Pular para o conteúdo
Publicidade

Misericórdia

Por Bíblia Online

A misericórdia de Deus é eterna e inesgotável. Ele se compadece dos que sofrem, perdoa os arrependidos e derrama graça sobre os que não merecem. Grande é a sua fidelidade.

A misericórdia de Deus

Quem é Deus como tu, que perdoa a iniquidade? Ele se deleita em ter misericórdia e não retém a ira para sempre.

Сөзіне адал рақымды Құдайды мадақтау

«Өз меншікті халқын кінәсінен арылтатын әрі оның тірі қалғандарының теріс істерін кешіретін Сен сияқты қай Құдай бар? Сен мәңгілікке қаһарланбайсың, қайта, берік мейірім көрсетуден рақат табасың.

Менмен дұшпан қаралағанда Құдайға сенім арту

(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің насихат жыры. Ол едомдық Доиқтың Саулға барып, Дәуіттің Ахимәліктің үйіне кіріп-шыққаны жайлы хабар жеткізген кезіне арналған.)

Қол жуып адалдығымды білдіремін,

Құрбандық үстеліңді айналып жүремін,

Уа, Ием, мадақтап Сені әндетемін,

Керемет істеріңді паш етемін.

Құдайға сеніп тынышталу

(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.)

Уа, Жаратқан Ие, өркөкірек емеспін,

Паңдана қарамайды көздерім менің,

Не тым ұлы істермен шұғылданбаймын,

Не шамам келмейтіндермен айналыспаймын,

Қайта, ризамын, жан дүнием тыныштықта.

Бейқам жүр сәби анасының қасында,

Сол нәресте сықылды өз жаным да

Тыныш жатыр бейқам болып бойымда.

Ал Сен, уа, Ием, рақымды бола гөр,

Сауықтырып орнымнан тұрғыза гөр,

Оларға лайықтысын қайтарайын.

Уа, Құдай, тек бұлар Сенің алдыңа барады,

Жақып сиынған Құдай, олар Саған бет бұрады.

Заңғар мекеніңнен тауды суғарасың,

Ісіңнің жемісімен жерді толтырасың,

Graça e perdão

Onde o pecado abundou, superabundou a graça. Deus convida todos ao arrependimento e promete perdão total aos que confessam.

Алайда Құдайдың беретін сыйын және Адам атаның күнә жасауын салыстыруға болмайды: сол бір кісінің күнәсі арқылы бүкіл адамзат ажалды болды, ал Құдайдың рақымы және Оның бір Кісінің, яғни Иса Мәсіхтің рақымы арқылы берген сыйы одан қаншама зор! Осы сый көптеген адамдарға молынан тиді.

Күнәнің құлдығынан босап, әділдікке қызмет ету

«Бұдан қандай қорытынды шығады? Біз Таурат заңына емес, Құдайдың рақымына бағынғандықтан, күнә жасай берейік пе?» Жоқ, олай істеуге болмайды!

Алайда рақымы мол Құдай бізге зор сүйіспеншілігін көрсетті: Оның айтқанына көнбей, рухани өлі болған бізді Құдай Мәсіхпен бірге тірілтіп алды. Осылайша тек Оның рақымымен ғана құтқарылдыңдар.

Бірақ Ол маған былай деді: «Менің рақымым саған жетер: күшсіз жағдайыңда Менің құдіретім толықтай іске аса алады». Сондықтан Мәсіхтің құдіретінің бойымда орнығуы үшін, күшсіздігіме қуана мақтанамын.

Күнәларын жасырған жан өркендемейді,

Оларын мойындап, бас тартқан рақым көреді.

Азғын адам теріс жолынан қайтып, әділетсіз жан өз ойларынан бас тартсын! Бәрі Жаратқан Иеге бет бұрсын, сонда Иеміз мейірімділік танытады. Олар Құдайымызға қайта оралсын, өйткені Ол жомарттықпен кешіреді.

