Pular para o conteúdo
Publicidade

Maria

Por Bíblia Online

Maria, mãe de Jesus, é honrada nas Escrituras como a mulher escolhida por Deus para trazer ao mundo o Salvador. Sua fé, humildade e obediência são exemplo para todos os cristãos.

A escolhida de Deus

O anjo Gabriel anunciou a Maria que ela seria mãe do Filho do Altíssimo. Ela respondeu com fé: 'Faça-se em mim segundo a tua palavra.'

Құтқарушымыз Исаның дүниеге келетіні туралы алдын ала білдіру

Алтыншы айда Құдай Жәбірейіл періштені Ғалилея аймағының Назарет қаласындағы бір қызға жіберді. Қыздың есімі Мәриям болатын, ол (Исраил елінің ежелгі патшасы) Дәуіттің әулетінен шыққан Жүсіп есімді жігітке айттырылып қойылған еді. Періште үйге кіріп, оған:

— Сәлем саған, Құдай жарылқаған жан, Жаратқан Ие саған жар! — деп тіл қатты.

Ал періште оған:

— Қорықпа, Мәриям, саған Құдай рақымын түсірді. Енді құрсақ көтеріп, Ұл табасың, Оның атын Иса деп қоясың. Ол өте мәртебелі болып, Құдай Тағаланың рухани Ұлы деп аталады. Құдай Ие Оған арғы атасы Дәуіттің тағын сыйлайды. Иса Жақыптың үрім-бұтағына мәңгі бақи Патшалық құратын болады. Оның Патшалығының шегі болмайды, — деді.

Құтқарушы Патшаның дүниеге келуі

Иса Мәсіхтің дүниеге келуі былай болды: Оның анасы Мәриям Жүсіпке айттырылған еді. Ал екеуі әлі де қосылмай тұрғанда-ақ, Киелі Рухтың құдіретімен Мәриямның аяғы ауыр екендігі белгілі болды.

O Magnificat

Maria cantou: 'Minha alma engrandece ao Senhor!' Seu cântico exalta a misericórdia, o poder e a fidelidade de Deus.

Сонда Мәриям былай деді:

— Жан дүнием Иемді мадақтайды,

Құтқарушым Құдайға қуанады:

Күңінің қарапайым жағдайына

Құдай рақыммен назар аударады.

Күллі ұрпақтар мені бұдан былай

«Құдай жарылқаған жан» деп атайды:

Есімі киелі Құдіретті Құдай

Маған керемет ұлы істер жасайды!

Рақымы Өзін қастерлеушілердің

Ұрпағынан ұрпағына жалғасады;

Ол қолының құдіретін танытып,

Асқақ ниеттілерді шашыратады,

Билік иелерін тақтан құлатып,

Атақсыздарды жоғарылатады,

Ашыққандарды игілікке кенелтіп,

Байларды құр қол қайтарып қуады.

Тәңір өз қайырымын ескеріп,

Қызметшісі Исраилді қамқорлайды:

Ежелгі ата-бабаларымызға,

Ыбырайым мен оның ұрпақтарына,

Құдай осылай айтқан болатын да.

Жүсіп те Ғалилеядағы Назарет қаласынан жолға шығып, Дәуіт патшаның туған қаласына, Яһудея аймағындағы Бетлехемге, тізімге тіркелуге барды. Себебі Жүсіп Дәуіттің әулеті мен руынан шыққан еді. Аяғы ауыр әйелі Мәриям оған еріп жүрді. Олар Бетлехемде болғанда Мәриямның босанатын уақыты жетіп, тұңғыш Ұлын тапты. Оны құндақтап, қорадағы шөп салатын ақырға жатқызды. Себебі қонақүйде оларға орын болмады.

Ал Мәриям осы сөздердің барлығын көңіліне түйіп, есіне сақтады.

Шимон оларға батасын беріп, Мәриямға былай деді: «Осы Бала Исраилдегі көп адамдардың сүрініп, құлауына, ал басқалардың жоғарылауына себепші болады. Ол Құдайдың еркін білдіріп, көбі Оған қарсы шығады. Сонда жүрек түкпірлеріндегі ой-ниеттері білініп қалады. Ал, Мәриям, сенің жаның жүрегіңді қылышпен тілгілегендей қатты ауыратын болады».

Әке-шешесі Оны көргенде аң-таң болды. Шешесі:

— Балам, бұл не қылғаның? Әкең екеуіміз қатты алаңдап, Сені іздеп келдік! — деді. Иса:

— Мені неге іздедіңіздер? Менің Әкемнің ісімен шұғылдануым қажет, әлде мұны білмедіңіздер ме? — деп жауап берді. Бірақ әке-шешесі Оның айтқан сөздерін түсінбеді.

Иса Назарет қаласына бірге оралып, оларға мойынсұнып жүрді. Осы сөздердің бәрін шешесі көңіліне түйіп алды.

Mãe fiel até o fim

Maria acompanhou Jesus desde o nascimento até a cruz. Ela estava entre os discípulos no Pentecostes, fiel em oração.

Шарап таусылып қалып, Исаның шешесі Оған:

— Олардың шарабы қалмады, — деді. Иса:

— Апа, Маған оны не үшін айтасыз? (Керемет жасау үшін көктегі Әкем белгілеген) уақытым әлі келген жоқ, — деп жауап берді. Дегенмен шешесі қызметшілерге: «Ол не айтса, соны істеңдер!» — деп тапсырды.

Иса шегеленген айқыштың қасында Оның шешесі, нағашы әпкесі, Клеопаның әйелі Мәриям және мағдалалық Мәриям тұр еді. Иса шешесін және оның қасында тұрған, Өзі жақсы көретін шәкіртін көргенде, шешесіне: «Апа, енді мынау — сіздің ұлыңыз!» — деді. Содан кейін шәкіртіне: «Енді осы кісі — сенің анаң!» — деді. Сол сәттен бастап шәкірті Исаның шешесін қамқорлығына алды.

Мәсіхтің рухани отбасы

Исаның шешесі мен туған бауырлары келіп, сыртта тұрып, Оған кісі жіберіп шақыртты. Сол кезде Исаны айналдыра көп халық отырған еді. Біреу Оған:

— Сыртта шешеңіз, бауырларыңыз және қарындастарыңыз келіп, Сізді шақырып тұр, — деді. Алайда Иса:

— Менің шешем мен бауырларымның кім екенін айтайын ба? — деп, айналасында отырғандарға қарап тұрып:

— Міне, Менің «шешем» мен «бауырларым»! Себебі Құдайдың еркін орындайтындар Маған бауыр, қарындас, шеше іспетті жақын! — деп жауап берді.

Өзі ағаш ұстасының Баласы емес пе? Шешесінің аты — Мәриям, ал інілері — Жақып, Жүсіп, Шимон, Яһуда. Қарындастарының бәрі де арамызда тұрады ғой. Сонда мұның бәрі Бұған қайдан біткен, ә?

Олар бірнеше әйелдермен, Исаның шешесі Мәриям және Оның інілерімен бірге ниеттес көңілмен осы жерде ұдайы Құдайға сиынып мінажат ететін.

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.