marcos 2:1-12
Explicação: Jesus cura o corpo, mas primeiro perdoa os pecados. Este milagre estabelece que sua missão principal é a reconciliação espiritual do homem com Deus.
Құдай тағайындаған Билеуші — Исаның күнәларды кешіру билігі
Бірнеше күннен кейін Иса Қапарнаумға қайта оралды. Жұрт Оның сол қаладағы бір үйде екенін естіп-білді. Содан адамдар сол жерге көптеп жиналып, тіпті есік алдында тұратын орын да қалмады. Иса оларға Ізгі хабарды жариялады.
Сол кезде төрт кісі сал болып ауырған бір адамды Исаға көтеріп алып келді. Бірақ халықтың көптігінен олар Оған жақындай алмады; сондықтан үйдің сыртқы сатысымен жоғары көтеріліп, жалпақ төбесін ашты. Содан олар аурудың жатқан төсенішін арқанмен байлап, оны төменге Исаның алдына түсірді. Иса олардың сенімдерін көріп, сал адамға: «Балам, сенің күнәларың кешірілді!» — деді.
Сол жерде отырған бірнеше дін мұғалімдері: «Бұл Кісі неге солай деп Құдайды қорлап тұр? Жалғыз Құдайдан басқа кім күнәларды кешіре алады?» — деп ойланып қалды. Олардың бұл ойларын Иса бірден ұға қойып:
— Неге солай ойлайсыздар? Сал адамға қайсысын айту оңайырақ: «Сенің күнәларың кешірілді!» деу ме, әлде: «Орныңнан тұрып, төсенішіңді жинап алып, жүре бер!» деу ме? Ал көктен келген Менің жер бетінде күнәларды кешіруге билігімнің бар екендігін білулеріңіз үшін,.. — деді де, сал адамға қарап: — Саған айтамын: орныңнан тұр да, төсенішіңді жинап алып, үйіңе бар! — деп тапсырды.
Ауру адам сол сәтте-ақ сауығып, орнынан тұрды да, төсенішін жинап алып, бәрінің көзінше шығып кетті! Барша жұрт таңғалысып: «Біз ешқашан да мұндайды көрген емеспіз!» — деп, Құдайға мақтау айтты.
10. Ressurreição de Lázaro
Referência: João 11:1-44
Explicação: O milagre mais impactante antes da crucificação. Ao ressuscitar alguém morto há quatro dias, Jesus declara: "Eu sou a ressurreição e a vida".
Елазардың ауырып, қайтыс болуы
Сол кезде Елазар деген бетаниялық кісі қатты ауырып жатты. Бұл ауылда Мәриям мен оның әпкесі Марта да тұратын.Кейінірек Иеміздің аяғына иісмай жағып, шашымен құрғатқан осы Мәриям еді. Қазір оның бауыры Елазар қатты науқастанып жатты. Сонда апалы-сіңлілі екеуі: «Мырза, Сіз жақсы көретін кісі ауырып жатыр», — деп Исаға Елазар туралы хабар жіберді.
Иса мұны естігенде: «Бұл аурудың соңы өлімге соқтырмайды, қайта, Құдайды ұлылыққа бөлеуге септігін тигізеді: ол арқылы Құдайдың рухани Ұлының құдіретті ұлылығы көрінеді», — деді. Иса Мартаны, оның сіңлісі мен Елазарды жақсы көруші еді. Бірақ Ол Елазардың науқастанып жатқанын естісе де, сол кезде болған жерінде тағы да екі күнге қалып қойды.
Бұдан кейін Иса шәкірттеріне:
— Яһудея аймағына қайта барайық! — деді. Олар:
— Ұстаз, яһуди діндарлары күні кеше ғана Сізді тас лақтырып өлтіргісі келмеп пе еді? Шынымен тағы сол жаққа бармақсыз ба? — деп сұрады. Иса:
— Күндізгі уақытта он екі сағат бар емес пе? Адам жолмен күндіз жүрсе, сүрінбейді, өйткені ол бұл дүниенің жарығын көреді.Ал егер түнекте жүрсе, сүрінеді, себебі онда жарық жоқ, — деп астарлап жауап берді.
Мұнан кейін Иса сөзін жалғастырып:
— Досымыз Елазар ұйықтап жатыр. Мен барып, оны оятайын, — деді. Шәкірттері:
— Мырза, ұйықтағаны жақсы, сонда сауығады! — деді. Иса астарлап сөйлеп, Елазардың өлгенін айтқан еді, ал олар кәдімгі ұйқыны айтып тұр деп ойлап қалды. Сонда Иса жасырмай:
— Елазар өлді, — деді. — Бірақ Өзімнің сол жерде болып, оны сауықтырмағаныма сендер үшін қуанамын; осылай берік сенімге жетесіңдер. Енді Елазарға барайық!
