Crianças
As crianças ocupam lugar especial no coração de Deus. A Bíblia instrui a educá-las, protegê-las e ensiná-las nos caminhos do Senhor desde cedo — formando gerações que temem a Deus.
Herança do Senhor
Os filhos são herança do Senhor. Eles são presentes de Deus — cada criança é um milagre e uma responsabilidade sagrada.
Әйелің сенің үйіңнің ішіндегі
Жемісті жүзім бұтасы секілді,
Ал ұл балаларың дастарқан басындағы
Зәйтүн ағашының өркендері сияқты.
Осылай адамзатқа құдіретіңді ұқтырсын
Әрі Патшалығыңның даңқты ұлылығын.
Жаратқан жайлы білемін мына жайтты:
Бейшараның хұқығын Ол сақтайды,
Мұқтаждың мүддесін қолдап-қорғайды,
Иә, әділдер атыңды мадақтайды,
Адал жандар көз алдыңда жасайды.
Ал мені айыптайды жалған куәлар,
Мен білмейтін жайттарды тергеп сұрар.
Instruir as crianças
Instrui a criança no caminho em que deve andar. A educação cristã é mandamento repetido através de toda a Escritura.
Баланы жастан салсаң тура жолға,
Есейгенде ол содан таймайды да.
Баланы жастан салсаң тура жолға,
Есейгенде ол содан таймайды да.
Баланы жастан салсаң тура жолға,
Есейгенде ол содан таймайды да.
Баланың жүрегінде надандық бар,
Тиянақты тәрбие оны содан арылтар.
Баланың жүрегінде надандық бар,
Тиянақты тәрбие оны содан арылтар.
Жазасын тартқызбаған баласын сүймейді,
Баласын сүйген оны жасынан тәрбиелейді.
Ақылды бала әке тәрбиесін қабыл алар,
Ал мысқылшыл ескертуге құлақ аспас.
Тәлім алып, Тәңір Иеге мойынсұнудың зор пайдасы
Балам, берген нұсқауларымды еш ұмытпа,
Өсиеттерімді менің жүректе сақта!
Өйткені олар ғұмырыңды ұзартар,
Амандық пен тыныштық молынан дарытар.
Тәлім алып, Тәңір Иеге мойынсұнудың зор пайдасы
Балам, берген нұсқауларымды еш ұмытпа,
Өсиеттерімді менің жүректе сақта!
Иеміз Өзі сүйетін әркімді
Түзетеді әрі тәрбиелейді.
Әкесі сүйікті баласын да
Жазалайды қажет болғанда.
Әрдайым былай деп әкем маған үйрететін:
Жүрегіңе сөздерімді берік тоқып алғын,
Өсиеттерімді орындап өмір сүргін.
Парасатқа ие болып, даналыққа кенелгін,
Сөздерімді ұмытып, бас тартып жүрмегін.
Disciplinar com amor
A vara e a repreensão dão sabedoria. A disciplina produz o fruto pacífico da justiça nos que são exercitados por ela.
Тиянақты тәрбие мен қажетті жаза
Баланы ақылды қылар,
Ал өз бетімен жіберілген бала
Анасын масқараға қалдырар.
Баланы тәрбиесіз, бетімен жіберме,
Жөнімен жазаласаң ол өлмейді де,
Тыңда өзіңді дүниеге келтірген әкеңді,
Менсінбей жүрме қартайды деп шешеңді.
Шындықты тауып, оны ешқашан сатпа:
Ие бол даналық, тағылым мен парасатқа.
Әкесін тонап, шешесін қуған ұл —
Ар-ұждансыз, жексұрын бұл.
Жалған тілді наданнан гөрі
Адал жүрген жарлы игі.
Әділ жан мінсіз өмір сүрер,
Балалары жарылқауды иемденер.
Істерін байқасаң баланың,
Білесің мінезінің таза, дұрысын.
Надан ұл әкесін қапаландырар,
Туған анасын ашындырар.
Қарттардың тәжі — немере-шөберелері,
Балалардың мақтанышы — әке-шешелері.
Қарттардың тәжі — немере-шөберелері,
Балалардың мақтанышы — әке-шешелері.
Әкенің тәрбиесінен ақымақ безер,
Ескертуге ден қойған парасатқа кенелер.
Ақылды бала әкесін риза қылар,
Ақылсыз жан шешесін қор қылар.
Заңды ұстанған — зерделі бала,
Ал ысырапшылдарға қосылса,
Әкесін қалдырар ұятқа.
