A mulher virtuosa
A mulher virtuosa de Provérbios 31 é um retrato de excelência. Seu valor excede o de rubis — ela é sábia, trabalhadora, generosa e teme ao Senhor acima de tudo.
Uma joia rara
Mulher virtuosa, quem a achará? Seu valor excede o de rubis. Ela é o coração da família e a força do lar.
Жақсы әйел — даналықтың үлгісі
Еңбекқор, жақсы әйелді кім таба алар?
Ол інжу-маржаннан да бағалы болар!
Жақсы әйел — даналықтың үлгісі
Еңбекқор, жақсы әйелді кім таба алар?
Ол інжу-маржаннан да бағалы болар!
Күйеуі оған толықтай сенім артады,
Ешқандай игіліктен ада қалмайды.
Өмір бойы оның күйеуіне жасары
Жамандық емес, жақсылық қана болады.
Әйел жүн мен зығырды өзі таңдайды,
Қол жұмысын да ынтамен жасайды.
Жер шарлаған саудагер кемесі секілді
Алыстан да азық-түлігін әкеледі.
Әйел төсегінен тұрып таң атпай ерте,
Тамағын үлестіріп беріп үй ішіне,
Тапсырады жұмысын қызметшілеріне.
Жер танабын қарап, ойланып, сатып алады,
Еңбегінің түсімінен жүзім отырғызады,
Белін бекем буып, қайратпен іс қылады.
Ұғады ол еңбегінің өнімді боларын,
Көпке дейін түнде сөндірмейді шырағын.
Саусағымен созғылап қолындағы жүнін,
Дем алмастан иіреді ол ұршығын.
Оның қолы әрдайым жомарт жарлыларға,
Құшағы ашық бейшара мұқтаждарға.
Ізгі әйел күйеуінің абыройын асырар,
Арсыз әйел күйеуінің қуатын тауысар.
Енді уайымдамай-ақ қой, қарағым. Мен өтінішіңді түгелдей орындаймын. Қала халқының бәрі сенің үлгілі әйел екеніңді біледі.
Caráter acima da aparência
Enganosa é a graça e vã é a formosura, mas a mulher que teme ao Senhor será louvada. A verdadeira beleza é interior.
Әсемдік өткінші, алдамшы сұлулық та,
Тәңір Иені қастерлейтін әйел лайық мадаққа.
Сол сияқты, әйелдер әдеппен әрленіп-сәнденсін: шаштарын тым баптай бермей, алтын, інжу-маржан және қымбат киімге үйір болмай, киімдері қарапайым да сыпайы болсын. Оларды істеген игі істері көркейтсін. Бұл Құдайға ұнамды болуға ұмтылған әйелдерге лайық.
Ақылдылық және аңғалдық
Ақылды әйел үйін өркендетер,
Ақылсыз әйел үйін өз қолымен күйретер.
Үй мен мал-мүлкің — мұраң әке-шешеңнен,
Ал ақылды әйелің — сыйың Жаратқан Иеңнен.
Сол сияқты, егде әйелдердің жүріс-тұрыстары Құдайға бағышталған әйелдерге лайықты болуы қажет: олар ешкімге жала жаппай, арақ-шарапқа салынбай, қайта, басқаларды жақсылыққа үйрететін болсын. Егде әйелдер қыз-келіншектерді күйеулері мен балаларын сүйіп, байсалды, кіршіксіз таза, үй шаруасына ұқыпты әрі мейірімді болып, күйеулеріне мойынсұнуға жігерлендіріп үйретсін. Осылайша олар Құдай сөзінің жамандалуына жол бермесін.
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.