Сыңарлас деп аталатын Тома басқа шәкірттерге: «Біз де барып, Онымен бірге өлейік», — деді.
Елазардың қайта тірілуі — Мәсіхтің құдіретінің белгісі
Иса Бетания ауылына жеткенде, Елазардың өліп, қабірге қойылғанына төрт күн болғанын естіді. Бетанияның Иерусалимнен қашықтығы үш-ақ шақырымдай болғандықтан, қаладан көптеген яһудилер Мәриям мен Мартаға көңіл айтуға келген екен. Исаның келе жатқанын естіген Марта алдынан шықты; Мәриям үйде отыра берді. Марта Исаға:
— Ием, Сіз осында болсаңыз, бауырым өлмес еді! Бірақ қазір де Құдайдан не сұрасаңыз да, оны Сізге беретінін білемін, — деді.
— Бауырың қайта тіріледі, — деп жауап берді Иса. Сонда Марта:
— Ақырғы күнгі қайта тірілуде оның да тірілетінін білемін, — деді. Ал Иса оған:
— Қайта тірілу мен шынайы өмір — Менмін. Маған сенетін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады. Осылай өмір сүріп, Маған сенген әрбір адам ешқашан да рухани өлмейді. Бұған сенесің бе? — деді. Марта:
— Иә, Ием, Сіздің пайғамбарлар дүниеге келеді деп алдын ала айтқан Мәсіх — Құдайдың рухани Ұлы екеніңізге сенемін, — деп жауап берді.
Осыны айтқан соң Марта барып, басқаларға білдірмей Мәриямға: «Ұстаз осында, сені шақырып жатыр», — деді. Мәриям мұны естісімен асығыс тұрып, Оған қарсы жүрді. Ал Иса әлі де ауылға кірмей, Мартаға кездескен жерінде болатын. Мәриямның қасында көңіл айтып отырған яһудилер оның асығыс тұрып, сыртқа шығып кеткенін көргенде соңынан ере шығып: «Қабірдің басына барып жоқтау айтатын шығар», — деп ойлады.
Мәриям Иса тұрған жерге келіп, аяғына жығыла:
— Ием, Сіз осында болсаңыз, бауырым өлмес еді! — деді. Мәриямның және оған ерген яһудилердің қайғырып жылағандарын көргенде, Иса іштей қатты қобалжып, қайғырып, толқып кетті.Олардан:
— Оны қай қабірге қойдыңдар? — деп сұрады.
— Иеміз, барып көріңіз, — деді олар. Иса көзіне жас алды. Яһудилер:
— Қараңдар, Ол Елазарды қалай жақсы көрген! — деді. Ал араларындағы кейбіреулері:
— Соқырдың көзін ашқан Ол оны да ажалдан арашалап алып қала алмас па еді? — деді.
Иса тағы да қатты қобалжып, қабірдің басына барды. Қабір — аузы (дөңгелек дәу) қақпақ таспен жабылған үңгір екен.Иса:
— Тасты алып тастаңдар! — деп бұйырды. Бірақ марқұмның әпкесі Марта:
— Ием, ол иістеніп барады, жатқанына төрт күн болды! — деп қарсылық білдірді.
— Егер Маған сенсең, Құдайдың құдіретті ұлылығын көресің деп саған айтпап па едім? — деді Иса.
Сонда олар қақпақ тасты үңгір аузынан домалатып алып тастады. Иса көзін көкке қадап:
— Әке, тілегімді қабыл алғаның үшін Саған ризамын! Тілегімді әрқашан қабыл алатыныңды білемін. Алайда айналамда тұрған жұрт Мені Өзіңнің жібергеніңе сенсін деп мұны айтып тұрмын, — деп мінажат етті. Осылай дегеннен кейін: — Елазар, шық! — деп қатты дауыспен бұйырды.
Сонда марқұм болған адам қабірден шықты! Оның аяқ-қолы кебінге оралып, бет-аузы да орамалмен байланған еді. Иса қасындағыларға:
— Кебінін шешіп жіберіңдер, жүре берсін! — деп тапсырды.
Conclusão
Os milagres de Jesus revelam sua autoridade sobre a natureza, as enfermidades, o mundo espiritual e até a morte. Eles não são apenas demonstrações de poder, mas sinais que apontam para sua identidade e missão.
Ao estudar esses milagres, é possível compreender melhor o papel de Jesus e a mensagem central do Evangelho.
Se este conteúdo ajudou você a entender os milagres de Jesus na Bíblia, compartilhe este artigo para que mais pessoas também conheçam esses ensinamentos.
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.