Балам, әкеңнің тәрбиесін тыңда,
Шешең берген тәлімнен де бас тартпа!
Олар басыңдағы тәждей тамаша,
Мойныңдағы моншақтай ұнамды да.
Даналықтың пайдасы, надандықтың зияны
«Сонымен, жастар, маған құлақ салыңдар,
Қандай бақытты — жолымды сақтағандар!
Өсиетімді тыңдап, дана болыңдар,
Еш уақытта одан бас тартпаңдар!
Obediência e promessa
Filhos, obedecei a vossos pais no Senhor. Honra a teu pai e tua mãe para que viva muito tempo sobre a terra.
Ата-ана мен балаларына өсиет
Балалар, Иеміздің еркіне мойынсұнып, әке-шешелеріңнің тілін алыңдар, өйткені осылай істегендерің дұрыс. «Ата-анаңды сыйла!» Бұл, Құдайдың бір уәдемен байланыстырып берген алғашқы өсиеті: «Сонда жерде игілікті де ұзақ өмір сүретін боласың».
Ал ата-аналар, балаларыңа шектен тыс ұрыспаңдар, керісінше, ақылмен жөн сілтеп, Иемізбен жүргендерге лайықты тәрбиелеңдер!
Ал ата-аналар, балаларыңа шектен тыс ұрыспаңдар, керісінше, ақылмен жөн сілтеп, Иемізбен жүргендерге лайықты тәрбиелеңдер!
Сонымен сүйікті рухани баласы ретінде Құдайдан үлгі алыңдар!
Балалар, барлық жағдайда да ата-аналарыңның тілін алыңдар, өйткені Иемізге осы ұнайды!
Ата-аналар, балаларыңның ынжық болмауы үшін оларға шектен тыс ұрыспаңдар!
Бүгін Мен өздеріңе тапсырып отырған осы сөздер жүректеріңнен тұрақты орын алсын! Балаларыңа да бұл сөздерді мұқият үйретіңдер: үйде отырған не жол жүрген, төсекте жатқан не тұрып жатқан кездеріңде де солар туралы айтатын болыңдар!
Балаларыңа да бұл сөздерді мұқият үйретіңдер: үйде отырған не жол жүрген, төсекте жатқан не тұрып жатқан кездеріңде де солар туралы айтатын болыңдар!
Жаратқан Иенің мен сендерге бүгін тапсырып отырған ережелері мен өсиеттерін орындайтын болыңдар! Сонда өздеріңе және кейінгі ұрпақтарыңа игі болып, Құдай Иеміз сендерге ұзақ ғасырларға табыстамақ елде көп жасайтын боласыңдар.
Өздеріңе беріп отырған осы бұйрықтарымның бәрін мұқият тыңдап, орындайтын болыңдар! Сонда өздерің және болашақ ұрпақтарың үшін игілікті өмір сүретін боласыңдар. Себебі осылай еткендерің Құдай Иемізге ұнамды және дұрыс.
оларға былай деді: «Мен бүгін сендерге нықтап айтқан осы сөздерді түгелдей жүректеріңе жазып, жаттап алыңдар! Содан бұл Таурат заңының барлық сөздерін балаларыңа үйретіп, сақтап орындауды өсиет етіңдер! Сол бұйрықтар жай сөздер емес, олар сендерге (рухани игілікке толы) өмірді алып келеді. Оларды ұстанатын болсаңдар, Иорданның арғы жағындағы иемденгелі тұрған елдегі өмірлерің ұзақ болады».
Crianças e o reino
Deixai vir a mim as crianças. Jesus honrou as crianças como modelo de fé e humildade para todo o seu povo.
Ал Иса былай деді: «Балалардың Маған келуіне жол беріңдер, оларға кедергі жасамаңдар! Құдайдың Патшалығы сондайлар үшін».
Ал Иса былай деді: «Балалардың Маған келуіне жол беріңдер, оларға кедергі жасамаңдар! Құдайдың Патшалығы сондайлар үшін».
Өзін кіші тұту және басқаларды азғырмау туралы ескерту
Сол уақытта шәкірттері Исаның қасына келіп:
— Құдай Патшалығында кімнің жолы ең үлкен? — деген сұрақ қойды. Иса бір кішкентай баланы шақырып алып, орталарына тұрғызып қойды да, былай деді:
— Сендерге шындығын айтайын: теріс пікірлеріңнен қайтып, бала сияқты (кішіпейіл) болмасаңдар, Құдайдың Патшалығына кіре алмайсыңдар!Кім өзін осы жас бала сияқты кіші тұтса, Құдай Патшалығында соның жолы ең үлкен.
