Pular para o conteúdo
Publicidade

Coração puro

Por Bíblia Online

Bem-aventurados os puros de coração, porque verão a Deus. A pureza de coração é alvo, privilégio e busca constante do cristão que deseja contemplar a face do Senhor.

Coração puro

Bem-aventurados os puros de coração. A pureza interior precede toda transformação externa e abre os olhos para ver a Deus.

Жүректері пәк тазалар бақытты:

олар Құдайды көретін болады!

Саған сүйенген ешкім қалмайды ұятқа,

Ал бекер сатып кеткендер болады масқара.

Уа, Ием, ақ жолыңды көрсете гөр,

Еркіңе сәйкес жүруге үйрете гөр,

Шындығыңа сай бағыттап, нұсқай гөр.

Себебі Құтқарушы Құдайымсың Сен,

Күні бойы Саған үміт артамын мен.

«Міне, Құдайды паналамаған жан,

Қайта, мол байлығын арқа тұтқан,

Зұлымдықпен одан бетер нығайған».

Ал мен Құдайдың киелі үйінің

Ішінде жасыл зәйтүндей өсіп-өнемін,

Құдайдың рақымына мәңгі сенемін.

Уа, Ием, Сені игі істерің үшін

Халқыңның алдында дәріптеймін,

Ізгі мейіріміңе сүйенемін.

Құдай халқының жау қиратқан елі үшін мінажат

(Асафтың насихат жыры.)

Уа, Құдай, неге бізден біржола бас тарттың,

Неліктен өрши түседі қаһарың

«Қойларыңа» қарсы «отарыңдағы» Сенің?

Purificar-se

Todo o que tem essa esperança em Cristo se purifica. O amor procede de coração puro, boa consciência e fé sincera.

Оған осындай үміт артқан әркім Мәсіхтің кіршіксіз таза болғанындай, өзі де күнәдан арылып, тазарады.

Сүйікті бауырларым, қазір Құдайдың рухани балаларымыз, ал келешекте кім болатынымыз әлі анық емес. Алайда Мәсіх қайтып келгенде Оған ұқсайтынымызды білеміз. Себебі сол кезде Оның шынымен қандай екенін көретін боламыз. Оған осындай үміт артқан әркім Мәсіхтің кіршіксіз таза болғанындай, өзі де күнәдан арылып, тазарады.

Осы бұйрықтың мақсаты — пәк жүрек, таза ар-ұждан мен шынайы сенімнен бастау алатын сүйіспеншілікті ояту.

Сонымен жастықтың құмарлықтарынан бас тартып, пәк жүрекпен Иемізге сиынатындардың бәрімен бірге әділдік, сенім, сүйіспеншілік және татулыққа ұмтыл.

Мен Оған сиынып, былай деп тілеп отырмын: сендердің сүйіспеншіліктеріңмен қатар жан-жақты рухани білімдерің мен көрегендіктерің бұдан да арта берсін. Соның нәтижесінде әр жағдайда ненің ізгілікті екенін ажырата білсеңдер екен деймін. Осылай сендер Мәсіх қайта оралар күні мінсіз пәк болып, Иса Мәсіхтің көмегімен молынан әділ іс-әрекеттер жасап келген боласыңдар. Содан Құдайдың ұлылығы көрініп, мадақталмақ.

Бәрін де наразылықсыз, шүбәланбай істеңдер! Осылай қазіргі азғын да алдамшы ұрпақтың арасында еш кінәсіз таза, Құдайдың мінсіз рухани балалары болыңдар: қараңғы дүниеде жарық жұлдыздай жарқырап, адамдарға шынайы өмірді жеткізетін Құдай сөзін ұсыныңдар. Сонда мен араларыңда жан сала істеп жүрген еңбегімнің босқа кетпегеніне Мәсіхтің қайта оралған күні риза болып, қатты қуанатын боламын.

Шынайы хабарға мойынсұнып, күнәдан тазарған сендер бауырластарыңа деген нағыз сүйіспеншілікке кенелдіңдер. Енді бір-біріңді үздіксіз, шын жүректен сүйіңдер!

Адамға күллі істері жөн іспетті,

Ал Жаратқан Ие тексереді ой-ниетті.

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.