Pular para o conteúdo
Publicidade

Filho do homem

Por Bíblia Online

Filho do Homem é o título que Jesus mais usou para si mesmo. Ele conecta sua humanidade plena com a visão profética de Daniel sobre o Messias glorioso que receberá domínio eterno.

A profecia de Daniel

Daniel viu alguém como o Filho do Homem vindo com as nuvens do céu. Foi-lhe dado domínio, glória e reino eterno.

Мен сол түні көріп жатқан көріністерде кенеттен адам баласына ұқсайтын Біреудің аспандағы бұлттармен келе жатқанын байқадым. Ол мәңгі жасап келе жатқан Тәңір Тағалаға жақындап келіп, Оның алдына әкелінді. Оған құдірет, салтанатты ұлылық және патшалық билік тапсырылды. Барлық халықтар, ұлттар және тілдердің адамдары Оған бой ұсынып құрмет көрсетуге тиіс болды. Ол ешқашан өшпейтін мәңгілік билік құрады, Оның патшалығы еш уақытта жойылмайды!

Олардың арасында адам баласына ұқсас Біреу тұр екен. Ол етегі аяғына дейін жететін ұзын шапан киіп, кеудесіне алтын аспа бау таққан еді.

Содан соң қарасам, бір нұрлы бұлтты көрдім. Бұлттың үстінде адам баласына ұқсайтын Біреу отырды. Ол басына алтын тәж киіп, қолына өткір орақ ұстапты.

Содан ол:

— Міне, ғажап, көктің ашылғанын және көктен келіп, сонда қайта оралған Билеушінің Құдайдың оң жағындағы құрметті орнында тұрғанын көріп тұрмын! — деп дауыстап жіберді.

Jesus, o Filho do Homem

O Filho do Homem veio buscar e salvar o que se havia perdido. Ele tem autoridade para perdoar pecados e julgar.

(Мен, Құдай тағайындаған Билеуші, тура жолдан адасып кеткендерді құтқаруға көктен келдім.)

Иса оларға былай деді: «Жақсы тұқым сепкен — көктен келген Билеуші.

Жүністің үш күн, үш түн дәу балықтың ішінде жатқаны сияқты, көктен келген Билеуші де жер қойнында үш күн, үш түн жататын болады.

Мәсіхтің Өзінің өліп, қайта тірілетінін екінші рет білдіруі

Олар Ғалилеяда бірге жүрген кезде Иса шәкірттеріне (өз басынан өткізетіндері туралы) былай деді: «Көктен келген Билеушіні адамдардың қолына ұстап береді!

Сол сияқты, сендер де дайын болыңдар! Өйткені сендер күтпеген сәтте Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келемін!

Халықтардың ақырзамандағы сотталуы

— Құдай тағайындаған Билеуші қасиетті періштелерін ертіп ғаламат ұлылықпен көктен келген кезде Өзінің салтанатты тағына отыратын болады.

себебі Ол шәкірттеріне тәлім беріп жүрді. (Өз басынан өткізетіндері туралы) былай деді: «Көктен келген Билеушіні адамдардың қолына ұстап береді! Оны өлтіреді, бірақ содан кейінгі үшінші күні Ол қайта тіріледі!»

Себебі Мен де Құдай тағайындаған Билеуші бола тұра, Өзіме қызмет еткізу үшін емес, Өзім қызмет етіп, көптеген адамдардың азаттық төлемін өтеп жанымды қию үшін осы дүниеге келдім.

Ал көктен келген Менің жер бетінде күнәларды кешіруге билігімнің бар екендігін білулеріңіз үшін,.. — деп, сал адамға қарап: — Саған айтамын: орныңнан тұр да, төсенішіңді жинап алып, үйіңе бар! — деп тапсырды.

Иса оған:

— Түлкінің іні бар, құстың ұясы бар, ал көктен келген Билеушінің бас тірейтін тұрағы да жоқ, — деп жауап берді.

Өйткені найзағайдың жарқ етіп, аспанды о шетінен бұ шетіне дейін жарқыратып жіберетініндей, уақыты болғанда Менің Билеуші ретінде көктен қайтып келуім де (аяқ астынан және ап-айқын) болады.

Glória e autoridade

Quando o Filho do Homem for levantado, atrairá todos a si. Ele é plenamente humano e plenamente divino.

Сондықтан Иса былай деді:

— Сендер көктен келген Билеушіні (айқышқа шегелеп) жоғары көтеріп қойған кезде Менің Сол екенімді, әрі еш нәрсені өз еркіммен істемей, тек Әкем қалай үйретсе, солай сөйлейтінімді ұғатын боласыңдар.

— Сендерге өте маңызды шындықты айтайын: бұдан былай көктің ашылғанын көресіңдер! Сонда Құдайдың періштелері көкке көтеріліп кетіп әрі Құдай тағайындаған Билеуші — Маған түсіп келіп тұратын болады.

Қайта, Киелі жазбалардың бір жерінде осы туралы біреу мынаны байыппен айтқан ғой:

«Өзің ескеретіндей адам сонша кім?

Сен қамқорлайтындай адам баласы кім?

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.