Pular para o conteúdo
Publicidade

Aniversário de idoso

Por Bíblia Online

O aniversário de um idoso é celebração de uma vida longa e cheia de experiências com Deus. A Bíblia honra os cabelos brancos como coroa de glória e prova da fidelidade divina.

Рақымды Құдайдан жауға қарсы жар болуын сұрау

(Дәуіттің әні әрі жыры.)

Ережелеріңнен рақат табамын,

Олар маған ақыл береді әрдайым.

Құдайдан арамза жаулардан қорғауын өтіну

(Дәуіттің жыры.)

Менімен ерегісіп келгендермен

Сен Өзің ерегісе гөр, уа, Ием.

Маған қарсы күресіп келгендермен

Сен Өзің күресе гөр, уа, Ием.

Жаратқанның даусы от-жалын шашады,

«Кім бізге жақсылық жасар?» деп сұрап,

Күдік келтіреді көптеген кісілер.

Уа, Жаратқан, жылы шыраймен қарап,

Бет-жүзіңнің нұрын бізге төге гөр.

Соңымнан қуып олар қоршап алады,

Жерге ұрып-соғу үшін қарайды қырағы,

Соларға жасаған қылмыстарына сай,

Істеген зұлым істеріне қарай

Тиісті жазаларын тартқыза гөр,

Лайықты қарымтасын қайтара гөр.

Сен аяғыңды тасқа соғып алмауың үшін

Қолдарына көтеріп сені алып жүреді.

Ағарған шаш — салтанатты тәж,

Ақ жолмен жүрген соған қол жеткізер.

Жастардың мақтанары — күш-қуаты,

Қарттардың қадірі — ағарған шашы.

Ал сенім артқандар Жаратқан Иеге

Жаңа күш-қуатты иемденеді де,

Қырандай қанаттарын жайып кеңістікке

Самғай жөнеледі, алайда талмайды,

Жүре береді, бірақ еш болдырмайды.

Ал енді, Мұсаның осыны айтқанынан бері қырық бес жыл өтті. Алайда біздер — Исраил халқы айдаланы кезіп жүрген осы уақыт бойы Жаратқан Ие Өзінің уәдесі бойынша мені аман-есен сақтап келді. Міне, жасым сексен беске келсе де, алдыңызда тұрмын. Мұса мені елді барлауға жіберген кездегідей қазір де мықтымын. Сол кездегідей қазір де шайқасқа шығып, соғысуға әлім жетеді.

Жаратқан Ие сені жарылқап аман сақтай көрсін,

Жаратқан Ие саған бетінің нұрын төгіп рақымды бола көрсін,

Жаратқан Ие саған бет-жүзін бұрып тыныштық сыйлай көрсін!

Сүйікті бауырым! Сенің рухани өміріңнің сау болғанындай, саған барлық жағынан да Құдайдан игілік пен денсаулық тілеймін.

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.