Pular para o conteúdo
Publicidade

Esperar no Senhor

Por Bíblia Online

Esperar no Senhor é ato de fé e confiança. A Bíblia promete que os que esperam em Deus renovam as forças, recebem direção e experimentam a fidelidade divina no tempo certo.

Renovar as forças

Os que esperam no Senhor renovam as forças. Sobem como águias, correm e não se cansam, caminham e não se fatigam.

Ал сенім артқандар Жаратқан Иеге

Жаңа күш-қуатты иемденеді де,

Қырандай қанаттарын жайып кеңістікке

Самғай жөнеледі, алайда талмайды,

Жүре береді, бірақ еш болдырмайды.

Құдай өз халқына рақым көрсетпек

Сондықтан Жаратқан Ие сендердің Өзіне қайтып келіп, рақымына ие болуларыңды сағына күтуде. Ол орнынан тұрып, сендерге мейірбандық көрсетуге дайын. Өйткені Жаратқан Ие — әділ Құдай. Оған сенім артып Оны күтетіндер қандай бақытты!

Құдайдан зұлым жаулардан құтқаруды сұрау

(Дәуіттің жыры.)

Саған сиынамын, уа, Жаратқан Ием,

Жартастай берік қорғанымсың Сен,

Бас тарта көрме маған жауап беруден.

Егер де тіл қатып жауап бермесең,

Қабірге түскендерге ұқсаймын мен.

Киелі үйіңе қарай қол көтеріп

Жалбарынсам Сенен қолдау тілеп,

Менің даусыма құлақ түре көрші.

Қылмыс жасайтын зұлымдармен бірге

Маған өлімді бұйыра көрмеші.

Басқалармен солар жылы сөйлескенмен,

Олардың жүректері арамза әбден.

Соларға жасаған қылмыстарына сай,

Істеген зұлым істеріне қарай

Тиісті жазаларын тартқыза гөр,

Лайықты қарымтасын қайтара гөр.

Иеміздің істерін олар елемейді,

Оның жаратқандарын құрметтемейді,

Сондықтан Ол соларды талқандайды,

Енді қайтып оларды көтермейді.

Жаратқан Ие мақталсын әрқашан!

Құлақ асты Ол даусыма жалынған.

Ием — күш-қуатым, қалқандай қорғаным,

Шын жүректен Оған сенім артамын.

Ол мені қолдады, қатты қуанады жүрегім,

Иеме ән салып Оны дәріптеймін.

Жаратқан Ие — күш-қуаты өз халқының,

Әрі Өзі тағайындаған патшасының

Берік қорғаны аман-есен сақтайтын.

Уа, Жаратқан, халқыңды құтқара гөр,

Меншікті қауымыңды жарылқай гөр,

Бағушысы болып мәңгі көтере бер.

Espera paciente

Esperei com paciência no Senhor e Ele se inclinou para mim. Confie nele e descanse — Ele agirá no tempo certo.

Науқас жанның мінажаты

(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)

Жарлының қамын ойлайтын жан бақытты!

Ауыр күнде Иеміз оны құтқарады,

Әрі қорғап, өмірін аман сақтайды,

Жаратқан оны елде жарылқайды,

Жауларының еркіне беріп қоймайды.

Ауырса ол, Иеміз оған күш береді,

Төсектегі оның халін түзетеді.

Иеме былай деп мінажат еттім:

«Рақымды бола гөр, уа, Жаратқан Ием,

Саған қарсы күнә жасаған едім,

Сауықтыра гөр жан дүниемді менің!»

Дұшпандарым жамандап былай дейді:

«Қашан анау өліп, аты өшеді?»

Біреуі маған кіріп-шықса, жалған сөйлейді,

Шынымен ол тек өсек-аяң жинайды,

Барған жерлерінде сонысын жаяды.

Мені жек көргендердің барлығы

Өзара маған қарсы сыбырласады,

Былай деп жамандық ойластырады:

«Қатерлі ауру жабысыпты оған,

Ол мәңгі тұрмайды жатқан орнынан!»

Тіпті дастарқандас боп нанымды жеген

Сырлас досым, өзім толықтай сенген,

Енді мені теуіп жіберу үшін

Маған қарсы көтерді өз өкшесін.

Ал Сен, уа, Ием, рақымды бола гөр,

Сауықтырып орнымнан тұрғыза гөр,

Оларға лайықтысын қайтарайын.

Жауымның мені жеңіп шықпағанынан

Ұғамын Сенің риза екеніңді маған.

Адал жүрген мені аман сақтайсың,

Көз алдыңа мәңгі орнатқызасың.

Исраил сиынатын Құдай Ие

Мадақтала берсін мәңгілікке!

Аумин, иә, аумин.

Әділ жан қиындықты көп көреді,

Ал Иеміз оны бәрінен азат етеді,

Оның барлық сүйектерін аман сақтайды,

Тіпті бірде-біреуі сындырылмайды.

