Compaixão
A compaixão é o coração de Deus em ação. Ele é compassivo e misericordioso, tardio em irar-se e grande em amor. Somos chamados a refletir essa compaixão no mundo.
Заңғар мекеніңнен тауды суғарасың,
Ісіңнің жемісімен жерді толтырасың,
Зұлымның астыртын әрекетінен
Қорғап әрі залымның бүлігінен.
Түгелдей құрып кетпегеніміз біздің
Берік рақымынан Жаратқан Иенің,
Өйткені рақымы Оның сарқылмас дәйім,
Жаңара береді ол таң атқан сайын.
Уа, Ием, сондай зор Сенің адалдығың!
— Әлде әйел өз сәбиін ұмыта ала ма, құрсағынан шыққан ұлын аямай ма?! Анасы ұмытып кеткен күнде де Мен сені ешқашан ұмытпаймын, Иерусалим! Есіміңді алақаныма ойып жазып алдым, қамалдарың әрдайым көз алдымда!
Құдай өз халқына рақым көрсетпек
Сондықтан Жаратқан Ие сендердің Өзіне қайтып келіп, рақымына ие болуларыңды сағына күтуде. Ол орнынан тұрып, сендерге мейірбандық көрсетуге дайын. Өйткені Жаратқан Ие — әділ Құдай. Оған сенім артып Оны күтетіндер қандай бақытты!
Сөзіне адал рақымды Құдайды мадақтау
«Өз меншікті халқын кінәсінен арылтатын әрі оның тірі қалғандарының теріс істерін кешіретін Сен сияқты қай Құдай бар? Сен мәңгілікке қаһарланбайсың, қайта, берік мейірім көрсетуден рақат табасың.
«Мен Яһуда халқын күшейтіп, Жүсіптің үрім-бұтағын да құтқарамын. Мен оларға мейірбандық танытып оларды елге қайтарып алып келемін. Сонда олар Мен өздерінен ешқашан бас тартпағандай болады. Мен олардың Құдайы Жаратқан Иемін ғой, Мен оларға құлақ саламын.
— Мен, Әлемнің Иесі, (ата-бабаларыңа) мынадай бұйрықтар берген едім: «Әділ үкім шығарыңдар, бір-біріңе мейірім мен аяушылық танытыңдар! Жетім-жесірлерге әрі жат жұрттық пен жарлы-жақыбайға зорлық-зомбылық жасамаңдар! Бір-біріңе қарсы зұлымдық ұйымдастырмаңдар!»
Ал енді, Құдай сендерді сүйіп, өз халқым деп таңдап алғандықтан, ұдайы жанашыр, мейірімді, кішіпейіл, ілтипатты, сабырлы болып, осы қасиеттерге бөленіңдер!
Қайта, бір-біріңе мейірімді де жанашыр болыңдар; Мәсіхтің арқасында өздеріңді Құдай кешіргендей, сендер де өзара кешірімді болыңдар!
Әділдік үшін азап шегу
Қорыта айтқанда, бәрің де өзара ниеттес, қуаныш пен қайғыға ортақтас, бір-біріңді туған бауырлардай сүйетін, қайырымды да кішіпейіл болыңдар.
Ал егер осы дүниелік мал-мүлкі бар біреу басына қиыншылық түскен бауырына тасжүректік танытса, оның бойында Құдайдың сүйіспеншілігі бар ма?!
Құдайдың жұбатып, өлімнен құтқарғанына шүкірлік
Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі Құдай мадақталсын! Құдай — қайырымды Әкеміз, жұбаныш пен жігер атаулының бастауы.Ол бізді барлық азаптарымызда жұбатып, жігерлендіреді. Осылай Құдайдың өзімізді жігерлендірген жұбанышымен біз де әр түрлі қайғы-қасірет шегіп жүргендерді жігерлендіре аламыз.
Ол бізге жаны ашымайтын, осал жақтарымызды түсінбейтін діни қызметкер емес, қайта, өзіміз сияқты әр түрлі сынақтан өтіп көрді, бірақ ешқашан күнә жасаған жоқ.
Қуанғандардың қуанышына, қайғыланғандардың қайғысына ортақтасыңдар!
Соңғы сәлемдер мен ақ бата
Сонымен, қымбатты бауырластар, қош-сау болыңдар! Түзеле беріңдер, жігерленіңдер, бір ниеттес, тату болыңдар! Сонда сүйіспеншілік пен тыныштықтың бастауы — Құдай сендерге жар болады.
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.