Құдай өз халқына рақым көрсетпек

Сондықтан Жаратқан Ие сендердің Өзіне қайтып келіп, рақымына ие болуларыңды сағына күтуде. Ол орнынан тұрып, сендерге мейірбандық көрсетуге дайын. Өйткені Жаратқан Ие — әділ Құдай. Оған сенім артып Оны күтетіндер қандай бақытты!

Misericórdia e compaixão

Misericórdia quero e não sacrifício. Deus nos chama a ser misericordiosos como Ele é, perdoando e acolhendo o próximo.

Сендер Жаратқан Иенің: «Мен құрбандық шалғандарыңнан гөрі берік мейірімділік көрсеткендеріңді қалаймын» деген сөзінің мағынасын ұғынып алыңдар! Мен «әділдерді» емес, күнәкарларды (теріс жолдан қайтуға) шақыру үшін келдім.

Кешірімнің шегі бар ма?

Сонда Петір Исаның қасына жақындап:

— Мырза, егер бауырласым маған қарсы күнә жасай берсе, оны неше рет кешіруім керек? Жеті ретке дейін бе? — деп сұрады. Иса:

— Саған айтамын: жеті емес, жеті қайтара жетпіс ретке дейін, — деп жауап берді.

Егер өздеріңе күнә жасағандарды кешірсеңдер, онда көктегі Әкелерің сендерді де кешіреді.

Бірақ Өзіңнің ғаламат зор рақымыңа бола Сен ата-бабаларымызды не түбегейлі құртып жіберген жоқсың, не тастап та кетпедің. Өйткені Сен мейірімді де қайырымды Құдайсың.

Кім Құдайымызға тең бола алады?

Жаратқан Ие зәулім тағында отырады,

Acessar a misericórdia

Cheguemos com confiança ao trono da graça. Ali encontramos misericórdia e graça para socorro no tempo oportuno.

Ендеше рақымы мол Құдайдың тағына нық сеніммен жақындап, өтініштерімізді білдірейік. Осылай көмекке мұқтаж кездерімізде Оның мейірімділігі мен рақымына ие боламыз.

Өмірлеріңді Құдайға бағыштаңдар

Сонымен, бауырластарым, бізге осындай мол мейірімін төккені үшін өздеріңді Құдай жолына арнауға шақырамын. Өмірлерің Құдайға ұнамды, толықтай бағышталған, тірі құрбандықтай болсын: Оған лайықты рухани қызмет көрсетулерің осы болады.

Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады.

Ол сендерге рақым етіп, Мәсіхке сенуді ғана емес, Ол үшін азап шегуді де белгіледі.

Құтқарылу мейрамын зор салтанатпен тойлау

Кейінірек Езекия бүкіл Исраил мен Яһуда еліне хабар жіберіп, бәрін Исраилдің Құдай Иесінің өсиет еткен Құтқарылу мейрамын өткізу үшін Жаратқан Иенің Иерусалимдегі киелі үйіне шақырды. Патша Солтүстік Исраилдің Ефрем, Манаса руларына да шақыру хаттарын жолдады.Патша, оның уәзірлері және Иерусалимнің бүкіл мәжілісі мейрамды екінші айда өткізу жайлы ақылдасты. Себебі діни қызметкерлердің тазару рәсімінен өткендерінің саны жеткіліксіз болды, оның үстіне халық та Иерусалимге жиналып үлгермеген еді. Бұл ұсынысты патша мен бүкіл жамағат құптады.

Сонымен олар Исраилдің оңтүстіктегі Бер-Шеба мен солтүстіктегі Данның арасындағы бүкіл халқын Исраилдің Құдай Иесінің құрметіне Құтқарылу мейрамын өткізу үшін Иерусалимге шақыру керек деп шешті. Бұған дейін халықтың көпшілігі мейрамды атап өтпейтін. Патшаның бұйрығы бойынша жаршылар бүкіл Исраил мен Яһуданы аралап, патша мен оның әміршілерінің мына сөздерін халыққа таратты:

