Pular para o conteúdo
Publicidade

Arrependimento

Por Bíblia Online

O arrependimento é a porta da graça. A Bíblia declara que Deus não deseja a morte do ímpio, mas que se converta e viva. Arrependei-vos, pois o Reino dos Céus está próximo.

Chamado ao arrependimento

Arrependei-vos, porque o Reino dos Céus está próximo. Quem se arrepende e confessa encontra restauração e perdão.

Сол уақыттан бастап Иса: «Теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсіңдер! Себебі Құдай Патшалығының жер бетіне орнайтын кезі таяп қалды!» деп уағыздап жүрді.

Егер шынымен теріс жолдарыңнан қайтып, Құдай жолына түссеңдер, соған лайықты іс істеңдер!

Сендер Жаратқан Иенің: «Мен құрбандық шалғандарыңнан гөрі берік мейірімділік көрсеткендеріңді қалаймын» деген сөзінің мағынасын ұғынып алыңдар! Мен «әділдерді» емес, күнәкарларды (теріс жолдан қайтуға) шақыру үшін келдім.

«Енді уақыт жетіп, Құдайдың Патшалығының жер бетіне орнайтын кезі таяп қалды! Теріс жолдан қайтып, Құдайдың жолына түсіп, Ізгі хабарға сеніңдер!»

Жоқ, деймін сендерге, олай емес. Егер сендер теріс жолдарыңнан қайтып, Құдайдың жолына түспесеңдер, бәрің де осылай құрисыңдар!

Мен «әділдерді» емес, күнәкарларды теріс жолдан қайтуға шақыру үшін келдім.

Петір оларға былай деп жауап берді:

— Әрқайсың күнәларыңның кешірілуі үшін теріс жолдан қайтып, Иса Мәсіхтің атымен шомылдыру рәсімінен өтіңдер! Сонда сендер Құдайдың сыйын — Оның Киелі Рухын қабылдайсыңдар.

Сондықтан теріс жолдан қайтыңдар! Сонда Құдай Ие күнәларыңды кешіріп,

Өткен дәуірлерде Құдай мұндай ұғымсыздыққа сабырлылық көрсетті, алайда қазір Ол барлық жердегі адамдардың бәріне де теріс жолдан қайтуды бұйырады.

A graça do arrependimento

Os que eu amo, eu repreendo e disciplino. Arrepende-te! Deus não quer que nenhum se perca — mas que todos cheguem ao arrependimento.

Мен сүйетіндерімді әшкерелеп, тәртіпке шақырамын. Енді ынталы болып, өкініп, теріс жолдан қайт!

Кейбіреулер «Ол кешігіп, келмей қалды» деп санағанмен, Иеміз уәдесін орындауын кешіктірмейді! Керісінше, Ол бізге төзімділік танытуда: ешкімнің де тозаққа түсуін емес, барлық адамдардың теріс жолдан қайтып, күнәларына өкініп, солардан арылуын қалайды!

Өйткені Мен ешкімнің де өлімін қаламаймын. Сондықтан өкініп, теріс жолдарыңнан қайтып, өмір сүре беріңдер! Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыларды нық айтамын.

сонда Менің атыммен аталып жүрген халқым Маған бой ұсына сиынып, еркімді білгісі келсе және теріс жолдарынан қайтса, онда Мен оларға көктен құлақ саламын. Мен күнәларын кешіріп, олар тұрған елді сауықтырып, қайтадан амандық пен тыныштық сыйлаймын.

Құтқарылу мейрамын зор салтанатпен тойлау

Кейінірек Езекия бүкіл Исраил мен Яһуда еліне хабар жіберіп, бәрін Исраилдің Құдай Иесінің өсиет еткен Құтқарылу мейрамын өткізу үшін Жаратқан Иенің Иерусалимдегі киелі үйіне шақырды. Патша Солтүстік Исраилдің Ефрем, Манаса руларына да шақыру хаттарын жолдады.Патша, оның уәзірлері және Иерусалимнің бүкіл мәжілісі мейрамды екінші айда өткізу жайлы ақылдасты. Себебі діни қызметкерлердің тазару рәсімінен өткендерінің саны жеткіліксіз болды, оның үстіне халық та Иерусалимге жиналып үлгермеген еді. Бұл ұсынысты патша мен бүкіл жамағат құптады.

