Ensinar
Ensinar é mandamento e dom. A Bíblia exorta pais, líderes e mestres a transmitir a verdade divina com fidelidade, paciência e sabedoria para as próximas gerações.
Ensinar a Palavra
Toda Escritura é útil para ensinar. Quem ouve as palavras de Jesus e as pratica é como o homem sábio que construiu sobre a rocha.
Киелі жазбалардың бәрі Құдай Рухының жетелеуімен жазылған. Олар тәлім беру, әшкерелеу, түзету әрі әділдікке тәрбиелеу үшін тиімді. Осылай Құдайдың адамы барша игі іске дайындалып, толықтай даяр болмақ.
Таудағы уағыздың соңы: Берік негіз бен осал негіз
Осы айтқандарымды тыңдап, оларды орындаған әркім үйін берік тастың үстіне қалап салған көреген адамға ұқсас болады.
Мәсіх туралы Ізгі хабарға көңілдеріңнен мол орын беріңдер: Забур жырлары, мадақтау өлеңдері және Киелі Рух дарытқан басқа да әндер арқылы бір-біріңе зор парасатпен тәлім-тәрбие және бағыт-бағдар беріңдер. Жүректерің ризашылыққа кенеліп, Құдай Иемізге арнап ән айтып отырыңдар!
Киелі жазбалардағы осындай сөздердің бәрі бізге тәлім болсын деп ежелде жазылып қалдырылды. Керемет болашағымыздан үміт үзбеуіміз үшін Киелі жазбалар арқылы табандылық пен жігерлілікке үйренеміз.
Жазбаның мақсаты — даналыққа үйрету
Бұл жазбада Исраилдің патшасы Дәуіт ұлы Сүлейменнің нақыл сөздері берілген.
Нақыл сөздердің мақсаты мынау:
Даналық пен тағылымды білдіріп,
Парасатты сөздерді ұғындыру,
Әділдік, дұрыс іс, ақ ниетке бағыттап,
Тәрбиелі, саналы өмірді иеленту,
Ақылы толмағанға ақыл беріп,
Жастарға білім, саналылық сыйлау.
Саналы жан тыңдап, ақыл-кеңес табады,
Дана жан біліміне білім қосады,
Осылай нақыл да астарлы сөздерді,
Данышпан адамдар айтып кеткендерді
Һәм олардың жұмбақтарын түсінеді.
Білімнің бастауы
Білімнің бастауы — Жаратқан Иені
Терең қастерлеп, Оған мойынсұну.
Ал Құдайдан безген надандар болса,
Елемейді даналық пен тәрбиені.
Instruir as gerações
Ensina a criança nos caminhos de Deus. A geração que não conhece o Senhor perde a herança espiritual da fé.
Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, бар күш-қуатыңмен сүй!
Бүгін Мен өздеріңе тапсырып отырған осы сөздер жүректеріңнен тұрақты орын алсын! Балаларыңа да бұл сөздерді мұқият үйретіңдер: үйде отырған не жол жүрген, төсекте жатқан не тұрып жатқан кездеріңде де солар туралы айтатын болыңдар!
Балам, әкеңнің тәрбиесін тыңда,
Шешең берген тәлімнен де бас тартпа!
Олар басыңдағы тәждей тамаша,
Мойныңдағы моншақтай ұнамды да.
Азғын әйелден сақтандыру
Балам, әке өсиетін есте сақта,
Анаң берген тәлімнен де бас тартпа,
Оларды мәңгі жүрегіңе түйгін,
Мойныңа таққандай сақтап жүргін,
Жүргенде олар тура жолды нұсқар,
Ұйықтасаң күзетіп, қорғап жатар,
Оянғанда саған ақыл айтар.
Өсиет пен тәлім шам-шырақ секілді,
Түзеткіш тәрбие өмір жолын сілтейді.
Парасатқа ие болып, даналыққа кенелгін,
Сөздерімді ұмытып, бас тартып жүрмегін.
Даналықтан безбе, сонда ол сені қорғайды,
Ұдайы оны сүйсең, сені аман сақтайды.
Ең бастысы — даналық, даналыққа кенелгін,
Қолыңдағы барыңмен парасатқа ие болғын.