Сұрқияның зұлымдығы түбіне жетер,

Әділді жек көрген жан зардабын шегер.

Өмір бойы бір Сені мадақтаймын,

Атыңды атап қолымды жаямын.

Confiança e perseverança

Confie no Senhor de todo o coração. Sede pacientes na tribulação — o Senhor é fiel e cumprirá todas as suas promessas.

Өз ақыл-санаңа сүйеніп жүрме,

Сенім арт шын жүректен Жаратқан Иеңе.

Бар жағдайда да мойында Тәңір Иеңді,

Сонда Ол тура жолмен жетелер сені.

Иә, тіпті азап шегіп жүрсек те, шаттана аламыз. Себебі азаптың бізге шыдамды болуды үйренуге көмектесетінін білеміз. Шыдамдылықтан сенімділік туады, ал сенімділік бізге үміт береді.

Сендер Оның ұлы құдіретінен мол қуат алып, әрдайым төзімділік пен ұстамдылық таныта алсын әрі қуанышқа кенеліп,

Мәсіхтің қайтып келуін сабырмен күту

Ендеше, бауырластарым, Иеміз қайтып келетін кезге дейін шыдаңдар. Диқанға қараңдаршы: ол егіндік жерінен алатын құнды өнімін тосып, оны күзгі және көктемгі жаңбырдың суғаруын төзімділікпен күтеді. Сендер де сабырмен күтіп, жүректерің мызғымас табанды болсын. Өйткені Иеміз жуырда қайтып келмек.

Сол төзімді адамдарды бақытты деп санаймыз. Әйүп пайғамбардың шыдамдылығы туралы естігенсіңдер, Жаратқан Иенің ақыр аяғында оны қалай жарылқағанын да білесіңдер. Иеміздің жанашырлығы мен қайырымдылығы қандай зор!

Шынайы хабарға мойынсұнып, күнәдан тазарған сендер бауырластарыңа деген нағыз сүйіспеншілікке кенелдіңдер. Енді бір-біріңді үздіксіз, шын жүректен сүйіңдер! Рухани қайта туылып, жаңа өмірге иесіңдер ғой. Бұл шіріп кететін табиғи тұқым арқылы жүзеге асқан жоқ. Қайта, сендер ешқашан құрымайтын «рухани тұқым» — Құдайдың өмір беретін мәңгілік сөзін қабылдағанда, қайта туылып жаңа өмірге ие болдыңдар.

Күллі пенде атаулы көк шөп секілді!

Бар салтанаты дала гүліндей өткінші:

Шөп сарғайып қурап, гүл солады,

Ал Жаратқанның сөзі мәңгі қалады!

Сендерге уағыздалған Ізгі хабар — Құдайдың осы мәңгілік сөзі.

Кейбіреулер «Ол кешігіп, келмей қалды» деп санағанмен, Иеміз уәдесін орындауын кешіктірмейді! Керісінше, Ол бізге төзімділік танытуда: ешкімнің де тозаққа түсуін емес, барлық адамдардың теріс жолдан қайтып, күнәларына өкініп, солардан арылуын қалайды!

Күйеу жігітті қарсы алмақ болған он қыз туралы астарлы әңгіме

Сол кезде Құдай Патшалығындағы жағдай мынаған ұқсас болады: он бойжеткен қолдарына шамдарын ұстап, күйеу жігітті қарсы алуға шығыпты. Олардың бесеуі ақылды, бесеуі ақылсыз екен. Ақылсыз қыздар шамдарын алғанмен, құятын артық май алмай шығады. Ал ақылдылары шамға қоса майға толы құмыраларын да ала жүреді. Күйеу жігіт ұзақ кешіккендіктен, барлығы қалғып, ұйықтап қалады.

Бірақ түн ортасында: «Күйеу жігіт келіп қалды! Қарсы алуға шығыңдар!» — деген дауыс естіледі. Сонда қыздардың бәрі де орындарынан тұрып, шамдарын жөндейді. Ақылсыздары ақылдыларына:

— Майларыңнан беріңдерші, шамдарымыз сөнейін деп жатыр, — дейді. Ал олар:

— Бізге де, сендерге де жетпей қалғанша, өздерің сатушыларға барып, май сатып алғандарың жөн, — деп жауап береді. Әлгілер майға кеткенде күйеу жігіт келіп, дайын тұрғандар онымен бірге тойға кіріп кетеді де, есіктер жабылып қалады.

Кейін майға кеткен қыздар да келіп:

— Тақсыр мырза! Есікті аша көріңіз! — деп өтінеді. Ал күйеу жігіт оларға:

— Шын айтамын, сендерді танымаймын! — деп жауап береді.

Сондықтан сергек болыңдар! Себебі сендер Мен Билеуші ретінде көктен келетін күнді де, сәтті де білмейсіңдер.

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.