Convicção
A convicção cristã é firmeza de fé que não se abala diante da oposição. É a certeza interior que compele a proclamar a verdade com ousadia, independentemente das consequências.
Ousadia para falar
Recebereis poder e sereis minhas testemunhas. A convicção do Espírito nos equipa para proclamar com coragem e sem vergonha.
Бірақ Киелі Рух өздеріңе қонғанда Оның құдіретін қабылдайсыңдар. Содан сендер Иерусалимде, бүкіл Яһудея мен Самария аймақтарында және жердің шетіне дейін Маған куә боласыңдар.
Кеңес мүшелері Петір мен Жоханның батылдығын көріп, олардың арнайы діни даярлықтан өтпеген қарапайым адамдар екенін байқағанда таңғалды. Сондай-ақ, олар екеуінің Исаның шәкірті болғанын білді.
Петір мен өзге елшілер былай деп жауап берді:
— Адамдарды емес, Құдайды көбірек тыңдау керек қой!
Сөйлеген сайын Ізгі хабардың құпиясын қаймықпай жариялауыма қажетті сөз аузыма түссін деп, мен үшін де мінажат етіңдер! Бұл хабарды жеткізуге жіберілген елші ретінде осы жерде бұғаудамын. Сондықтан оны тиісті түрде батыл жариялай алуымды Құдайдан тілеңдер.
Ізгі хабар — күнәкарларды құтқаратын құдірет
Мен Ізгі хабар үшін еш ұялмаймын, ол — Мәсіхке сенетін барлық адамдарды, алдымен яһудилерді, сондай-ақ басқа ұлт адамдарын да құтқаратын Құдайдың құдіреті!
Себебі кім осы опасыз, күнәкар ұрпақ арасында Мені және айтқан сөздерімді танудан бас тартса, Мен де Билеуші ретінде Әкемнің салтанатты ұлылығымен Оның қасиетті періштелерін ертіп көктен қайтып келген кезімде сол адамды танудан бас тартамын.
Сондықтан да Иемізді ашық мойындаудан ешқашан тартынба! Иемізге бола түрмеде отырған мен үшін де ұялма. Қайта, Құдай беретін рухани күш-қуатқа сүйеніп, Ізгі хабар үшін азаптарды бірге көр.
Бұларды қауымдарға барлық беделіңмен айтып беріп, насихаттап, елемейтіндерді әшкереле. Ешқайсысы сені менсінбей жүрмесін.
Firmeza e confiança
Não temas diante dos homens. A Palavra de Deus é fogo na boca do profeta e firmeza na vida do crente.
Бірақ Жаратқан Ие маған былай деді:
— Әлі тым жаспын деме! Мен сені кімге жіберсем, солардың бәріне барып, не айт десем соның бәрін айтатын боласың!
— Ей, жақсы хабарды Сион халқына жеткізуші, биік тау басына шық! Иерусалимге ізгі хабарды әкелуші, бар даусыңмен айқай салып жарияла! Қорықпай Яһуданың қалаларына: «Міне, Құдайларың!» деп хабарла!
Құдайға түгелдей мойынсұнған Қызметшісінің қорлық көруі әрі ақталуы
«Маған Жаратушы Тәңір Иенің Өзі тәлім беріп, қажығандарды жігерлендіру үшін не айту керегін аузыма салып отыр. Күн сайын ертеңгісін Ол мені оятып, айтқандарына шәкірттей құлақ салғызады.
Мен маңдайыңды тіпті шақпақ не алмас тастан да қатты қыламын! Олар бас көтергіш халық болса да, солардан қорқып, сұсты бет-әлпеттерінен шошушы болма!»
Құдайға мойынсұнбайтын халықтар арасында адал өмір сүріңдер! Олар сендерді жамандық жасаушылар деп айыптайды. Алайда Құдай бізді құтқаруға келген күні олар өз көздерімен көріп жүрген игі істеріңе бола Оны мадақтайтын болады.
Пендеден қорқуы адамға тұзақ құрар,
Жаратқанға сенуші қауіпсіз болар.
Қайта, Құдай лайықты деп тауып, Ізгі хабарды бізге сеніп тапсырды. Сондықтан біз адамға емес, жүректеріміздің түкпіріндегілерді бақылап отыратын Құдайға ұнау үшін уағыз айтып жүрміз.
Сендер дүниеге (Құдай жолын көрсететін) «нұрсыңдар». Төбе басына салынған қала жасырынып қала алмайды. Ешкім шам жағып, оны ыдыспен бүркеп қоймайды. Қайта, оны шам қойғышқа қояды, сонда оның жарығы үйдегілердің бәріне түседі. Сол сияқты, сендердегі «нұр» адамдарға сәулесін төксін. Осылайша олар игі істеріңді көріп, көктегі Әкелеріңді мадақтап дәріптесін.
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.