Pular para o conteúdo
Publicidade

Amigo

Por Bíblia Online

O amigo verdadeiro é dádiva rara de Deus. Ele ama em todo tempo, fala a verdade em amor, aconselha com sabedoria e permanece fiel nas adversidades da vida.

Amizade verdadeira

Há amigo mais chegado que um irmão. Em todo tempo ama o amigo. O perfume e o incenso alegram o coração — assim o conselho doce do amigo.

Бірін-бірі күйреткен доссымақтар бар,

Шынайы дос ағайыннан жақын болар.

Шынайы дос әрдайым жақсы көрер,

Қиыншылықта бауырыңдай көмектесер.

Жұпар мен иісмай жүректі қуантар,

Досың адал кеңесімен ұнамды болар.

Темір темірді қайрайды,

Адам адамды қайрайды.

Сүйіспеншілігін жасырып, жалтарғаннан гөрі

Ренжіткенге ашық ескерту жасаған игі.

Досыңның сөгуі шынайы,

Дұшпаныңның сүюі алдамшы.

Қол үзбе өз досыңнан,

Әкеңнің де досынан.

Басыңа сенің күн туғанда

Ағайынның үйіне қашып барма.

Іргедегі көршің артық қой

Алыстағы сол ағайыныңнан.

Данамен жолдас болған дана болар,

Наданмен жолдас болған пәлеге қалар.

Ызақормен дос болма,

Ашушаңмен байланыспа.

Әйтпесе өзің соған еліктейсің,

Тұзаққа түсіп, күйреп кетесің.

3

Адалдық пен даналық

Өз мейірімін көп адам мақтан тұтар,

Ал шынымен адал жанды кім табар?

Байлық «достарды» молайтар,

Кедей бар досынан да айырылар.

Jesus, o amigo

Já não vos chamo servos, mas amigos. O maior amor é dar a vida pelo amigo. Jesus é o amigo que nunca falha.

Адамның достарына көрсететін ең зор сүйіспеншілігі — олар үшін өмірін құрбан етуі.Егер Менің тапсырғандарымды орындасаңдар, Маған доссыңдар. Сендерді бұдан былай құл демеймін, құл иесінің не істеп жүргенін білмейді. Қайта, сендерді достарым деп атадым, өйткені Әкемнен естігендерімнің бәрін сендерге білдірдім.

Сендерге айтатын өсиетім мынау: бір-біріңді Менің өздеріңді сүйгенімдей сүйіңдер! Адамның достарына көрсететін ең зор сүйіспеншілігі — олар үшін өмірін құрбан етуі.

Сүйікті бауырларым, Құдай бізді осылайша сүйгендіктен, біз де бір-бірімізді сүюіміз керек. Ешкім еш уақытта Құдайды көзімен көрген емес; алайда бір-бірімізді сүйсек, онда Құдай жан дүниемізден орын алып, Оның сүйіспеншілігі бойымызда әбден толысып, мақсатына жеткені.

Иса Мәсіхтің өз өмірін біз үшін қиғандығы арқылы нағыз сүйіспеншіліктің не екеніне көзіміз жетті. Біз де бауырларымыз үшін жанымызды қиюға даяр болуымыз керек. Ал егер осы дүниелік мал-мүлкі бар біреу басына қиыншылық түскен бауырына тасжүректік танытса, оның бойында Құдайдың сүйіспеншілігі бар ма?! Балаларым менің, сөз жүзінде емес, іс жүзінде шынайы сүйіспеншілік білдірейік!

Сонда Киелі жазбадағы мына сөздер жүзеге асты: «Ыбырайым Құдайға сенді, сондықтан Оның алдында ақталды». Содан Ыбырайым тіпті «Құдайдың досы» деген атаққа да ие болды.

Бір-біріңді бауырлардай сүйіп, өз бастарыңнан артық сыйлаңдар.

Companheiros de fé

Dois são melhores do que um. Os companheiros de fé se fortalecem mutuamente e caminham juntos com o Senhor.

«Біреу болғаннан екеу болған жақсы». Себебі бірігіп жұмыс істессе, содан көретін пайдалары игі болады.

Біреуі құласа, жолдасы сүйеп, тұрғызады. Алайда құлағанда сүйеніш болатын ешкімі жоққа қандай қиын!

Жаратқан Иені үздіксіз мадақтаңдар!

(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)

«Уа, Жаратқанның бар қызметшілері,

Иемізді дәріптей беріңдер!

Сендер Құдайдың киелі үйінде

Түн кезінде қызмет көрсетесіңдер:

Киелі орнына қарай қол жайып

Иемізді мадақтай беріңдер!»

«Көк пен жерді жаратқан Тәңір Иеміз саған

Лайым төксін батасын Сиондағы орнынан!»

Дәуітті сондай жақсы көріп қалған Жонатан онымен серттесіп дос болып,

Мұндайды айтқандарға алданып қалмаңдар! (Былай делінген ғой:)

«Араммен араласып жүрген жан

Айырылар адал салтынан».

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.