Mãe
A mãe é honrada na Bíblia como pilar da família. Seu amor incondicional, sua sabedoria e sua dedicação são celebrados como reflexo do próprio amor de Deus por seus filhos.
O amor de mãe
Pode uma mãe esquecer-se do filho do seu ventre? Ainda que ela se esquecesse, Deus nunca nos abandona. O amor materno reflete o divino.
Шешесінің бөбегін жұбатқанындай, Мен де сендерді жұбатпақпын. Иерусалимде жұбаныш табасыңдар.
Әйелің сенің үйіңнің ішіндегі
Жемісті жүзім бұтасы секілді,
Ал ұл балаларың дастарқан басындағы
Зәйтүн ағашының өркендері сияқты.
Қыспақтаған жаудан қорғауды сұрау
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)
Жастайынан көріп келген қыспағы
Жайлы айтып берсін Исраил халқы:
«Жастайымнан мол көрдім қыспақты,
Алайда мені мүлдем жеңе алмады,
Сүйіспеншілік шыдамды да қайырымды,
Еш қызғанбайды, мақтанбайды, паңданбайды,
Әдепсіз, өзімшіл, ашушаң да болмайды,
Ол көрген жәбірін есінде сақтамайды,
Әділетсіздікті еш құптамайды,
Қайта, ол ақиқатқа сүйсінеді,
Дәйім қорған болып, ұдайы сенеді,
Үмітін еш үзбей, бәріне шыдайды.
Sabedoria e instrução
A mãe sábia instrui os filhos nos caminhos de Deus. Seu ensino é lei que guia e sua disciplina é expressão de amor verdadeiro.
Балам, әкеңнің тәрбиесін тыңда,
Шешең берген тәлімнен де бас тартпа!
Олар басыңдағы тәждей тамаша,
Мойныңдағы моншақтай ұнамды да.
Баланы жастан салсаң тура жолға,
Есейгенде ол содан таймайды да.
Жазасын тартқызбаған баласын сүймейді,
Баласын сүйген оны жасынан тәрбиелейді.
Ақылды бала әкесін риза қылар,
Ақылсыз жан шешесін қор қылар.
Сондықтан өз көздеріңмен көрген осы нәрселердің ешқайсысын естеріңнен шығармауларың үшін, әрі өмір бойы жүректеріңнен кетіп қалмаулары үшін абай болып сақтаныңдар! Сол үшін балаларың мен немерелеріңе оларды айтып үйрететін болыңдар!
Honrar a mãe
Honra teu pai e tua mãe. A mulher virtuosa é digna de louvor — seus filhos se levantam e a chamam bem-aventurada.
Ата-анаңды сыйла!
Құдайың Жаратқан Ие өзіңе табыстайтын елде ұзақ өмір сүруің үшін осылай істе.
Ата-ана мен балаларына өсиет
Балалар, Иеміздің еркіне мойынсұнып, әке-шешелеріңнің тілін алыңдар, өйткені осылай істегендерің дұрыс. «Ата-анаңды сыйла!» Бұл, Құдайдың бір уәдемен байланыстырып берген алғашқы өсиеті: «Сонда жерде игілікті де ұзақ өмір сүретін боласың».
Жақсы әйел — даналықтың үлгісі
Еңбекқор, жақсы әйелді кім таба алар?
Ол інжу-маржаннан да бағалы болар!
Осылай ол бөленеді күш пен салтанатқа,
Шаттықпен қарайды жарқын болашаққа.
Аузынан шыққан сөзі — нағыз даналық,
Берген тәлімі — мейірімді жақсылық.
Үй шаруасын мұқият бақылайды,
Ол нанын бекер жеп, еш масыл болмайды.
Балалары тұрып, аналарын дәріптейді,
Күйеуі де оны былай деп құрметтейді:
«Көп әйел заты еңбекқор, жақсы екен,
Бірақ барлығынан да асып түстің сен!»
Әсемдік өткінші, алдамшы сұлулық та,
Тәңір Иені қастерлейтін әйел лайық мадаққа.
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.