Não temas
'Não temas' é uma das frases mais repetidas na Bíblia. Deus a pronuncia nos momentos de maior temor, lembrando que sua presença e poder são maiores que qualquer ameaça.
Deus está contigo
Não temas, porque eu sou contigo. Deus repete essa promessa em cada crise, guerra e desafio que seus filhos enfrentam.
Қорықпа, Мен саған жар боламын,
Абыржыма, Мен сенің Құдайыңмын!
Саған қуат беріп көмектесемін,
Жеңімпаз қолыммен сүйемелдеймін.
Себебі Құдайың Жаратқан Иемін,
Сені оң қолыңнан сүйемелдеймін.
Қорықпа, Мен сені қолдап-қорғаймын
Деп саған берік уәдемді беремін.
Құрт секілді дәрменсіз Жақып халқы,
Исраилдің азғантай жұрты,
Қорықпа, Мен сені қолдаймын!» —
Деп нық айтады Жаратқан Ие.
Ол, Исраилдің Киелі Құдайы, сені туысқан қамқоршыдай азат етеді
— Ей, жақсы хабарды Сион халқына жеткізуші, биік тау басына шық! Иерусалимге ізгі хабарды әкелуші, бар даусыңмен айқай салып жарияла! Қорықпай Яһуданың қалаларына: «Міне, Құдайларың!» деп хабарла!
Сонымен саған мынаны бұйырамын: қайратты да батыл бол! Еш нәрседен абыржып, қорқушы болма! Қайда барсаң да, Құдайың Жаратқан Ие сенімен бірге жүріп жар болады».
Қайратты да батыл болыңдар, жауларыңнан еш үрейленіп қорықпаңдар! Себебі Құдайларың Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болады. Ол сендерді ешқашан тастап та кетпейді, жалғыз да қалдырмайды.
Құдайдың Ыбырамды ұлды етуге уәде беріп, онымен Келісім жасауы
Осы оқиғалардан кейін Жаратқан Ие Ыбырамға аян беріп:
— Ыбырам, қорықпа! Мен сені қалқандай қорғаймын. Саған берілер сыйлық аса зор болады, — деді.
Coragem diante do perigo
Não tenhas medo — o Senhor teu Deus está no meio de ti, poderoso para salvar. Ele luta por nós e dá forças aos medrosos.
Сол күні Иерусалимге былай деп жарияланатын болады: «Қорықпа, Сион, қолыңнан күш таймасын! Құдайың Жаратқан Ие араңда тұр! Ол — батыр іспетті құдіретті Құтқарушы саған қатты шаттанады, сүйіспеншілігімен сені тыншытып, саған қуанып мерекелейді».
Пайғамбар оған:
— Қорықпа, біздің жағымыздағылар оларға қарағанда әлдеқайда көп! — деп жауап берді. Содан соң ол: «Уа, Жаратқан Ие, оның көзін аша гөр, көрсін!» — деп сиынды. Жаратқан Ие қызметшінің көзін ашқанда, ол қыраттың бойында Елішені айналдыра жиналып тұрған жалындаған отты аттар мен күймелерді көрді.
Уа, елім, қорықпа, қуан да шаттан, өйткені Жаратқан Ие ұлы істер істеді!
Бірақ Жаратқан Ие маған былай деді:
— Әлі тым жаспын деме! Мен сені кімге жіберсем, солардың бәріне барып, не айт десем соның бәрін айтатын боласың! Адамдардан қорықпа. Мен саған жар болып, өзіңді аман сақтаймын. Мен, Жаратқан Ие, осыны уәде етемін. —
Бір түні Иеміз Пауылға аян беріп: «Қорықпа! Үнсіз қалмай айта бер! Мен саған жар боламын. Ешкім де саған бас салып зиян келтіре алмайды, өйткені бұл қалада Менің халқым көп», — деді.
Ал сен, уа, пендем, не олардың өздерінен де, не айтқан сөздерінен де қорқушы болма! Тіпті тікенді бұта мен ошағандар айналаңды қаптап, улы шаяндардың арасында тұрып жатсаң да, қорқушы болма! Бас көтергіш халық болғанымен, олардың не айтқан сөздерінен де қорықпа, не сұсты бет-әлпеттерінен де шошыма! Тыңдаса да, тыңдамаса да, — олар әбден бас көтергіш қой, — бәрібір, оларға Менің сөздерімді жеткізетін бол!
Fé que vence o medo
O medo não vem de Deus. Jesus disse: não temas, crê somente! A fé dissipa o medo e nos conecta ao poder de Deus.
Алайда Иса сол айтқандарын естіп, жетекшіге: «Қорықпа, тек сенімің болсын!» — деді.
Болашақта басыңнан кешетіндеріңнен қорықпа! Рас, шайтан кейбіреулеріңді түрмеге салып, сынамақ, ал көретін азаптарың он күнге ғана созылады. Өлімге дейін Маған адал бол, сонда саған «мәңгілік өмір тәжін» сыйлаймын.
Тәнді өлтірсе де, жанды өлтіре алмайтындардан қорықпаңдар! Одан гөрі жанды да, тәнді де тозақта құрта алатын Құдайдан қорқып, Оны терең қастерлеңдер!
Бірақ ол осыны ойлап жүргенде Жаратқан Иенің періштесі түсінде аян беріп:
«Дәуіттің ұрпағы Жүсіп, қалыңдығың Мәриямға үйленуден шошынба! Себебі құрсағындағы Баласы Киелі Рухтан.
Ал періште оған:
— Қорықпа, Мәриям, саған Құдай рақымын түсірді.
Мұны көрген Шимон Петір Исаның аяғына жығылып:
— Ием, қасымнан кете көріңіз, мен күнәкар адаммын! — деді.
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.