«Уа, Исраил халқы, Ыбырайым, Ысқақ, Исраилдың сиынған Құдайы Жаратқан Иеге қайтадан бет бұрыңдар! Сонда Ол Ассур патшасының шеңгелінен аман қалған сендерге де қайтадан бетін бұрмақ. Әкелерің мен ағайындарыңа ұқсамаңдар! Олар ата-бабаларының сиынған Құдайы Жаратқан Иеге опасыздық жасай берді. Сондықтан Ол соларды жазалап, қорқынышты көрініске айналдырды. Оны өздерің-ақ көріп тұрсыңдар. Енді олар сияқты қиқарлыққа салынбаңдар! Жаратқан Иеге мойынсұныңдар! Оның мәңгілікке Өзіне бағыштаған киелі үйіне келіп, Оған қызмет етіңдер! Сонда Ол сендерге деген қаһарынан қайтпақ. Егер сендер Жаратқан Иеге қайтадан бет бұрсаңдар, ағайындарың мен балаларыңды құл қылып ұстап отырғандар оларға мейірімділік көрсетіп, туған елдеріне қайтаратын болады. Сендердің Құдайларың Жаратқан Ие рақымды да мейірімді! Егер Оған қайта бет бұрсаңдар, Ол сендерден ешқашан бас тартпайды».

Жаршылар Ефрем мен Манаса руларының барлық қалаларын аралап шығып, тіпті Забулонға дейін барды. Бірақ кездескен халық оларды күлкі етіп, келекеледі. Дегенмен Ашир, Манаса, Забулон руларының кейбір адамдары Жаратқан Иеге мойынсұнып, Иерусалимге беттеді. Құдай Яһуда халқына да игі әсерін тигізіп, бәрінің жүректерін бір шешімге келтірді. Олар патша мен әміршілердің Жаратқан Иенің сөзіне сай берген бұйрығын жүзеге асыруға жаппай жұмылды.

Сонымен екінші айда Иерусалимде өте көп адам жиналып, Ашымаған нан мейрамын өткізуге үлкен жамағат дайын тұрды. Олар алдымен Иерусалимдегі жалған тәңірлерге бағышталып шалынған құрбандықтар өртелетін және хош иісті заттар түтетілетін үстелдерді қиратып, қала сыртындағы Қидрон сайына апарып, лақтырып тастады.

Екінші айдың он төртінші күні олар Құтқарылу мейрамына арналған тоқтыларды сойды. Өткен жолы даяр болмағандарына ұялған діни қызметкерлер мен леуіліктер тазару рәсімінен өтіп, Жаратқан Иеге бағышталып, дайын тұрды. Олар Оның киелі үйіне арнайы шалынып, өртелетін құрбандықтарды алып келді. Кейін олар Құдайдың пайғамбары Мұса табыстаған Таурат заңы бойынша белгілі орындарында тұрды. Діни қызметкерлер леуіліктерден құрбандықтардың қанын қабылдап, құрбандық үстеліне бүркіп септі.

Халықтың арасында әлі де тазарып, дайындалмағандар көп болды. Жаратқан Ие олардың да құрбандықтарын қабылдай көрсін деп леуіліктер солар үшін Құтқарылу мейрамына арналған тоқтыларды шалды. Оның үстіне бірталай адам, көбі Ефрем, Манаса, Исашар, Забулон руларынан келгендер, тазару рәсімінен өтпестен Құтқарылу мейрамының асына қатысып, ережеге қайшы нәрсе жасады. Сонда Езекия олар үшін былай деп мінажат етті: «Уа, мейірімі мол Жаратқан Ие! Бұл адамдар осы киелі орынға сай тазару рәсімінен өтпесе де, ата-бабалары сиынған Құдай Иеге шын жүрегімен бағынғысы келген олардың әрқайсысын кешіре гөр!»

Жаратқан Ие Езекияның өтінішіне құлақ асып, халықты кешіріп, аман-сау қалдырды.

Иерусалимде жиналған исраилдіктер жеті күн бойы үлкен қуанышпен Ашымаған нан мейрамын тойлады. Күн сайын леуіліктер мен діни қызметкерлер Жаратқан Иеге бағышталған саз аспаптарының сүйемелдеуімен Оны дауыстап мадақтап отырды. Езекия леуіліктерді Жаратқан Иеге зердемен қызмет еткендері үшін мақтап, жігерлендірді. Халық жеті күн бойы мейрамның тамағын жеп, ризашылық құрбандықтарын ұсынып, ата-бабаларының сиынған Құдайы Жаратқан Иені мадақтап дәріптеді.