Сонымен олар Исраилдің оңтүстіктегі Бер-Шеба мен солтүстіктегі Данның арасындағы бүкіл халқын Исраилдің Құдай Иесінің құрметіне Құтқарылу мейрамын өткізу үшін Иерусалимге шақыру керек деп шешті. Бұған дейін халықтың көпшілігі мейрамды атап өтпейтін. Патшаның бұйрығы бойынша жаршылар бүкіл Исраил мен Яһуданы аралап, патша мен оның әміршілерінің мына сөздерін халыққа таратты:

«Уа, Исраил халқы, Ыбырайым, Ысқақ, Исраилдың сиынған Құдайы Жаратқан Иеге қайтадан бет бұрыңдар! Сонда Ол Ассур патшасының шеңгелінен аман қалған сендерге де қайтадан бетін бұрмақ. Әкелерің мен ағайындарыңа ұқсамаңдар! Олар ата-бабаларының сиынған Құдайы Жаратқан Иеге опасыздық жасай берді. Сондықтан Ол соларды жазалап, қорқынышты көрініске айналдырды. Оны өздерің-ақ көріп тұрсыңдар. Енді олар сияқты қиқарлыққа салынбаңдар! Жаратқан Иеге мойынсұныңдар! Оның мәңгілікке Өзіне бағыштаған киелі үйіне келіп, Оған қызмет етіңдер! Сонда Ол сендерге деген қаһарынан қайтпақ. Егер сендер Жаратқан Иеге қайтадан бет бұрсаңдар, ағайындарың мен балаларыңды құл қылып ұстап отырғандар оларға мейірімділік көрсетіп, туған елдеріне қайтаратын болады. Сендердің Құдайларың Жаратқан Ие рақымды да мейірімді! Егер Оған қайта бет бұрсаңдар, Ол сендерден ешқашан бас тартпайды».

Жаршылар Ефрем мен Манаса руларының барлық қалаларын аралап шығып, тіпті Забулонға дейін барды. Бірақ кездескен халық оларды күлкі етіп, келекеледі. Дегенмен Ашир, Манаса, Забулон руларының кейбір адамдары Жаратқан Иеге мойынсұнып, Иерусалимге беттеді. Құдай Яһуда халқына да игі әсерін тигізіп, бәрінің жүректерін бір шешімге келтірді. Олар патша мен әміршілердің Жаратқан Иенің сөзіне сай берген бұйрығын жүзеге асыруға жаппай жұмылды.

Сонымен екінші айда Иерусалимде өте көп адам жиналып, Ашымаған нан мейрамын өткізуге үлкен жамағат дайын тұрды. Олар алдымен Иерусалимдегі жалған тәңірлерге бағышталып шалынған құрбандықтар өртелетін және хош иісті заттар түтетілетін үстелдерді қиратып, қала сыртындағы Қидрон сайына апарып, лақтырып тастады.

Екінші айдың он төртінші күні олар Құтқарылу мейрамына арналған тоқтыларды сойды. Өткен жолы даяр болмағандарына ұялған діни қызметкерлер мен леуіліктер тазару рәсімінен өтіп, Жаратқан Иеге бағышталып, дайын тұрды. Олар Оның киелі үйіне арнайы шалынып, өртелетін құрбандықтарды алып келді. Кейін олар Құдайдың пайғамбары Мұса табыстаған Таурат заңы бойынша белгілі орындарында тұрды. Діни қызметкерлер леуіліктерден құрбандықтардың қанын қабылдап, құрбандық үстеліне бүркіп септі.

Халықтың арасында әлі де тазарып, дайындалмағандар көп болды. Жаратқан Ие олардың да құрбандықтарын қабылдай көрсін деп леуіліктер солар үшін Құтқарылу мейрамына арналған тоқтыларды шалды. Оның үстіне бірталай адам, көбі Ефрем, Манаса, Исашар, Забулон руларынан келгендер, тазару рәсімінен өтпестен Құтқарылу мейрамының асына қатысып, ережеге қайшы нәрсе жасады. Сонда Езекия олар үшін былай деп мінажат етті: «Уа, мейірімі мол Жаратқан Ие! Бұл адамдар осы киелі орынға сай тазару рәсімінен өтпесе де, ата-бабалары сиынған Құдай Иеге шын жүрегімен бағынғысы келген олардың әрқайсысын кешіре гөр!»

