O que é bom
O que é bom vem de Deus. A Bíblia celebra a bondade divina e nos convida a discernir, praticar e desfrutar tudo o que é bom — porque toda boa dádiva vem do Pai das luzes.
Құдай Өзінің жаратқандарының бәріне қарап, өте жақсы екенін көрді. Тағы да кеш түсіп, таң атты; бұл алтыншы күн еді.
Сен тұратын қасиетті үйіңді,
Ұлылығың мекендейтін орынды
Сондай сүйемін, уа, Жаратқан Ие.
Ұлы Патшаның мәңгілік билігі
Жаратқан Ие — Патша, Ол билік жүргізуде,
Ұлылыққа бөленіп, кенелген құдіретке.
Орнынан қозғалмастай берік орнатылған әлем,
Сенің құрметті «тағың» ежелден бекітілген,
Уа, Ием, мәңгі бақи бар болып келесің Сен.
О, Жаратқан Ие, өзендер тасып күркірейді,
Теңіз де толқындарын тұрғызып дүркірейді,
Өзгені құпия жамандайтынды жоямын,
Паң көзді, өркөкірекке төзе алмаймын.
Жаратқан Иені үздіксіз мадақтаңдар!
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)
«Уа, Жаратқанның бар қызметшілері,
Иемізді дәріптей беріңдер!
Сендер Құдайдың киелі үйінде
Түн кезінде қызмет көрсетесіңдер:
Өйткені мен сендерге игі тәлім беремін,
Бас тартып кетпеңдер үйреткен өсиетімнен!
Дәл айтылған жауап адамды қуантар,
Уақтылы айтылған сөз бір ғанибет болар.
Балам менің, бал же, бойыңа ол нәрлі,
Балауыз ұясынан тамғанын же, таңдайыңа ол тәтті,
Дәл солай даналық та жаныңа игілікті:
Оны тапсаң жарқын болар келешегің,
Әрі еш үзілмес үмітің сенің.
27
«Даналық мұрадай игілікті, жарық дүниеде жүрген жанға сондай пайдалы.
Иеміз ізгі Өзіне үміт артқанға,
Шындап Оған бет бұрып сиынатын жанға!
Жаратқанның оны құтқарып азат етуін
Сабыр сақтап күткені игі адам үшін.
— Уа, адам, Жаратқан Ие саған ненің игілікті екенін білдірген еді. Ол сенен нені талап етеді? Әділ істер істеп, мейірімділікті ұнатуыңды, әрі сиынатын Құдайыңмен тығыз байланыста болып кішіпейіл жүруіңді талап етеді емес пе?!
Ендеше Таурат заңы қасиетті, өсиет те қасиетті, әділ және игі.
Бұл күнәкар дүниенің өмір сүру салтын үлгі етпеңдер, қайта, ой-тілектерің Құдайдың жаңартуымен түбегейлі өзгерсін! Осылай сендер Оның еркін — ненің игілікті, ұнамды және кемелді екенін ажырата білетін боласыңдар.
Істеріңе бола жұрттың Ізгі хабарды ғайбаттауына жол бермеңдер!
Қауымның Құдайға сиынуы
Ал енді, ең алдымен мынаны ескертемін: барлық адамдар үшін Құдайға сиынып, өтініштерің мен алғыстарыңды білдіріңдер. Патшалар мен басқа да барлық әкімшілік иелері үшін де мінажат ету керек; соның нәтижесінде біз барлық жағдайда Құдайға ұнамды да адал болып, тыныш та бейбіт өмір сүрмекпіз. Бұл игілікті әрі Құтқарушымыз Құдайға ұнамды.
Құдай жаратқандардың бәрі де адал; шүкірлік етіп қабылданған тамақтарға тыйым салуға болмайды.Олар Құдайдың сөзін оқып, Оған сиынуымыз арқылы Оған бағышталып адал болады.
көктегі Әкеміз берген қай нәрсе де игі. Нұр шашқан аспан денелерін жаратқан Ол бізге Өзінің мүлтіксіз жарылқауын жаудырады. Аспан денелерінің көлеңкелері қозғала бергенмен, Құдайда ешқандай тұрақсыздық жоқ.
(Тағамды бұзылудан сақтау үшін) тұз пайдалы. Ал егер тұз өз күшінен айырылған болса, онысын қалай қалпына келтіруге болады? Ендеше жан дүниелеріңде тазартатын «тұз» болсын! Осылай өзара тату-тәтті өмір сүріңдер!
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.