Legalidades
A Bíblia reconhece a necessidade de leis e governo civil. Os cristãos são chamados a obedecer às autoridades estabelecidas por Deus, enquanto mantêm a lealdade suprema a Cristo.
Submissão às autoridades
Toda autoridade é instituída por Deus. O cristão é chamado a respeitar as leis, pagar tributos e honrar quem governa.
Үкіметке мойынсұну туралы
Әрқайсың мемлекеттік билігі барларға мойынсұныңдар! Себебі мемлекеттік биліктің бәрі негізінде Құдайдан; қазіргі билікті де Құдай орнатқан.Сондықтан билікке қарсы шыққандар Құдайдың орнатқан тәртібіне қарсы тұрады. Мұндай қарсыласқандар жазаларын тартатын болады. Билеушілерден жақсылық істегендер емес, жамандық істегендер қорқуға тиіс. Билік иесінен қорықпай жүргің келсе, жақсылық істей бер, сонда одан мақтау аласың. Өйткені ол сенің мүддең үшін Құдайға қызмет етуші. Ал егер жамандық істесең, қорыққаның жөн, ол семсерін беліне бекер байлап жүрген жоқ. Билік иесі — Құдайдың қылмыскерге жазасын тартқызатын қызметшісі ғой. Сонымен, сендер тек жазадан қорыққандықтан ғана емес, ар-ұждандарыңның таза болуы үшін де мойынсұнуларың керек.
Сондықтан да алым-салық төлеп тұрсыңдар, себебі билік иелері — Құдайдың қызметіндегілер, олар ел басқарумен үздіксіз айналысуда. Әркімге тиістісін беріңдер: алым-салықты — салықшыларға, кеден салығын — кеденшілерге төлеп, сый-құрмет пен қадірді — тиістілерге көрсетіңдер.
Мәсіхтің қайта оралуын асыға күтіп таза өмір сүру жайлы
Қарыздарыңды уақтылы өтеп қайтарыңдар, әсіресе, бір-біріңді сүю парызын өтеп тұрыңдар. Адамның басқаларды сүюі Құдайдың заңын да орындағаны.
Құдайға мойынсұнбайтын халықтар арасында адал өмір сүріңдер! Олар сендерді жамандық жасаушылар деп айыптайды. Алайда Құдай бізді құтқаруға келген күні олар өз көздерімен көріп жүрген игі істеріңе бола Оны мадақтайтын болады.
Сонымен, сендер Жаратқан Иенің меншігі болғандықтан, Ол тағайындаған әрбір билік иесіне мойынсұныңдар! Елдің басшысы ретінде патшасына бой ұсыныңдар, патшаның жамандық жасағандарды жазалап, жақсылық істегендерді мақтауға бекітіп жіберген әкімдеріне де бағыныңдар!
Енді бізге айтыңызшы, қалай ойлайсыз, Рим патшасына алым-салық төлеуіміз дұрыс па, әлде бұрыс па? — Олардың арам ойларын білген Иса:
— Екі жүзділер, Мені азғырып сынамақсыңдар, ә? Маған салыққа төлейтін бір күміс теңгені көрсетіңдерші! — деді. Олар Оған бір күміс теңге әкеліп берді. Иса:
— Мына сурет пен жазу кімдікі? — деп сұрады. Олар:
— Рим патшасынікі, — деп жауап берді. Сонда Иса:
— Олай болса, патшаға тиістісін патшаға, ал Құдайға тиістісін Құдайға беріңдер! — деп тұжырымдады.
Obrigações legais
Jesus cumpriu obrigações legais, pagou impostos e orientou seus seguidores a obedecer à lei sem comprometer a fé.
Ғибадатхана садақасы және Құдайдың қамқорлығы
Олар Қапарнаумға келгенде, ғибадатхана үшін садақа ақшасын жинайтындар Петірге келіп:
— Ұстаздарың ғибадатхана садақасын төлемей ме? — деп сұрады. Ол:
— Иә, төлейді, — деді. Петір үйге кірген соң, Иса оның алдын орап:
— Шимон, қалай ойлайсың: осы дүниелік патшалар алым-салықты кімнен жинайды: өз халқынан ба, әлде бөтендерден бе? — деген сұрақ қойды.
— Бөтендерден.
— Сонымен өз халқы салықтан босатылған, — деп тұжырымдады Иса. — Алайда әлгі садақа жинаушыларды өкпелетпеу үшін көлге барып, қармақ таста. Ілінген алғашқы балықтың аузын ашсаң, бір үлкен күміс теңгені табасың. Соны алып, оларға сен екеуіміз үшін бере сал, — деп тапсырды.
Біреу саған қарсы дау көтерсе, оған еріп сотқа бара жатқанда онымен тезірек татуласуға тырыс! Олай етпесең, қарсыласың сені сот алдына апарады, ал сот сақшыға ұстап беріп, сақшы сені түрмеге қамайды. Саған шындығын айтамын: сен берешегіңді соңғы тиынына дейін төлемейінше, сол жерден шыға алмайсың!
Менің жолыма түскендеріңе бола сендерді әміршілер мен патшалар алдына да апарады. Осылайша соларға және басқа ұлт адамдарына Мен туралы ашық айтасыңдар.Адамдар сендерді ұстап бергенде, қалай және не айтатындарыңды ойлап уайымдамаңдар! Айтатын сөздерің сол сәтте ауыздарыңа салынады.
Құтқарушы Исаның дүниеге келуі
Сол күндері Рим патшасы Август жер жүзінің барлық тұрғындарына салық төлеу үшін тізімге тіркелуге жарлық шығарды. Бұл Сирия өлкесін Кирини басқарған замандағы алғашқы халық санағы болатын. Сонда әркім тізімге тіркелу үшін өзінің атамекеніне барды.
Жүсіп те Ғалилеядағы Назарет қаласынан жолға шығып, Дәуіт патшаның туған қаласына, Яһудея аймағындағы Бетлехемге, тізімге тіркелуге барды. Себебі Жүсіп Дәуіттің әулеті мен руынан шыққан еді. Аяғы ауыр әйелі Мәриям оған еріп жүрді.
Perspectiva divina
As nações são como uma gota no balde diante de Deus. Ele abre portas que nenhuma lei pode fechar.
Қайта, бар халықтар судың шелектегі
Тамшысындай ғана болып көрінеді,
Таразыға қонған шаң-тозаң іспетті
Олар да салмақсыз деп есептеледі.
Құдай аралдарды түйіршік секілді
Оп-оңай қолына алып көтереді.
Бар халықтар Жаратқанның алдында
Онша маңызсыз болып саналады,
Олар Құдай Иемен салыстырғанда
Мүлдем жоқ, мағынасыз болып шығады.
Өйткені осында өнімді еңбек етуіме есік айқара ашық, ал қарсыластарым да аз емес.
Сонда Пилат:
— Менімен сөйлескің келмей ме? Сені босатып жіберу де, айқышқа шегелетіп өлтіру де менің билігімде екенін білмейсің бе? — деді. Иса оған:
— Көктен берілмесе, Маған билігіңіз жүрмес еді. Сондықтан Мені ұстап бергеннің күнәсі сіздікінен де үлкен, — деп жауап қайтарды.
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.