Жамағат мейрамды тағы жеті күнге созуға келісіп, оларды да шаттана мерекелеумен өткізді. Яһуда патшасы Езекия жиналған халық үшін құрбандыққа шалуға мың өгіз бен жеті мың қой, ал әміршілер тағы да мың бұқа мен он мың қой-ешкі берген болатын. Бұл жолы діни қызметкерлер көптеп тазару рәсімінен өтіп қойған еді. Осылай Яһуда халқының бүкіл қауымы, діни қызметкерлер мен леуіліктер, Солтүстік Исраилден мейрамға келгендердің қауымы және Солтүстік Исраил мен Яһудада тұрып жатқан жат жұрттықтардың арасынан келгендердің барлығы да қатты қуанды. Исраил патшасы Дәуіт ұлы Сүлейменнің заманынан бері Иерусалимде мұндай мереке болып көрмегендіктен, қалада жиналғандардың қуаныштары зор болды.

Соңында Леуіден тараған діни қызметкерлер орындарынан тұрып, халыққа бата берді. Олардың дауыстарына Құдай құлақ асып, мінажаттары Оның көктегі киелі тұрағына жетіп жатты.

Исраилдің опасыздығы

«Егер біреу әйелімен ажырасып, әйелі басқа біреуге тисе, оның бұрынғы әйеліне қайтадан үйленуіне болмайды ғой. Өйткені бұдан осы ел түгелдей арамданар еді. Ал сен, Яһуда халқы, көптеген ашынамен көңілдес болған әйел сияқты болып келесің. Енді Маған қайта оралмақсың ба? — дейді Жаратқан Ие. — Жан-жағыңа қарап, тақыр төбелерге назар аударшы! Солардың қайсысында жалған тәңірлерге табынып, азғындық жасамадың? Сен иен далада жолаушы торуылдаған қарақшыға ұқсап ашыналарыңды тосып жол бойында отырдың. Өзіңнің азғындығың әрі зұлымдығыңмен елді арамдадың.

Сол себепті әдеттегідей нөсер құймай, көктемгі жаңбыр да жаумады. Бірақ сен бәрібір бетің шімірікпей, ұялу дегенді білмейсің. Оның үстіне әлі де Маған: «Әкем-ау, жастық шағымнан бері мені жетелеп келе жатқан досымсың ғой! Сен әрдайым маған қаһарлана бермексің бе? Қаһарың мәңгілікке жалғаса бере ме?» деп жалынасың. Міне, осылай дей тұра, сен қиқарлықпен зұлымдықтың бәрін жасай бересің».

Құдайдың өз халқын қайтып келуге тағы да шақыруы

Жосия патшаның заманында Жаратқан Ие маған былай деді: «Тұрақсыз Солтүстік Исраилдің не істегенін көрдің бе? Ол әрбір биік төбеге шығып, әрбір саялы ағаштың түбіне барып, жалған тәңірлерге табынып азғындық жасады.Осының бәрін істегеннен кейін оны Өзіме қайтып оралатын шығар деп ойлаған едім. Бірақ ол оралмады. Оның үстіне, опасыз сіңлісі Яһуда да мұны көріп тұрды. Мен тұрақсыз Солтүстік Исраилге жасаған барлық азғындықтары үшін талақ хатын жазып беріп, оны қуып жібердім. Әйтсе де бұдан оның опасыз сіңлісі Яһуданың еш қорықпағанын, тіпті өзінің де азғындыққа салынғанын көрдім.Сол жеңіл жүрісі өзіне түк емес болып көрініп, ол тас пен ағаштан жасалған тәңір мүсіндерімен рухани азғындық та жасады. Ал осының бәріне қарамай Солтүстік Исраилдің опасыз «сіңлісі» Яһуда Маған шын жүрегімен емес, өтірік қайтып келді!» — дейді Жаратқан Ие.