Жоғары оны бағала, дәрежеңді көтерер,
Айырылма одан, абыройыңды асырар.
Тәлімімнен мықтап ұстан, айырылып қалма,
Шын өмірге жеткізеді, соны есіңде сақта.
Қылмыскерлер жолына аяғыңды салма,
Зұлымдардың соқпағымен жүретін болма!
Ең бастысы, таза сақта жүрегіңді,
Өйткені ол — өміріңнің қайнар көзі.
Лайым аузыңнан өтірік шықпасын,
Тілің жалғандықтан қашықтасын!
Алға қарай көзің тура қарасын,
Алған бағыттан назарың таймасын,
Көңіл бөл жүретін жолыңа өзіңнің,
Лайым берік болсын жолдарың сенің.
Алға бас, оңға-солға бұрылма,
Аяғыңды жамандықтан аулақ ұста.
Данышпанның тәлімі — өмір бұлағы,
Ол адамды ажал торынан құтқарады.
Даналықтың бастауы — Жаратқан Иені
Терең қастерлеп, Оған мойынсұну,
Һәм ақыл-парасат — Киелі Құдайды
Және Оның еркін жақыннан тану.
Құдайдан жау басып алған елді құтқаруын сұрау
(Асафтың жыры.)
Уа, Құдай, Өзіңе бағынбаған ұлттар
Сенің меншікті еліңді басып, олар
Сенің киелі үйіңді арамдады,
Иерусалимді қиратып, талқандады.
Жау Сенің қызметшілеріңнің мәйіттерін
Құстарға жемтік етіп тастап кеткен,
Олар адал адамдарыңның денелерін
Жабайы аңдардың азығы еткен,
Солардың қанын Иерусалимді
Айналдыра ағызды су тәрізді,
Сүйектерін жерлейтін қалдырмады ешкімді.
Көршілеріміз бізді келеке қылуда,
Маңымыздағылар мазақтап қорлауда.
Исраил халқының опасыздығы
Сол буынның күллі адамдары дүние салып, ата-бабаларының қасына жөнелгеннен кейін, Жаратқан Иені танымайтын және Оның Исраил үшін істеген ұлы істерін ескермейтін жаңа ұрпақ дүниеге келді.
Fidelidade no ensino
Quem ensina com fidelidade merece dupla honra. Cuidado com doutrinas falsas — permaneçam na doutrina de Cristo.
Қауым жетекшілері туралы қосымша нұсқаулар
Қауымды жақсы басқаратын жетекшілер, әсіресе Құдай сөзін уағыздап, үйретуге еңбегі сіңгендер, ерекше құрмет пен қамқорлыққа лайық. Себебі Киелі жазбаларда былай делінген: «Астық бастырып жүрген өгіздің аузын бума». Және: «Еңбек еткен ақысын алуға лайық».
Жай, бос әңгімелерден аулақ жүр. Бұларды айтатындар Құдайдың адал жолынан одан бетер адасып кетеді. Олардың сөздері қабынған жарадай жайыла беріп, рухани денені құртпақ. Солардың арасында Үменей мен Філет те бар.
Мәсіхтің ілімімен жүрмей, одан шығып кеткен адамның Құдаймен қатынасы жоқ. Ал Оның ілімімен жүргендер көктегі Әкемен де, Оның рухани Ұлымен де тығыз байланыста болады.
Мейрамның жартысы өткен кезде Иса ғибадатхананың ауласына барып, жұртқа тәлім берді. Яһуди діндарлары таңғалып:
— Арнайы дайындықсыз Мынау Киелі жазбаларды қалай түсіне алады? — деді. Иса оларға былай деп жауап берді:
— Ілімім Менікі емес, Мені Жібергендікі.Соның еркін орындағысы келген әркім осы ілім Құдайдан ба, әлде Мен өз бетіммен сөйлеп тұрмын ба, соны білетін болады. Өз бетімен сөйлеген әркім өзінің ғана беделін ойлайды. Ал Өзін Жібергеннің беделін ойлаған Кісіге сенуге болады, Оның ойында әділетсіздік жоқ.
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.