Pular para o conteúdo
Publicidade

Dificuldades

Por Bíblia Online

As dificuldades são parte da vida, mas Deus é refúgio certo em todo tempo de angústia. A Bíblia promete que nenhuma adversidade pode separar os filhos de Deus do seu amor.

Deus é refúgio

Deus é nosso refúgio e fortaleza, socorro bem presente nas angústias. Nada poderá nos separar do amor de Cristo.

Құдайдың бар халықтарға жүргізетін билігі

(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорах ұрпақтарының жыры.)

Күллі ұлттар, Құдайға қол соғыңдар,

Шаттық үнмен дауыстап Оны мақтаңдар!

Себебі Жаратқан — Хақ Тағала айбатты,

Ол — бүкіл жер бетінің ұлы Патшасы

Қандай ғанибет — Жаратқан Иені мақтау,

Уа, Хақ Тағала, есіміңе ән-жыр арнау,

Өйткені Өзің менің қолдаушымсың,

«Қанатыңның аясында» шаттанамын.

Иеміз адамзатқа әділ үкім айтады,

Халықтарға ақиқат шешім шығарады.

Қаналғандарға Жаратқан пана болады,

Қиын жағдайда зәулім қорған боп тұрады,

Өмір бойы бізге қаһарың төнеді,

Жылдарымыз күрсінумен бітеді.

Ауыздарынан менмен сөздер үздіксіз шығады,

Зұлымдық істейтіндердің бәрі мақтанады,

Мәсіхтің сүйіспеншілігінен бізді не айыра алады? Азап пен қысым ба, қудалану мен аштық-жалаңаштық па, әлде қауіп пен семсер ме? Забурда мына сөздер жазылған: «Сен үшін жау бізді күнде жоюда, сойылатын қой деп бізге қарауда».Ал осының бәрінде біз өзімізді шексіз сүйетін Иеміздің арқасында ұлы жеңіске жетеміз.

Мен мынаған нық сенемін: өлім де, өмір де, періштелер де, жын-перілер де, бүгінгі күн де, болашақ та, табиғаттан тыс күштер де бізді Құдайдың сүйіспеншілігінен айыра алмайды! Рас, не үстіміздегі, не астымыздағы ешқандай күш те, тіпті жаратылыстың басқа ешбір нәрсесі де бізді Құдайдың Иеміз Иса Мәсіх арқылы көрсетіп жүрген сүйіспеншілігінен айыра алмайды!

Provisão nas dificuldades

O Senhor provê mesmo nos tempos mais difíceis. Ele sustentou Elias, protegeu Israel e cuida dos seus com fidelidade eterna.

Жаратқан Ие Ілияс арқылы уәде еткендей, кеспектегі ұн мен құмырадағы май таусылмады.

Осындай істерімен халық өзін қорлады,

Қасиетті Келісімге сатқындық жасады.

Содан халқына қарсы қаһарланды Жаратқан,

Әбден жиренді Өзінің меншікті халқынан.

Оларды бөтен ұлттарға тапсырды,

Үстерінен жек көрген жаулары билік құрды,

Себебі жақын қалдым мен құлауға,

Азабым әрдайым көз алдымда.

Әділетсіз ісімді мойындаймын,

Жасаған күнәма қайғырудамын.

Мен шөлдеген жерді суға кенелтіп, кеуіп қалған далаға суды тасқындатып ағызамын. Ұрпақтарыңның үстіне Рухымды құйып, оларға жарылқауымды жаудыра беремін.

Ал жарлылар Өзіңнен баспана табады,

Апатта мұқтаждар қасыңда қорғанады,

Оларға қорғаныш боласың дауылдан

Әрі ыңғайлы көлеңке боп ыстықтан.

Жауыздардың кәрлі лебі қабырғаны

Соққылаған боран

оны күндізгі қапырықтан тасалап, дауыл мен жауыннан да қорғайтын болады.

Судан өткен кезіңде саған жар боламын, өзендерден өткенде батып кетпейсің. Отты жарып өтсең, күйіп қалмайсың, тіпті жалыны да шарпымайды.

Força nas provas

Em tudo somos atribulados, mas não esmagados. O Senhor é bom e é fortaleza no dia da angústia — Ele conhce os seus.

Жан-жақтан қысым көрудеміз, бірақ тапталған жоқпыз, шарасыз болып қысылудамыз, бірақ үмітімізді үзген жоқпыз. Қуғынға түссек те, Тәңір Ие бізді жалғыз қалдырған жоқ; жығылсақ та, жойылмаймыз.

Жаратқан Ие ізгі, басыңа қиындық түскен кезде Ол паналайтын қорғаның болады. Өзіне сенім артқандарды Ол жақыннан танып біледі.

Тәңір суды бұлттарға жинайды, ал бұлттар судың салмағынан жарылып кетпейді. Құдай толық айды жауып, үстіне Өзінің бұлтын жайып қояды. Жарық пен түнектің арасын бөліп тұру үшін су бетінде шеңбердей көкжиекті сызып қойды.

Тілдің пәлесінен аулақ болып, ойран келгенде де қорықпайсың.

Иса оларға:

— Сенімі аздарым-ай, неліктен соншама қорқасыңдар? — деді де, орнынан тұрып, жел мен көлге тыйым салды. Сонда жым-жырт тыныштық орнады. Аң-таң болған қайықтағылар өзара: «Тіпті жел мен көл де бағынатын Бұл кім Өзі?» — десті.

Ал енді, бүгін далада өсіп тұрған, ертең отқа тасталатын шөпті Құдай солай киіндірсе, сендерді, әлбетте, одан бетер киіндірмей ме, сенімі аздарым-ай!

Сондықтан не ішіп-жейміз, не киеміз деп уайымдамаңдар!

Ал әйел Құдай алдын ала дайындап қойған айдаладағы бір жерге қашып құтылды. Сол жерде әйелге бір мың екі жүз алпыс күн бойы қамқорлық жасалатын болады.

Естеріңде болсын: Мен сендерге жыландар мен шаяндарды таптап басып, жаудың барлық күшін жеңетін билік бердім. Енді сендерге еш нәрсе де зиянын тигізе алмайды.

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.