Pular para o conteúdo
Publicidade

Amor próprio

Por Bíblia Online

O amor próprio saudável reconhece o valor que Deus nos deu. Fomos criados à imagem de Deus, maravilhosamente formados. Aceitar-se é honrar o Criador.

Иә, әділдер атыңды мадақтайды,

Адал жандар көз алдыңда жасайды.

Балалардың, кішкене бөбектердің

Аузымен Өзіңді дәріптетесің.

Дұшпандарыңа бола солай істейсің,

Қас жауыңды, кекшілді үндетпейсің.

Сенің қолыңнан шыққан аспаныңа,

Өзің орнатқан ай мен жұлдыздарға

Назар аударған әрбір уақытымда

Мынадай сұрақтар туады ойымда:

Өзің ескеретіндей адам сонша кім,

Сен қамқорлайтындай адам баласы кім?

Жер, дірілде Жаратқанның алдында,

Жақып сиынған Құдайдың алдында.

Құдай жартасты айналдырды көлге,

Дәу шақпақ тасты атқылаған су көзіне.

Бірақ Жаратқан Ие оған былай деді: «Сен оның бет-жүзіне, бойшаңдығына қарамай-ақ қой. Оны мақұл көрмеймін. Себебі Құдай пенденің көзімен қарамайды ғой.

Пенде назарын адамның бет-жүзіне аударады,

Ал Жаратқан Ие оның жүрегіне көз салады».

Ал сендер өздеріңді қара түнектен тамаша нұрына шақырған Құдайдың қасиеттілігі мен ұлы істерін мадақтап жариялауға таңдалған нәсілсіңдер. Патшаның діни қызметкерлері, Оған бағышталған қасиетті ұлт — Құдайдың меншікті халқы болдыңдар!

Бес торғай екі теңгеге сатылмай ма? Дегенмен олардың біреуін де Құдай ұмытпайды. Тіпті бастарыңдағы шаштарыңның саны да Оған белгілі! Сондықтан адамдардан қорықпаңдар: Құдай үшін сендер көптеген торғайлардан да әлдеқайда қымбатсыңдар!

Киелі Рух қауымға беретін дарындар

Иеміз маған берген рақымға сүйене отырып, әрбіреуіңе айтамын: өздерің туралы тиістісінен артық ойламаңдар! Қайта, Құдайдан сенім арқылы әрқайсыңның үлестеріңе қандай рухани дарындар тигенін ойлай отырып, өздеріңді саналы түрде бағалаңдар.

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.