Жаратқан Ие маған былай деді: «Опасыз Яһудаға қарағанда тұрақсыз Солтүстік Исраил әділірек. Сондықтан бар да, солтүстікке қарай мына хабарды жарияла: Уа, тұрақсыз Исраил, Маған қайтып кел! Бұдан былай сендерге қабақ түйіп қарамаймын, өйткені Мен рақымдымын! — деп уәде береді Жаратқан Ие, — Менің қаһарым мәңгілікке ұласпайды. Алайда өз кінәңді: Құдайың Жаратқан Иеге қарсы бас көтеріп, әрбір саялы ағаштың түбінде бөгде тәңірлерге беріліп, Менің даусыма құлақ салмағаныңды мойындауың қажет!» — Жаратқан Ие осыны нық айтады.

«Қайтыңдар Маған, уа, тұрақсыз балаларым! — дейді Жаратқан Ие. — Өйткені Мен сендердің қожайындарыңмын. Әр қаладан біреуден, әр рудан екеуден таңдап алып, сендерді Сионға әкелемін. Сонда Мен сендерге өздеріңді біліммен және түсінікпен жетелеп жүретін, көңілімнен шыққан бағушыларды беремін».

Жаратқан Ие тағы мына уәдені береді: «Сендер өсіп-өніп, елдегі сандарың көбейген күндер келгенде, адамдар Жаратқан Иенің Келісім сандығы туралы айтпайтын болады. Олар тіпті ол жайында енді ойламайды да, оны естеріне алып, аңсамайды да, не басқа бір Келісім сандығы жасалмайды да. Сол заман келгенде Иерусалим «Жаратқан Иенің жер бетіндегі тағы» деп аталып, барлық ұлттар Жаратқан Иенің есімін дәріптеу үшін Иерусалимде жиналатын болады. Бұдан былай олар өздерінің зұлым жүректерінің қыңырлығымен жүрмейді. Сол заман туғанда Яһуда халқы Солтүстік Исраил халқына қосылып, екеуі (жер аударылған) солтүстіктегі елдерден Мен өздерінің ата-бабаларына мұралық меншікке берген елге қайтып келеді.

Мен сендерді рухани балаларым ретінде құшақ жая қарсы аламын деген болатынмын. Көптеген халықтар тамашалаған осы керемет елді сендерге мұралық меншікке табыстауға ниеттенген едім. Сендер Мені «Әке» деп атап, Менен ешқашан бас тартпайсыңдар деп ойладым. Бірақ өз күйеуіне опасыз болған әйел сияқты, сен де, уа, Исраил халқы, Маған опасыздық жасадың», — деп ескертеді Жаратқан Ие.

Исраилдің үрім-бұтағының жалынуы

Тақыр төбе бастарынан бір дауыс естіліп тұр. Бұл өздерінің теріс жолдарымен адасып кетіп, Құдайлары Жаратқан Иені ұмытқан исраилдіктердің зарлы үні.

— Қайтып келіңдер Маған, ей, тұрақсыз халық! Мен сендерді опасыз қылықтарыңнан арылтып сауықтырамын.

— Иә, біз Саған қайтып келеміз, өйткені Сен біздің Құдайымыз Жаратқан Иесің! — дейді Солтүстік Исраилдің халқы. — Шынында, тау-төбелердің бастарында жиналып, жалған тәңірлерге табынып, азғындыққа салынуымыз алдамшылық, көз бояушылық. Исраилдің құтқарылуы шынымен тек Құдай Иемізден ғана! Жастық шағымыздан бері сол масқара тәңірсымақтар ата-бабаларымыздың еңбектерінің жемісін — ірілі-ұсақты малдарын, тіпті ұл-қыздарын да жалмап келді.Ұятымызға бола біз жерде жатырмыз әрі масқараның астында қалдық. Өйткені өздеріміз де, ата-бабаларымыз да Құдай Иемізге қарсы күнә жасадық. Жастық шағымыздан күні бүгінге дейін Құдайымыздың айтқандарына құлақ аспай келеміз.

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.