Dia dos pais
O Dia dos Pais celebra o amor e o sacrifício paterno. A Bíblia honra os pais como provedores, protetores e guias espirituais que moldam as próximas gerações.
O pai que educa
Instrui a criança no caminho em que deve andar. O pai justo educa com amor, firmeza e o exemplo de uma vida íntegra.
Баланы жастан салсаң тура жолға,
Есейгенде ол содан таймайды да.
Жазасын тартқызбаған баласын сүймейді,
Баласын сүйген оны жасынан тәрбиелейді.
Әділ жан мінсіз өмір сүрер,
Балалары жарылқауды иемденер.
Әділдің әкесі қатты қуанады,
Дананың шешесі де шаттанады.
Жаратқанды шын қастерлеу — берік сүйеніш,
Әрі келер ұрпақ та бас сауғалар қорғаныш.
Honra e alegria
Honra a teu pai e tua mãe. Os filhos são herança do Senhor, e a família que serve a Deus junta é inabalável.
Ата-анаңды сыйла!
Құдайың Жаратқан Ие өзіңе табыстайтын елде ұзақ өмір сүруің үшін осылай істе.
Әйелің сенің үйіңнің ішіндегі
Жемісті жүзім бұтасы секілді,
Ал ұл балаларың дастарқан басындағы
Зәйтүн ағашының өркендері сияқты.
Жаратқан Ие осылай жарылқайды
Өзін терең қастерлеген жандарды.
Сион тауындағы киелі үйінен
Жаратқан Ие сені жарылқай берсін.
Өмір бойы Иерусалимнің амандығын
Ал егер Жаратқан Иеге қызмет етуді қаламасаңдар, онда ата-бабаларың Евфрат өзенінің арғы жағында табынған жалған тәңірлерге ме, немесе өздерің елдерінде тұрып жатқан аморлықтардың тәңірлеріне ме, кімге қызмет ететіндеріңді таңдап алыңдар. Ал менің өзім және отбасым — біз Жаратқан Иеге қызмет ететін боламыз.
Сақ болыңдар, сенімдеріңде берік, ер жүрек әрі күшті тұрыңдар!
Сонымен жігіт әкесіне баруға жолға шығады. Ол әлі де алыста келе жатқанда, әкесі баласын көріп, оған жүрегі елжіреп, алдынан жүгіріп шығады. Оны құшақтап бауырына басады да, бетінен сүйеді. Баласы оған:
— Әке, мен Құдай алдында да, сіздің алдыңызда да күнә жасап келдім. Енді ұлыңызбын деп аталуға лайық емеспін, — дейді. Бірақ әкесі қызметшілеріне бұйырып:
— Тезірек ең жақсы шапанды әкеліп, балама жабыңдар! Қолына мөрлі жүзік, аяғына кебіс кигізіңдер! Сосын бордақыланған өгізшені әкеліп, сойыңдар, ішіп-жеп, көңіл көтерейік!
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.