— Сендерге шындығын айтайын: теріс пікірлеріңнен қайтып, бала сияқты (кішіпейіл) болмасаңдар, Құдайдың Патшалығына кіре алмайсыңдар!Кім өзін осы жас бала сияқты кіші тұтса, Құдай Патшалығында соның жолы ең үлкен.
Кім Менің атымнан осындай бір сәбиді қабылдаса, соның Мені де қабылдағаны.
Сақ болыңдар, осы кішкенелердің бірде-біреуін менсінбей жүрмеңдер! Сендерге айтамын: олардың періштелері көктегі Әкемнің келбетін әрдайым көріп тұрады.
Қиналып шаршағандарға арналған қуанышты хабар!
Сол кезде Иса көктегі Әкесіне сиынып: «Көк пен жердің Иесі — Әке! Осы жайттарды данышпандар мен білгіштерден жасырып қалып, оларды ашып көрсеткенің үшін Сені дәріптеймін.
Татуластырушылар бақытты:
олар Құдайдың рухани балалары деп аталмақ!
Адамдар Исаға балаларын алып келіп, Одан соларға қолын тигізіп бата беруін өтінді. Бірақ шәкірттері (Исаны мазалағандары үшін) оларды сөкті. Мұны байқаған Иса наразы болып былай деді:
— Балалардың Маған келуіне жол беріңдер, оларға кедергі жасамаңдар! Құдайдың Патшалығы сондайларға арналған.
Содан Иса бір кішкентай баланы алып, орталарына тұрғызып қойды. Оны құшақтап:
— Кім Менің атымнан осындай бір сәбиді қабылдаса, соның Мені де қабылдағаны. Ал кім Мені қабылдаса, оның тек Өзімді ғана емес, Мені Жібергенді де қабылдағаны, — деді.
Ал Исаның ойы да, бойы да, Құдай мен адамдарға ұнамдылығы да арта түсті.
Мәсіхтің Петірге арнаған тапсырмасы
Олар тамақтанып алғаннан кейін, Иса Шимон Петірден:
— Жохан ұлы Шимон, сен Мені мыналарға қарағанда көбірек сүйесің бе? — деп сұрады.
— Иә, Ием, Сізді жақсы көретінімді білесіз ғой.
— Тоқты-қозыларымды бақ!
Identidade e crescimento
Somos filhos de Deus pelo Espírito de adoção. Crescer em Cristo é amadurecer em fé, obediência e amor ao próximo.
Бірақ Оны қабылдап, Оған сенім артқандардың бәрін Ол Құдайдың рухани балалары болуға құқықты етті.
Өйткені Құдай Рухының жетелеуімен жүретіндер — Құдайдың рухани балалары.
Сендер өздеріңді құл етіп, қайтадан қорқытып жүретін рухты емес, Құдайдың рухани баласы еткен Киелі Рухты қабылдадыңдар. Ол арқылы біз Тәңір Иеге сиынғанда «Әке, Әке!» деп шақырамыз.
Киелі Рух Құдайдың рухани баласы екенімізді өз рухымызға растайды.
Бүкіл жаратылыс Құдай Өзінің рухани балаларын анық көрсететін күнді сағына күтіп отыр.
Құдайдың құлы емес, Оның рухани баласысыңдар
Өйткені барлығың Иса Мәсіхке деген сенімдерің арқылы Құдайдың рухани баласысыңдар. Мәсіхпен тығыз байланысып, шомылдыру рәсімінен өткен бәрің де Мәсіхтің рухани қасиеттеріне бөлендіңдер.
Қараңдар, Әкенің бізге деген сүйіспеншілігі қандай зор: Құдайдың рухани балалары деп аталамыз және нақ солаймыз да! Осы күнәлі дүние кім екенімізді білмейді, себебі ол Құдайды білген жоқ.
Сүйікті бауырларым, қазір Құдайдың рухани балаларымыз, ал келешекте кім болатынымыз әлі анық емес. Алайда Мәсіх қайтып келгенде Оған ұқсайтынымызды білеміз. Себебі сол кезде Оның шынымен қандай екенін көретін боламыз. Оған осындай үміт артқан әркім Мәсіхтің кіршіксіз таза болғанындай, өзі де күнәдан арылып, тазарады.
Құдайды білгендер, Ізгі хабарға сай таза өмір сүріңдер!
Балаларым менің, Исаның құрбандығы арқасында күнәларың кешірілгендіктен сендерге осыны жазып отырмын.
Балаларым менің, жалған тәңірлерден аулақ болыңдар!