Жаратқан Ие Езекияның өтінішіне құлақ асып, халықты кешіріп, аман-сау қалдырды.

Иерусалимде жиналған исраилдіктер жеті күн бойы үлкен қуанышпен Ашымаған нан мейрамын тойлады. Күн сайын леуіліктер мен діни қызметкерлер Жаратқан Иеге бағышталған саз аспаптарының сүйемелдеуімен Оны дауыстап мадақтап отырды. Езекия леуіліктерді Жаратқан Иеге зердемен қызмет еткендері үшін мақтап, жігерлендірді. Халық жеті күн бойы мейрамның тамағын жеп, ризашылық құрбандықтарын ұсынып, ата-бабаларының сиынған Құдайы Жаратқан Иені мадақтап дәріптеді.

Жамағат мейрамды тағы жеті күнге созуға келісіп, оларды да шаттана мерекелеумен өткізді. Яһуда патшасы Езекия жиналған халық үшін құрбандыққа шалуға мың өгіз бен жеті мың қой, ал әміршілер тағы да мың бұқа мен он мың қой-ешкі берген болатын. Бұл жолы діни қызметкерлер көптеп тазару рәсімінен өтіп қойған еді. Осылай Яһуда халқының бүкіл қауымы, діни қызметкерлер мен леуіліктер, Солтүстік Исраилден мейрамға келгендердің қауымы және Солтүстік Исраил мен Яһудада тұрып жатқан жат жұрттықтардың арасынан келгендердің барлығы да қатты қуанды. Исраил патшасы Дәуіт ұлы Сүлейменнің заманынан бері Иерусалимде мұндай мереке болып көрмегендіктен, қалада жиналғандардың қуаныштары зор болды.

Соңында Леуіден тараған діни қызметкерлер орындарынан тұрып, халыққа бата берді. Олардың дауыстарына Құдай құлақ асып, мінажаттары Оның көктегі киелі тұрағына жетіп жатты.

Қайғыларыңды білдіру үшін тек киімдеріңнің өңірін жыртып қана қоймаңдар, істегендеріңе шын жүректен өкініңдер! Құдайларың Жаратқан Иеге қайтып келіңдер! Өйткені Ол рақымды да қайырымды, тез қаһарланбайды, берік мейірімі мол, әрі жазалаймын деген райынан қайтуға дайын.

Жаратқан Иенің Исраилді Өзіне қайтуға шақыруы

Дарийдің (парсы патшалығына билік жүргізген) екінші жылының сегізінші айында Жаратқан Ие Барақияхтың ұлы, Иддоның немересі Зәкәрия пайғамбарға сөзін арнап былай деді:

— Мен, Жаратқан Ие, сендердің ата-бабаларыңа қатты ашуланған едім. Сондықтан халыққа былай де: Әлемнің Иесі мынаны айтады: Кері бұрылып, Маған қайтып келіңдер! Сонда Мен де сендерге қайтып келемін, — деп уәде етеді Әлемнің Иесі. — Ата-бабаларың сияқты болмаңдар! Ежелгі пайғамбарлар оларға былай деп дауыстап ескертетін: «Әлемнің Иесі мынаны айтады: Зұлым жолдарыңнан қайтып, сұмдық істеріңді тастаңдар!» Алайда ата-бабаларың Маған құлақ салып, тыңдаудан бас тартты, — деп сақтандырады Жаратқан Ие. — Сол ата-бабаларың қазір қайда екен? Ежелгі пайғамбарлар да мәңгі өмір сүрген жоқ. Алайда Менің Өзіме қызмет етіп жүрген пайғамбарларым арқылы жеткізген сөздерім мен шешімдерім ата-бабаларыңның бастарына түсті ғой! Сонда олар теріс жолдарынан қайтып: «Әлемнің Иесі бізге жүрген жолдарымыз бен істеген істерімізге сай істеді. Ол қалай ниеттеніп, алдын ала айтқан болса, солай істеді», — деп мойындады.

