Morte de Jesus
A morte de Jesus é o sacrifício supremo do amor de Deus. Na cruz, o Cordeiro de Deus carregou os pecados do mundo, satisfez a justiça divina e abriu o caminho da salvação para todos.
O sacrifício na cruz
Jesus disse: 'Está consumado!' Na cruz, Ele cumpriu toda a lei, pagou o preço do pecado e reconciliou a humanidade com Deus.
Тиісті нәрселердің бәрінің түгел орындалғанын білген Иса бұдан кейін: «Мен шөлдеп тұрмын», — деді. Забурда алдын ала жазып қалдырылған бұл тәрізді сөз де осылай іске асты. Сол жерде сірке суына толы құмыра тұрған еді. Жасақшылар бір сорғышты сірке суына батырып алып, сайсағыз бұтасының сабағына бекітіп, Исаның аузына тосты. Иса сірке суын сорғаннан кейін: «Енді түгел орындалды!» — деді де, басын иіп, жан тапсырды.
Жасақшылар Исаны айқышқа шегелеп, көтергеннен кейін Оның сырт киімдерін төртеуі тең бөлісіп, көйлегін де алды. Көйлегі басынан аяғына дейін тігіссіз тұтас тоқылған еді. Сол себепті олар бір-біріне: «Бұны жыртпайық, жеребе салып, кімге түсетінін шешейік», — деді. «Жау жамылғымды бөлісіп алады, киімім үшін жеребе салады» деп Забурда жазылған сөздер осылай орындалды. Мұны жасақшылар жүзеге асырды.
Иса шегеленген айқыштың қасында Оның шешесі, нағашы әпкесі, Клеопаның әйелі Мәриям және мағдалалық Мәриям тұр еді. Иса шешесін және оның қасында тұрған, Өзі жақсы көретін шәкіртін көргенде, шешесіне: «Апа, енді мынау — сіздің ұлыңыз!» — деді. Содан кейін шәкіртіне: «Енді осы кісі — сенің анаң!» — деді. Сол сәттен бастап шәкірті Исаның шешесін қамқорлығына алды.
Олар «Маңдайтөбе» деген жерге жеткен соң, Исаны айқыш ағашқа керіп шегелеп іліп, көтеріп қойды. Сондай-ақ, сол екі қылмыскерді де, біреуін Исаның оң, екіншісін Оның сол жағына айқыш ағаштарға керіп шегелеп іліп, көтеріп қойды.
Сонда Иса (көктегі Әкесіне сиынып): «Әке, оларды кешіре гөр! Олар не істеп жатқандарын түсінбейді», — деді.
Ал жасақшылар Исаның киімдерін жеребе тастап өзара бөлісіп алды.
Халық сол жерде осының бәріне қарап тұрды. Басшылары тіпті Исаны мазақтап: «Мынау басқаларды құтқарыпты. Егер Ол Мәсіх — Құдайдың Таңдаулысы болса, енді Өзін құтқарып көрсін!» — деп келекеледі. Жасақшылар да Исаның қасына келіп, Оған сірке суын ұсынып: «Егер Яһудилердің Патшасы болсаңыз, Өзіңізді құтқара көріңіз!» — деп Оны табалады.
Исаның басынан жоғары айқыш ағашқа «Бұл — Яһудилердің Патшасы» деп (грек, латын және еврей тілдерінде) жазылған тақтайша бекітілген болатын.
Айқышқа ілінген екі қылмыскердің біреуі Исаға тіл тигізіп:
— Мәсіх болсаң, кәне, Өзіңді де, бізді де құтқар! — деп мысқылдады. Екіншісі, керісінше, оны тоқтатып:
— Құдайдан қорықпайсың ба? Өзің де осыған кесілдің ғой. Біздің үкіміміз әділ, істерімізге лайық жаза тартып тұрмыз. Ал Бұл еш жамандық істеген жоқ, — деді. Содан кейін:
— Иса, Патшалығыңызға кіргенде мені есіңізге ала көріңіз, — деп өтінді. Иса оған:
— Саған шындығын айтамын: бүгін-ақ Менімен бірге жұмақта боласың! — деді.
Ал тал түсте бүкіл жерді қараңғылық басып, ол үш сағатқа созылды.Сағат үште Иса қатты дауыспен айқайлап: «Ілои, Ілои! Лама сабахтани?» — деді. Өз тілінде бұл «О, Құдайым, Құдайым! Неліктен Мені жалғыз қалдырдың?» дегенді білдіреді.
Сол сәтте киелі үйдегі шымылдық кенеттен жоғарыдан төменге дейін қақ айырылып, екіге бөлінді. Жер сілкініп, жартастар жарылып, қабір үңгірлері ашылды. Марқұм болған көптеген әділдердің сүйектері қайта тіріліп, қабірлерінен шықты. Олар кейінірек, Иса қайта тірілген соң, қасиетті қалаға барып, көптеген адамдарға көрінді.