Ол отбасына жақсы басшылық жасап, балаларын өзін құрметпен тыңдайтындай етіп тәрбиелеуі шарт.
Туысқандарының, әсіресе үй ішінің, қамын ойламайтын адам сенімінен бас тартқан, ол тіпті Құдайға сенбейтіннен де жаман.
Расында Құдайдың сендерді Өзінің рухани балалары деп атаған мынадай ескертпесін ұмыттыңдар ма:
«Балам, Тәңір сені тәрбиелегенде
Онысын ешқашан менсінбей жүрме,
Ол сені жөнге келтіргенде,
Лайым еңсең түсіп жүнжіме!
Иеміз Өзі сүйетін әркімді
Түзетеді әрі тәрбиелейді,
Бауырына басқан әр баласын да
Жазалайды қажет болғанда».
Көріп жатқан азаптарыңа тәрбие ретінде шыдаңдар. Құдай сендерге рухани баласына қарағандай қарайды. Әкесі түзетпейтін бала бола ма? Барлық сенушілер де соны бастарынан өткізеді. Егер сендер осылай тәрбиеленбесеңдер, онда Оның шынайы рухани балалары болмағандарың.Туған әке-шешелеріміз бізді тәрбиеледі, біз оларды қастерлеп, сыйлап келеміз. Ендеше шынайы өмірге ие болу үшін көктегі рухани Әкемізге одан бетер мойынсұнуымыз керек емес пе?
Кезінде әрбір жаза қуаныш емес, реніш туғызады. Ал соны басынан өткізіп тәрбиеленгенге ол кейінірек әділдік пен тыныштықтың игілікті жемісін береді.
— Иеміз Иса Мәсіхке сен, сонда өзің де, үй ішің де құтқарыласыңдар! — деді де,
Сонымен жастықтың құмарлықтарынан бас тартып, пәк жүрекпен Иемізге сиынатындардың бәрімен бірге әділдік, сенім, сүйіспеншілік және татулыққа ұмтыл.
Өзің менен естіп, көптеген кісілер растаған шынайы ілімді басқаларға да тәлім беруге қабілеті бар, сенімді жандарға аманатта!
Transmitir a fé
Contaremos à geração vindoura os louvores do Senhor. O legado de fé é o maior presente que damos aos nossos filhos.
Балаларыңның бәрі де Тәңір Иеден тәлім алмақ, әрі керемет амандық пен тыныштыққа кенелмек.
Балаларыңның бәрі де Тәңір Иеден тәлім алмақ, әрі керемет амандық пен тыныштыққа кенелмек.
Саған шүкірлік айтады тек тірілері.
Мен адалдығыңды мақтаймын бұл күндері,
Балаларына ол жайлы айтады әкелері.
— Әлде әйел өз сәбиін ұмыта ала ма, құрсағынан шыққан ұлын аямай ма?! Анасы ұмытып кеткен күнде де Мен сені ешқашан ұмытпаймын, Иерусалим! Есіміңді алақаныма ойып жазып алдым, қамалдарың әрдайым көз алдымда!
Сосын бәрін тексеріп қарап шыққаннан кейін биіктеу жерге тұрдым да, жетекшілер мен қызметкерлерге және бүкіл халыққа сөз сөйлеп былай дедім: «Олардан қорықпаңдар! Ұлы да айбынды Жасаған Иені естеріңнен шығармаңдар! Өз ағайындарың, ұл-қыздарың мен әйелдерің әрі үй-жайларың үшін шайқасыңдар!»
Құдайдың Самуил пайғамбарға алғашқы рет сөзін арнауы
Жасөспірім Самуил Елидің қарамағында Жаратқан Иеге қызмет етіп жүрді. Сол заманда Жаратқан Иенің адамдарға сөзін арнап, аян беруі өте сирек болатын.
Рухани балаларымның шындық жолымен жүріп жатқанын естуден артық маған қуаныш жоқ.
Рухани балаларымның шындық жолымен жүріп жатқанын естуден артық маған қуаныш жоқ.
Көршілеріміз бізді келеке қылуда,
Маңымыздағылар мазақтап қорлауда.
Қашанғы бізге ашуланасың ұдайы,
Уа, Ием, қашанғы қаһарың оттай лаулайды?
Ашуыңды төксеңші соның орнына
Өзіңді мойындамайтын бөтен ұлттарға,
Саған сиынбайтын патшалықтарға.
Олар Жақыптың ұрпақтарын жалмады,
Мекен-тұрағын қиратып, бос қалдырды.
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.