Confiar no Senhor
Confiar no Senhor é a base de toda vida espiritual. A confiança em Deus nos livra do medo, nos dá paz e nos posiciona para receber as promessas divinas.
Confiar de todo coração
Confia no Senhor de todo o coração. Não te apoies em teu próprio entendimento — em todos os caminhos o reconheça.
Өз ақыл-санаңа сүйеніп жүрме,
Сенім арт шын жүректен Жаратқан Иеңе.
Бар жағдайда да мойында Тәңір Иеңді,
Сонда Ол тура жолмен жетелер сені.
Хақ Тағаланың даналығы мен әділдігін жырлау
(Демалыс күні айтылатын ән әрі жыр.)
Қандай ғанибет — Жаратқан Иені мақтау,
Уа, Хақ Тағала, есіміңе ән-жыр арнау,
Таң ата жариялап рақымыңды,
Кешке де Өзіңнің адалдығыңды,
Он ішекті аспапта әсем күй тартып,
Жетіген және домбырамен қосылып.
Уа, Жаратқан, қайтадан жарылқай гөр!
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)
Жаратқан Ие тұтқындарды Сионға
Қайтарып алып келген уақытында
Ұқсадық түс көріп жатқан адамға,
Езуіміз жиылмады күлкіден,
Аузымыздан үзілмеді шаттық ән.
Басқа ұлт адамдары өзара былай десті:
«Бұларға Жаратқан жасады керемет істі!»
Құдай тозаңнан кедейді жоғарылатар,
Күл-қоқыстан мұқтажды көтеріп алар.
Өзің атқан жебелерің денеме кірді,
Қолың зілдей басты менің үстімді.
Қаһарыңнан денемде сау жерім жоқ,
Күнәмнан жан-тәнімде тыныштық жоқ.
Істеген күнәларым басымнан асты,
Ауыр жүктей денемді жерге жаншыды.
Ақымақ істерімнің кесірінен
Жараларым іріңдеп, иістенген,
Қаналғандарға Жаратқан пана болады,
Қиын жағдайда зәулім қорған боп тұрады,
Segurança em Deus
Bem-aventurado o homem que confia no Senhor. Ele é como árvore plantada junto às águas — não temerá quando vier o calor.
Ал Жаратқан Иеге сенімін артатын, бар үмітін Оған жүктейтін адам бақытты! Ол судың жағасында өсіп тұрған, тамырларын өзенге қарай созған ағашқа ұқсайды. Аптап ыстық келсе де, еш қауіптенбей, жапырақтары да әрдайым жасыл болады. Қуаңшылық жылы да алаңдамайды, ешқашан жеміс бермей қалмайды.
Жаратқан Иеге сеніңдер әрқашан,
Құдай жартастай берік, мәңгі қорған.
Сөз жоқ, тек Құдай менің Құтқарушым!
Оған сеніп, қорықпаймын да енді,
Жаратқан Ие — күш-қуатымның көзі,
Айтатын жырым Тәңір Ием жайлы,
Ол адал Құтқарушым болып келеді!»
Адалдық жер бетінен көктеп шығады,
Әділдік көктен төмен қарап тұрады.
Сен патшаны мәңгілік жарылқадың,
Қасыңда болу қуанышын сыйладың.
Себебі патша Жаратқанға сенім артады,
Хақ Тағаланың рақымымен нық тұрады.
Мен жарлықтарыңды ұстана берем,
Жалғыз қалдыра көрме мені мүлдем.
Жастар қалай таза жолмен жүре алады?
Сөзіңе бағынып соны істей алады.
Não confiar no homem
Não temas — em ti confiarei. Melhor é confiar no Senhor do que confiar no homem ou nos príncipes.
Уа, Ием, жұрт алдында Сені мадақтаймын,
Ұлттар арасында мақтап жырлаймын.
Себебі берік рақымың заңғар аспандай,
Әрі сенімділігің асқар бұлттардай.
Ал оларды қорқыныш құрсаулайтын болады,
Өйткені Құдай әділ ұрпаққа жар болады.
Ауырса ол, Иеміз оған күш береді,
Төсектегі оның халін түзетеді.
Құдайға апаратын жол — Мәсіх Иса
— Көңілдерің толқымасын! Құдайға сеніңдер және Маған да сеніңдер!
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.