Pular para o conteúdo
Publicidade

Tomar uma decisão

Por Bíblia Online

Tomar decisões com sabedoria é um dos maiores desafios da vida. A Bíblia nos ensina a buscar a Deus em oração, na Palavra e no conselho, confiando que Ele dirige os nossos passos.

Buscar a Deus

Se algum de vós tem falta de sabedoria, peça a Deus. Ele dá generosamente e sem repreensão a todos os que pedem.

Ал егер кейбіреулерің даналыққа мұқтаж болсаңдар, Құдайдан сұраңдар, Ол береді. Тәңір Иеміз еш жазғырмай-ақ бәріне жомарттықпен бере салады.

Біз Оның еркіне сай бір нәрсе сұрасақ, Құдай тілегімізге құлақ салады деп нық сенеміз.

Егер де күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады.

Өз ақыл-санаңа сүйеніп жүрме,

Сенім арт шын жүректен Жаратқан Иеңе.

Бар жағдайда да мойында Тәңір Иеңді,

Сонда Ол тура жолмен жетелер сені.

Бар жағдайда да мойында Тәңір Иеңді,

Сонда Ол тура жолмен жетелер сені.

Өйткені сендерге деген ниетім Өзіме аян: сендерге қасірет емес, амандық пен тыныштық бұйырып, болашақ пен үміт сыйлайтын ниетім бар, — деп нық айтады Жаратқан Ие. —

Conselho e direção

Onde não há conselho os planos se frustam. Toda Escritura é útil para nos guiar nas decisões da vida.

Жетекшіге зәру ел тозар,

Кеңесшісі мол ел озар.

Лақтырған жеребең алдыңа түсер,

Оның шешімін Жаратқан Ие берер.

Саяқ жан қара басын ойлар,

Даналық атаулыға қарсы шығар.

Ақымақ парасатты жек көрер,

Өз ойын білдіруді жақсы көрер.

Зұлым өзімен асқақтық әкелер,

Ұятты қылыққа масқара ерер.

Адамның сөзі — тұңғиық судай,

Даналық көзі — тасқынды бұлақтай.

Соттау әділді, қолдау арамды —

Әділетсіз соттың қылығы.

Ақымақтың тілі жанжал туғызар,

Аузымен өзіне жаза тартқызар.

Өз аузы ақымақты ажалға бастар,

Өз тілі жанына тұзақ құрар.

Өсекшінің сөзі сондай дәмді,

Ішіңе кіріп, баурайды жан дүниеңді.

Жұмысына немқұрайды —

Ысырапшылдың ағайыны.

Жаратқан Иенің есімі — мықты мұнара,

Бас сауғалаған әділге қауіпсіз пана.

Байдың байлығы алынбас қамалдай,

Өз қиялында заңғар дуалдай.

Адам құлар алдында асқақ болар,

Абыройы асар алдында кішіпейіл болар.

Тыңдамай жатып жауап қайтарған —

Масқара болатын ақылсыз жан.

Адамның қиналысына өз рухы төзер,

Ал рухы күйрегенге кім дем берер?

Киелі жазбалардың бәрі Құдай Рухының жетелеуімен жазылған. Олар тәлім беру, әшкерелеу, түзету әрі әділдікке тәрбиелеу үшін тиімді.

Осылай Құдайдың адамы барша игі іске дайындалып, толықтай даяр болмақ.

Олар Мүзияға жеткеннен кейін, Бітүнияға кіруге ұмтылды, бірақ Иса жіберген Киелі Рух оларға рұқсат бермеді.

Жаратқан Иенің Барнаба мен Саулды елшілік сапармен шетелге жіберуі

Антақиядағы сенушілер қауымында бірнеше пайғамбарлар мен тәлім берушілер бар еді: Барнаба, Қара деп аталған Шимон, Күренеден шыққан Лұси, аймақ әкімі Ирод Антипаспен бірге тәрбиеленген Манаин және Саул. Олар Иемізге ғибадат етіп, ораза тұтып отырғанда Киелі Рух: «Мен арнайы шақырған іске Барнаба мен Саулды Өзіме бағыштап шығарып беріңдер!» — деді. Сонда олар ораза тұтып мінажат етіп, екеуінің үстеріне қолдарын қойып баталарын берді де, жолға шығарып салды.

Confiar e seguir

Seja o que for que façais, fazei tudo para a glória de Deus. O sábio ouve a Deus antes de agir.

Басты қағида мынау: не ішіп-жесеңдер де, не істесеңдер де, бәрін Құдайды дәріптеу үшін істеңдер!

Мәсіх Исаның үлгісін және Құдайдың игілікті тәрбиесін қабылдау

Осылай өз сенімдерін айқын паш еткен қалың көпшілік бізді жарыстағы жанкүйерлердей қоршап тұр. Сондықтан да бізге бөгет болатынның барлығынан, әсіресе, тез шырмап алатын әрбір күнәдан арылып, алдымыздағы «жарысты» қажырлылықпен аяқтайық!

Гибеонда Жаратқан Ие Сүлейменге сол түні түсінде аян берді. Сонда Құдай оған тіл қатып:

— Өзіңе не сыйлағанымды қаласаң, соны сұра! — деді. Сүлеймен былай деп жауап берді:

— Өзіңе қызмет еткен әкем Дәуітке зор рақымыңды көрсетіп отырдың. Себебі ол Өзіңнің алдыңда шын жүректен адал да әділ болып жүрді. Енді оның тағында отыратын ұл сыйлауың арқылы Өзіңнің оған деген зор рақымыңды бүгін де көрсетіп отырсың.

Уа, Құдайым Жаратқан Ие, әкем Дәуіттің орнын бастырып алдыңдағы пендеңді патша етіп қойдың. Ал мен әлі жаспын, өз міндеттерімді қалай атқаруды білмеймін. Міне, мен Сенің таңдап алған халқыңның арасында тұрмын. Ол — көптігінен өлшеп-санауға келмейтін ұлы халық. Өз халқыңның істеріне әділ шешімдерді жасап, дұрыс пен бұрысты ажырата алуым үшін айтқандарыңа құлақ түріп, түсінетін жүрек сыйлай гөр! Онсыз Сенің осыншама көп халқыңа билік жүргізу ешкімнің қолынан келмейтін іс.

Жаратқан Ие Сүлейменнің дәл осы нәрсені сұрағанына риза болды. Сондықтан Құдай оған былай деп жауап берді:

— Менен ұзақ өмір, зор байлық немесе жауларыңның жеңіліп, құруын сұраған жоқсың. Қайта, дұрыс шешім жасай алатын түсінік сыйлауымды өтіндің. Біліп қой, сол үшін Мен өтінішіңді орындап, саған даналық пен түсінік сыйлап отырмын. Мұндай даналық пен түсінік сенен бұрын ешкімде болмаған, өзіңнен кейін де ешкімде болмайды.

Әйелі оған:

— Әлі де кінәратсыздығыңды ұстанып отырсың ба? Одан да Құдайды балағаттап, (азабыңнан құтылып) өле қал, — деп ақыл айтты. Бірақ Әйүп:

— Ақымақ та арсыз әйелдей сөйлеп тұрсың. Құдай жақсылық жіберсе, соны қабылдау, ал ауыртпалық жіберсе, содан бас тарту дұрыс па өзі? — деп жауап қатты. Осы жағдайдың бәрінде Әйүп айтқан сөздерімен күнә жасаған жоқ.

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.