Beleza
A verdadeira beleza vem de dentro. A Bíblia ensina que o encanto é enganoso e a formosura é vã, mas a mulher que teme ao Senhor — essa sim merece louvor.
Әсемдік өткінші, алдамшы сұлулық та,
Тәңір Иені қастерлейтін әйел лайық мадаққа.
Сендердің көріктерің сыртқы әшекейлерге: шашты ерекшелеп жинау, алтын әшекей бұйымдар тағып, көз тартарлық әдемі киімдер киюге тәуелді болмасын. Қайта, көріктерің жүректеріңдегі көзге көрінбес ізгі қасиеттеріңнен тұрсын; мейірімді де сабырлы жан дүниелеріңнің мәңгі солмайтын көркі Құдай алдында аса бағалы.
Бірақ Жаратқан Ие оған былай деді: «Сен оның бет-жүзіне, бойшаңдығына қарамай-ақ қой. Оны мақұл көрмеймін. Себебі Құдай пенденің көзімен қарамайды ғой.
Пенде назарын адамның бет-жүзіне аударады,
Ал Жаратқан Ие оның жүрегіне көз салады».
Сол сияқты, әйелдер әдеппен әрленіп-сәнденсін: шаштарын тым баптай бермей, алтын, інжу-маржан және қымбат киімге үйір болмай, киімдері қарапайым да сыпайы болсын. Оларды істеген игі істері көркейтсін. Бұл Құдайға ұнамды болуға ұмтылған әйелдерге лайық.
Жаратқан жайлы білемін мына жайтты:
Бейшараның хұқығын Ол сақтайды,
Мұқтаждың мүддесін қолдап-қорғайды,
Иә, әділдер атыңды мадақтайды,
Адал жандар көз алдыңда жасайды.
Қымбаттым, сен тұтастай әдемісің,
Жоқ тұла бойыңда ешқандай мінің!
Осылайша Құдай адамды (рухани жағынан) Өзіне ұқсас әрі бейнелес етіп, бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты.
Құдай бізді Иса Мәсіхпен тығыз байланыста болып, игі істер жасау үшін ерекше қылып жаратты. Соларды орындауымыз үшін Құдай бізге алдын ала жағдай туғызды да.
Құдайдың өз халқын еліне қайтарып әкелдіруі
«Орныңнан тұр, уа, Иерусалим, сәулеңді шаш! Сен нұрға бөленіп, Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты үстіңнен көтеріліп келе жатыр.
Шөптер сарғайып қурап, гүлдер солады, ал Құдайымыздың сөзі мәңгі қалады.
Уақытша азаптар және мәңгілік ұлылық
Сондықтан да еш мойымаймыз. Тәніміз тозып әлсірегенмен, жан дүниеміз күн сайын жаңара түсуде.
Сондықтан сендерге мынаны айтамын: не ішіп-жейміз деп өмірлеріңді, не киеміз деп тәндеріңді уайымдамаңдар! Өмір тамақтан, тән киімнен артық қой!
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.