Pular para o conteúdo
Publicidade

Bem

Por Bíblia Online

Fazer o bem é mandamento de Deus e expressão prática do amor cristão. A Bíblia convida a praticar o bem a todos, com alegria, sem se cansar — porque colheremos no tempo próprio.

Олар үшін дос-жарандай қамықтым,

Анамды жоқтағандай бас иіп қайғырдым.

Өзің атқан жебелерің денеме кірді,

Қолың зілдей басты менің үстімді.

Қол жуып адалдығымды білдіремін,

Құрбандық үстеліңді айналып жүремін,

Уа, Ием, мадақтап Сені әндетемін,

Керемет істеріңді паш етемін.

Осылай әділ, тура, ақ дегеннің мәнін ұғарсың,

Ізгі жолдың қайсы екенін таба аларсың.

Адамның ұнамдылығы — берік мейірімі,

Өтірікшіден гөрі жарлы болғаны игі.

Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік, ілтипаттылық, ұстамдылық. Ешбір заң бұларға қарсы тұрмайды.

Сондықтан мүмкіндік барда барлық адамдарға, әсіресе сенімі бір бауырластарымызға, жақсылық істей берейік!

Ауыздарыңнан жаман сөз емес, жақсы сөз ғана шығып, тыңдап тұрғандардың сенімдерін жетілдіріп, игілік сепсін.

Қайта, бір-біріңе мейірімді де жанашыр болыңдар; Мәсіхтің арқасында өздеріңді Құдай кешіргендей, сендер де өзара кешірімді болыңдар!

Киелі Рухтың күш-қуатына кенелген қауымның өмірі

Сүйіспеншіліктерің адал болуы керек. Жамандықты жек көріп, жақсылықты берік ұстаныңдар.

Осылайша жамандықтан жеңілмей, оны жақсылықпен жеңіп шық!

Сенушінің еркіндігі, әрі бауырының мүддесін ойлауы

«Бәрін істеуге болады», — дейсіңдер. Бірақ бәрі бірдей тиімді емес. «Бәрін істеуге болады». — Бірақ бәрі бірдей сенімдеріңді жетілдірмейді.

Мұндайды айтқандарға алданып қалмаңдар! (Былай делінген ғой:)

«Араммен араласып жүрген жан

Айырылар адал салтынан».

Ал сендерді бүкіл игілікке молынан кенелтуге Құдайдың құдіреті жетеді! Сонда әрдайым, қандай жағдайда да қажеттеріңнің бәрімен қамтамасыз етіліп, әр қилы игі істерді молынан жасай аласыңдар.

Сол сияқты, әйелдер әдеппен әрленіп-сәнденсін: шаштарын тым баптай бермей, алтын, інжу-маржан және қымбат киімге үйір болмай, киімдері қарапайым да сыпайы болсын. Оларды істеген игі істері көркейтсін. Бұл Құдайға ұнамды болуға ұмтылған әйелдерге лайық.

Ол бізді бүкіл жамандық атаулыдан азат етіп, тазартып, Өзінің меншікті, игі істерге ынталы халқы ету үшін жанын қиып, құрбан болды.

Сол себептен де мына қасиеттерге кенелуге бар ынталарыңмен ұмтылыңдар: сенімдеріңде ізгілік көрсетіңдер, ал ізгілік көрсеткенде саналылық та танытыңдар,саналылықтарыңда ұстамдылық та молынан болсын! Ал ұстамдылықтарыңда төзімділік, төзімділіктеріңде Тәңір Иеге бағышталғандық,Тәңір Иеге бағышталғандықтарыңда бауырластарыңа деген ізгі ниеттілік, ал ізгі ниеттіліктеріңде шынайы сүйіспеншілік танытыңдар!

Егер жақсылық жасауға ынталы болсаңдар, кім сендерге нұқсан келтірмек?

Ізгі жолды сұрастырып біліңдер!

Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Жол торабына барып, айналаны байқап қараңдар, ежелгі жолдардың қайда екенін сұрап алыңдар! Ізгі жолдың қайда екенін сұрастырып біліп алып, онымен жүріңдер! Сонда жандарыңа тыныштық табасыңдар. Бірақ сендер: «Жоқ, онымен жүрмейміз!» деп бас тарттыңдар.

Жаратқан Ие ізгі, басыңа қиындық түскен кезде Ол паналайтын қорғаның болады. Өзіне сенім артқандарды Ол жақыннан танып біледі.

Ешкім шам жағып, оны ыдыспен бүркеп қоймайды. Қайта, оны шам қойғышқа қояды, сонда оның жарығы үйдегілердің бәріне түседі. Сол сияқты, сендердегі «нұр» адамдарға сәулесін төксін. Осылайша олар игі істеріңді көріп, көктегі Әкелеріңді мадақтап дәріптесін.

Сонымен көктегі Әкелерің қандай қайырымды болса, сендер де сондай қайырымды болыңдар!

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.