Бірінші көрініс: жасыл бұталардың арасындағы салт атты

Персияға Дарий патшалық құрған екінші жылының он бірінші, яғни шебат, айының жиырма төртінші күні Жаратқан Ие Барақияхтың ұлы, Иддоның немересі Зәкәрия пайғамбарға тағы да сөзін арнады. (Бұл туралы Зәкәрия былай деп баяндады:) Түнде мен жирен атқа мінген бір адамды көрдім. Ол аңғардағы жасыл бұталардың арасында тұр екен. Оның артында жирен, торы және ақбоз аттарға мінгендер болды. Сонда мен:

— Мырзам, бұл не екен? — деп сұрадым. Менімен сөйлесіп тұрған періште маған:

— Оның не екенін саған көрсетемін, — деді. Сонда жасыл бұталардың арасында тұрған салт атты:

— Бұлар Жаратқан Иенің жер бетін шолып келуге жіберген шолғыншылары, — деп жауап берді.

Салт аттылар Жаратқан Иенің жасыл бұталардың арасында тұрған періштесіне: «Біз күллі жер бетін шолып шықтық. Бүкіл жер беті тыныш та бейқам тұрып жатыр», — деп баяндады.

Осыдан кейін Жаратқан Иенің періштесі: «Уа, Әлемнің Иесі, осы өткен жетпіс жыл бойы Сен Иерусалимге және Яһуда елінің басқа қалаларына қаһарланып келдің. Қашанға дейін оларға рақымыңды көрсетуден бас тартпақсың?» — деп өтінді.

Сонда Жаратқан Ие менімен сөйлесіп тұрған періштеге мейірімді де жұбанышты сөздермен жауап қатты. Әлгі періште маған бұрылып, былай деді:

— Сен мына хабарды жарияла: Әлемнің Иесі мынаны айтады: «Мен Иерусалим қаласын және Сион тауын зор ынтызарлықпен сүйемін. Ал бейқам тұрып жатқан сол елдерге қатты ашулымын. Себебі Мен халқыма едәуір ашуланған кезде олар оған тым көп зорлық-зомбылық жасады. — Сондықтан Жаратқан Ие мынаны айтады: — Мен Иерусалимге мейірімімді төгу үшін қайтып келе жатырмын. Осы қалада Менің киелі үйім қайтадан салынып, құрылысшылар өлшеуіш жіптерін тартатын болады». — Әлемнің Иесі осыны уәде етеді.

Тағы былай деп те жарияла: Әлемнің Иесі мынаны айтады: «Менің қалаларым қайтадан ағыл-тегіл дәулетке кенеледі. Мен, Жаратқан Ие, тағы да Сионды жұбатып, Иерусалимді Өзімнің қалам деп таңдап аламын».

Екінші көрініс: төрт мүйіз бен төрт ұста

Мұнан кейін мен жоғары қарағанда, көз алдымда тұрған төрт мүйізді көрдім. Өзіммен сөйлескен періштеден:

— Мыналар не? — деп сұрадым. Ол маған:

— Бұл мүйіздер Яһуданы, Солтүстік Исраилді және Иерусалимді бытыратып жіберген күшті елдерді білдіреді, — деп түсіндірді.

Содан соң Жаратқан Ие маған төрт ұстаны көрсетті. Мен:

— Мына ұсталар не істейін деп жатыр? — деп сұрадым. Періште былай деп жауап берді:

— Әлгі мүйіз іспетті күшті елдер Яһуда халқын ешкім бас көтере алмайтындай етіп бытыратып жіберген еді. Бірақ мына ұсталар сол елдерді қорқытып, жерге құлатып құрту үшін келді.

Күнәларын жасырған жан өркендемейді,

Оларын мойындап, бас тартқан рақым көреді.

Кәне, менің тәрбиеме құлақ түріңдер!

Сонда сендерге рухымды молынан төгемін,

Айтатын сөздерімді түгел білдіремін.

Confissão e restauração

Se confessarmos, Ele é fiel e justo. Há alegria no céu por um pecador que se arrepende — o arrependimento abre o caminho da vida.

Егер де күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады.

Сендерге шын айтамын: сол сияқты, «Маған теріс жолдан қайтудың қажеті жоқ» дейтін тоқсан тоғыз «әділ» кісіден гөрі, теріс жолдан қайтқан бір күнәкарға көктегілер көбірек қуанады!

Сендерге шын айтамын: Құдайдың періштелері теріс жолдан қайтқан бір күнәкар үшін де дәл солай қуанады!

Құдайға жақындаңдар, сонда Ол да сендерге жақындайды. Ей, күнәкарлар, қолдарыңды жамандық атаулыдан жуып тазартыңдар! Ей, екіойлы табансыздар, жүректеріңді орнықтырыңдар!

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.