Pular para o conteúdo
Publicidade

Nascimento

Por Bíblia Online

O nascimento é obra das mãos de Deus. Cada criança é formada por Ele no ventre materno com propósito e amor. A Bíblia celebra a vida desde a concepção até a eternidade.

O nascimento de Jesus

O maior nascimento da história mudou o curso da humanidade. Jesus nasceu de uma virgem pelo poder do Espírito Santo, conforme as profecias.

Құтқарушы Патшаның дүниеге келуі

Иса Мәсіхтің дүниеге келуі былай болды: Оның анасы Мәриям Жүсіпке айттырылған еді. Ал екеуі әлі де қосылмай тұрғанда-ақ, Киелі Рухтың құдіретімен Мәриямның аяғы ауыр екендігі белгілі болды. Болашақ күйеуі Жүсіп әділ кісі болғандықтан, қалыңдығын ел алдында ұятқа қалдырмау үшін ешкімге білдірмей келісімдерінен бас тартпақ болды. Бірақ ол осыны ойлап жүргенде Жаратқан Иенің періштесі түсінде аян беріп:

«Дәуіттің ұрпағы Жүсіп, қалыңдығың Мәриямға үйленуден шошынба! Себебі құрсағындағы Баласы Киелі Рухтан. Мәриям Ұл таппақ, Оның атын Иса деп қой! Себебі Ол халқын күнәларынан құтқаратын болады», — деді.

Мұның бәрі Жаратқан Иенің (Ишая) пайғамбар арқылы алдын ала айтқанының жүзеге асуы үшін солай болды. Ол былай деген: «Біліп алыңдар, пәк қыз құрсақ көтеріп, Ұл туады. Оған Имануил, яғни «Құдай бізбен бірге», деген ат қояды».

Жүсіп оянып, орнынан тұрғаннан кейін Жаратқан Иенің періштесінің бұйрығын орындап Мәриямға үйленді. Ал Мәриям босанып, Ұлын тапқанша, Жүсіп онымен жақындасқан жоқ. Нәресте дүниеге келгеннен кейін Оның атын Иса деп қойды.

Ендеше Тәңір Иенің Өзі сендерге осыны істейтіндігін дәлелдейтін кереметті жасайды:

Біліп алыңдар, пәк қыз құрсақ көтеріп, ұл туады. Оған Имануил (яғни «Құдай бізбен бірге») деген ат қояды.

Құтқарушымыз Исаның дүниеге келетіні туралы алдын ала білдіру

Алтыншы айда Құдай Жәбірейіл періштені Ғалилея аймағының Назарет қаласындағы бір қызға жіберді. Қыздың есімі Мәриям болатын, ол (Исраил елінің ежелгі патшасы) Дәуіттің әулетінен шыққан Жүсіп есімді жігітке айттырылып қойылған еді.

Ал періште оған:

— Қорықпа, Мәриям, саған Құдай рақымын түсірді. Енді құрсақ көтеріп, Ұл табасың, Оның атын Иса деп қоясың. Ол өте мәртебелі болып, Құдай Тағаланың рухани Ұлы деп аталады. Құдай Ие Оған арғы атасы Дәуіттің тағын сыйлайды. Иса Жақыптың үрім-бұтағына мәңгі бақи Патшалық құратын болады. Оның Патшалығының шегі болмайды, — деді.

Сонда Мәриям:

— Бұл қалай болады? Мен еркекпен жақындасқан емеспін ғой! — деп сұрады. Періште оған былай деп жауап берді:

— Саған Киелі Рух қонып Құдай Тағала сая түсіргендей Өзінің құдіретін дарытады. Сондықтан да сен табатын Киелі Бала «Құдайдың рухани Ұлы» деп аталмақ.

Formados desde o ventre

Deus nos teceu no ventre de nossa mãe. Antes de nascermos, Ele já nos conhecia e nos separou para um propósito sagrado.

Жаратқан жайлы білемін мына жайтты:

Бейшараның хұқығын Ол сақтайды,

Мұқтаждың мүддесін қолдап-қорғайды,

Иә, әділдер атыңды мадақтайды,

Адал жандар көз алдыңда жасайды.

— Мен сені шешеңнің құрсағында жаратпастан бұрын-ақ білген болатынмын. Анаңның құрсағынан шықпай тұрып-ақ сені өз қызметіме бағыштап, халықтарға пайғамбар болуға тағайындап белгіледім. —

Игілікті болсын патшаның билігі:

Қайта қаулата өсірген шабындықты

Аспаннан жауған көктемгі жаңбырдай,

Иә, топырақтың шөлін қандырған нөсердей.

— Әлде әйел өз сәбиін ұмыта ала ма, құрсағынан шыққан ұлын аямай ма?! Анасы ұмытып кеткен күнде де Мен сені ешқашан ұмытпаймын, Иерусалим!

— Айы-күніне жеткізе отырып, Мен Сионды қалайша босандырмаймын? Туу қабілетін сыйлай тұра, қалайша оның құрсағын бекітіп қоямын? — дейді астарлап Құдайың Жаратқан Ие.

Crianças — bênção e promessa

Jesus acolheu as crianças e disse: delas é o Reino dos céus. Os filhos são herança do Senhor e motivo de alegria para os pais.

Ал Иса былай деді: «Балалардың Маған келуіне жол беріңдер, оларға кедергі жасамаңдар! Құдайдың Патшалығы сондайлар үшін».

Кім өзін осы жас бала сияқты кіші тұтса, Құдай Патшалығында соның жолы ең үлкен.

Кім Менің атымнан осындай бір сәбиді қабылдаса, соның Мені де қабылдағаны.

Содан Иса балаларды құшақтап, үстеріне қолын қойып бата берді.

Әйелің сенің үйіңнің ішіндегі

Жемісті жүзім бұтасы секілді,

Ал ұл балаларың дастарқан басындағы

Зәйтүн ағашының өркендері сияқты.

Сол кезде мына баланы сыйлай көрсін деп жалбарынған едім. Жаратқан Ие өтінішімді жүзеге асырды.

Бірақ мол сулардың қатты шуылынан гөрі,

Теңіз жағасына соққан толқындардан гөрі

Көктегі Жаратқан Иенің құдіреті күшті!

Nascer de novo

Jesus ensinou que é preciso nascer de novo para ver o Reino de Deus. O novo nascimento é espiritual — pelo Espírito e pela Palavra.

Иса:

— Саған өте маңызды шындықты айтып тұрмын: кімде-кім қайтадан туылмаса, Құдайдың Патшалығын көре алмайды, — деді.

Әйел босанатын кезде қайғырады, себебі оның қиналатын уақыты жетті. Ал баласын туған соң, дүниеге адам келді деп қуанғанынан қиналғанын ұмытып кетеді.

Рухани мағынада Құдайдан туғандар күнә жасай бермейді, себебі олардың бойында Құдай сыйлаған жаңа өмір қала береді. Осылайша олар Құдайдан туғандықтан күнә жасауларын жалғастыра алмайды.

Иемізге ән салып, Оны мадақтаңдар,

Барлық кереметтерін паш қылыңдар,

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.