Pular para o conteúdo
Publicidade

Dia das crianças

Por Bíblia Online

As crianças são preciosas aos olhos de Deus. Jesus as acolheu, abençoou e ensinou que delas é o Reino dos Céus — modelos de fé, pureza e humildade.

Jesus e as crianças

Deixai vir a mim as crianças. Jesus abraçou, abençoou e honrou as crianças como modelo de fé para os adultos.

Ал Иса былай деді: «Балалардың Маған келуіне жол беріңдер, оларға кедергі жасамаңдар! Құдайдың Патшалығы сондайлар үшін».

Өзін кіші тұту және басқаларды азғырмау туралы ескерту

Сол уақытта шәкірттері Исаның қасына келіп:

— Құдай Патшалығында кімнің жолы ең үлкен? — деген сұрақ қойды. Иса бір кішкентай баланы шақырып алып, орталарына тұрғызып қойды да, былай деді:

— Сендерге шындығын айтайын: теріс пікірлеріңнен қайтып, бала сияқты (кішіпейіл) болмасаңдар, Құдайдың Патшалығына кіре алмайсыңдар!Кім өзін осы жас бала сияқты кіші тұтса, Құдай Патшалығында соның жолы ең үлкен.

Сақ болыңдар, осы кішкенелердің бірде-біреуін менсінбей жүрмеңдер! Сендерге айтамын: олардың періштелері көктегі Әкемнің келбетін әрдайым көріп тұрады.

Алайда басты діни қызметкерлер мен дін мұғалімдері Исаның жасаған тамаша істерін және балалардың ғибадатхана алаңында: «Дәуіттің Ұрпағы үшін Тәңір Ие мадақталсын!» — деп айқайлағанын көріп-естігенде, ашуланды. Олар Исаға:

— Бұлардың не деп жатқандарын естіп тұрсыз ба?! — деп наразылықтарын білдірді. Ал Иса:

— Әрине, естіп тұрмын. Сіздер (Забурда) «Балалардың, кішкене бөбектердің аузымен Өзіңді дәріптетесің» деп жазылғанды ешқашан оқымап па едіңіздер? — деп жауап қайтарды.

Сендерге шындығын айтайын: кім Құдайдың Патшалығын бала сияқты қабылдамаса, оған кіре алмайды. — Содан Иса балаларды құшақтап, үстеріне қолын қойып бата берді.

Содан Иса бір кішкентай баланы алып, орталарына тұрғызып қойды. Оны құшақтап:

— Кім Менің атымнан осындай бір сәбиді қабылдаса, соның Мені де қабылдағаны. Ал кім Мені қабылдаса, оның тек Өзімді ғана емес, Мені Жібергенді де қабылдағаны, — деді.

Instruir e proteger

Instrui a criança no caminho de Deus. Elas são herança do Senhor — presentes sagrados que devemos educar com amor.

Баланы жастан салсаң тура жолға,

Есейгенде ол содан таймайды да.

Балаларыңның бәрі де Тәңір Иеден тәлім алмақ, әрі керемет амандық пен тыныштыққа кенелмек.

Әйелің сенің үйіңнің ішіндегі

Жемісті жүзім бұтасы секілді,

Ал ұл балаларың дастарқан басындағы

Зәйтүн ағашының өркендері сияқты.

Балалар, барлық жағдайда да ата-аналарыңның тілін алыңдар, өйткені Иемізге осы ұнайды!

Ата-аналар, балаларыңның ынжық болмауы үшін оларға шектен тыс ұрыспаңдар!

Ата-ана мен балаларына өсиет

Балалар, Иеміздің еркіне мойынсұнып, әке-шешелеріңнің тілін алыңдар, өйткені осылай істегендерің дұрыс. «Ата-анаңды сыйла!» Бұл, Құдайдың бір уәдемен байланыстырып берген алғашқы өсиеті: «Сонда жерде игілікті де ұзақ өмір сүретін боласың».

Ал ата-аналар, балаларыңа шектен тыс ұрыспаңдар, керісінше, ақылмен жөн сілтеп, Иемізбен жүргендерге лайықты тәрбиелеңдер!

Жаратқан Ие сені жарылқап аман сақтай көрсін,

Жаратқан Ие саған бетінің нұрын төгіп рақымды бола көрсін,

Жаратқан Ие саған бет-жүзін бұрып тыныштық сыйлай көрсін!

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.