Agradecimento pela vida
Agradecer pela vida é reconhecer que cada respiração é dom de Deus. Toda criatura que tem fôlego louve ao Senhor — porque Ele nos formou e nos sustenta com amor.
Жаны барлар түгелдей мадақтасын Иемізді!
Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!
Құдіреті шексіз Құдайды ән-күймен мадақтау
Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!
Құдайымызды ән-жырмен мадақтау игі,
Бұл қандай ұнамды да жарасымды!
Иеміз Иерусалимді қайта салар,
Исраилдің айдалғандарын қайтарар,
Жаратқан жайлы білемін мына жайтты:
Бейшараның хұқығын Ол сақтайды,
Мұқтаждың мүддесін қолдап-қорғайды,
Иә, әділдер атыңды мадақтайды,
Адал жандар көз алдыңда жасайды.
Жүзім мен інжір ағаштарын құлатты,
Елдегі бар ағаштарды қиратты.
Иеміз айтқанда шегірткелер қаптады,
Сансыз көп шегіртке құрттары құжынады,
Арам нәрселерге еш көз салмаймын,
Опасыздардың істерін мүлдем ұнатпаймын,
Өзіме жабысуларына мүмкіндік бермеймін.
Азғын жүректіні қасымнан қуамын,
Зұлымдық атаулыдан аулақ боламын,
Шыдамды бол Жаратқанның алдында,
Шешімін күт сабырмен, еш асықпа!
Арам жоспарын іске асырған жанға,
Табысқа жеткен зұлымға ашуланба!
Ашу-ызаңнан қайт, бас қаһарыңды,
Сұмдыққа өршітпесін олар жаныңды.
Зұлымдық жасаушылар жойылып кетер,
Иемізге сенушілер елді иемденер.
Қиналған жанның Құдайдың қорғайтынына сенуі
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)
Өзіңді паналаймын, уа, Жаратқан,
Ұятқа қалдырмашы мені ешқашан,
Сен әділсің, мені алып қалшы аман.
Құлақ түріп маған, тез құтқара көрші,
Бас сауғалар құз бен қорғаным бола көрші.
Зұлым жаумен күрескен адамның мінажаты
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Ұлдың қазасы» әуенімен айтылатын Дәуіттің жыры.)
Уа, Жаратқан, шын жүректен Сені мадақтаймын,
Жасаған кереметтеріңнің бәрін жариялаймын.
Иеміз Иса Мәсіхтің атымен Құдай Әкеге қай нәрсе үшін де ұдайы шүкірлік етіңдер!
Құдайдың керемет құтқару жолы
Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі — Құдай мадақталсын! Ол бізді Мәсіх арқылы жарылқап, көктегі әр қилы рухани игіліктерді сыйлады.
Бізге берген баға жетпес сыйы үшін Құдайға лайым шүкірлік етейік!
Құдай Әкеге шүкірлік ете берсін деп мінажат етудеміз. Өйткені Ол бәрімізді Өзінің халқы иемденетін нұрлы Патшалығынан үлес алуға шақырып, лайықтады.
Мәсіхтің теңдесі жоқ ұлылығы
Құдай бізді қара түнектің билігінен құтқарып, сүйікті рухани Ұлы Иса Мәсіхтің Патшалығына енгізді. Оның құрбандық өлімі арқылы күнәларымыздың құны өтеліп, кешірімге ие болдық.
Көзге көрінбейтін Құдайдың қандай екенін рухани Ұлы көрсетеді. Ол — жаратылыс атаулының бәрінен жоғары.Өйткені көктегі әрі жердегі, көзге көрінетін және көрінбейтін нәрселердің бәрін Құдай Өзінің рухани Ұлы арқылы жаратты: тақтар мен үстемдік иелері, билеушілер мен әміршілер бәрі де Мәсіх арқылы және Мәсіх үшін жаратылған. Бүкіл әлем жаратылмай тұрғанда-ақ Ол бар болатын, бәрін аман сақтайтын да — Сол.
Тамақ ішіп, тойғаннан кейін, осы шұрайлы елді өздеріңе табыстағаны үшін Құдайларың Жаратқан Иені мадақтаңдар!
Уа, Жасаған Ие, Сен мүддемді қорғадың,
Құнын өтеп менің өмірімді құтқардың.
Су басып, теңіз тартып құшағына
Қорқытты, балдырлар оралып басыма.
Су асты, тау түбіне түсіп қалдым,
Сол жерге мәңгі қамалғандай болдым.
Бірақ Сен, Жаратқан Ие, Құдайым,
Жанымды тұңғиықтан алып қалдың.
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.