Римдік жүзбасы және онымен бірге Исаны күзетіп тұрғандар жер сілкіністі және болған өзге оқиғалардың бәрін көргенде үрейлері ұшып: «Бұл шынымен Құдайдың рухани Ұлы екен!» — деп мойындады.
Алайда Құдайдың Қызметшісі біздің күнәларымыз үшін түйреліп, біздің әділетсіз істеріміз үшін құртылды. Оның тартқан жазасы бізге амандық пен тыныштық әкелді. Оның жараларының арқасында біз (рухани дертімізден) сауықтық. Барлығымыз адасқан қойлардай тентіреп, өз бетімізбен жүрдік. Ал Жаратқан Ие бәріміздің күнәларымызды Қызметшісінің мойнына артты.
Ол зорлық көріп қиналды, алайда аузын ашпады. Оны тоқты сияқты сойылатын жерге алып барды. Ол қырқылып жатқанда үні шықпайтын қой секілді тіс жармады.
O amor que se entrega
Ninguém tem maior amor do que aquele que dá a vida pelos amigos. Deus prova seu amor em que Cristo morreu por nós quando ainda éramos pecadores.
Адамның достарына көрсететін ең зор сүйіспеншілігі — олар үшін өмірін құрбан етуі.
Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады.
Себебі бұрын біз Тәңірге әлі де қас болған кезде Оның рухани Ұлының өлімі арқылы Құдаймен татулассақ, енді татуласқандар ретінде Мәсіхтің өмірі арқылы толықтай құтқарылатынымыз сөзсіз!
Иса Мәсіхтің өз өмірін біз үшін қиғандығы арқылы нағыз сүйіспеншіліктің не екеніне көзіміз жетті. Біз де бауырларымыз үшін жанымызды қиюға даяр болуымыз керек.
Ол өз жанын құрбан етіп, күнәларымыздың құнын өтеді. Өзіміздің ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзаттың да күнәларының құнын өтеді.
Өзін төмен тұтып, Құдайға мойынсұнды,
Өлімге, тіпті айқыштағы өлімге бойсұнды.
Morte e ressurreição
Jesus morreu e ressuscitou, e a morte não mais tem domínio sobre Ele. Pelo batismo, participamos de sua morte e ressurreição.
Себебі өлімнен тірілген Мәсіх енді қайтып өлмейді, бұдан былай өлім Оған билігін жүргізе алмайды, мұны білеміз. Мәсіх өлгенде күнәға біржола жоқ болды, енді Ол Құдайдың құрметі үшін өмір сүреді.
Өздерің жақсы білесіңдер: Иса Мәсіхпен тығыз байланысқан бәріміз Онымен бірге рухани өлдік. Шомылдыру рәсімінен өткеніміз соны білдіреді.Демек, Мәсіхпен тығыз байланысқанда біздер Онымен бірге рухани «өліп, жерлендік». Сонымен, Құдай Әке Өзінің ұлы құдіретінің арқасында Мәсіхті өлімнен қайта тірілтіп, жаңа өмір бергендей, біз де енді жаңаша өмір сүруіміз керек!
Құдай адамның бір рет өліп, содан соң қиямет сотының алдында тұратынын белгілеген.Сол секілді Мәсіх бір рет көптеген адамдардың күнәларын өз мойнына алып құрбан болды. Ол дүниеге қайта оралған кезде тағы да күнәнің құнын өтеу үшін емес, Өзін аңсап күтіп жүргендерді түгелдей құтқару үшін келеді.
Уа, исраилдіктер, мына сөзді тыңдаңдар: Құдай сендердің көз алдарыңда назареттік Исаға зор құдіретпен кереметтер жасатқан еді. Ол солар арқылы Өзінің Исаны жібергендігіне куәлік берді. Құдай бұларды Иса арқылы араларыңда істеді, соны өздерің білесіңдер. Ал Иса Құдайдың еркімен және алдын ала білуімен құрбан етілді: сендер Оны Құдайға мойынсұнбаған шетелдіктердің қолымен айқышқа шегелетіп өлтірттіңдер! Бірақ Құдай Исаны өлім тұзағынан босатып, тірілтіп алды. Өйткені Оның өлім құрсауында қалуы мүмкін емес болатын.
Мәсіхтің өз қарамағындағы адамдарға ізгі бағушыдай қамқорлық жасауы
Мен «ізгі Бағушымын»: ізгі Бағушы қойлары үшін жанын қияды.
Сендер осылай нан жеп, тостағаннан ішкен сайын, Иеміз қайтып келгенше, Оның құрбандық өлімін жариялай бересіңдер.
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.