Nem só de pão vive o homem
'Nem só de pão vive o homem' — essa declaração de Jesus ao diabo no deserto revela que a Palavra de Deus é o verdadeiro alimento que sustenta a vida em plenitude.
O verdadeiro alimento
Quando tentado a transformar pedras em pão, Jesus respondeu com a Escritura: a vida humana depende de toda palavra que sai da boca de Deus.
Иса оған былай деп жауап қатты:
— «Адам тек нанмен ғана емес, Құдайдың аузынан шыққан әрбір сөзімен өмір сүреді» деп (Тауратта) жазылған ғой!
Сонда әзәзіл шайтан Оған:
— Егер Құдайдың рухани Ұлы болсаң, мына тас нанға айналсын деп бұйыра гөр, — деді. Иса оған былай деп жауап қатты:
— «Адам тек нанмен ғана емес (Құдайдың әрбір сөзімен) өмір сүреді» деп (Тауратта) жазылған ғой!
Жаратқан Ие сендерді мойынсұндыру үшін кейде аштыққа душар етті. Адам тек нанмен ғана емес, Жаратқан Иенің аузынан шыққан әрбір сөзімен де өмір сүреді дегенді үйрету үшін Ол сендерді өздерің де, ата-бабаларың да бұрын татып көрмеген тәтті нанмен (маннамен) қоректендірді.
Jesus, o pão vivo
Jesus é o pão da vida que desceu do céu. Quem come deste pão viverá para sempre. Ele é o sustento que satisfaz a fome da alma.
Сонда Иса оларға былай деді:
— Шынайы өмір сыйлайтын «нан» Менмін. Маған келгендер рухани нәрден тарықпайды, Маған сенгендер ешқашан шөлдемейді!
Шынайы өмір сыйлайтын «нан» Менмін.
Көктен түскен «тірі нан» Менмін. Одан «жеген» әркім мәңгілік өмірге ие болады. Бұл «нан» — Менің денем, оны адамзат шынайы өмірге ие болсын деп құрбан етемін.
Мәңгі тірі Әкем Мені жіберді және Мен Ол арқылы өмір сүремін; сол сияқты денемнен «нәр алған» кісі де Мен арқылы шынайы өмір сүреді. Ендеше, көктен түскен «нан», міне, осындай; ол ата-бабаларымыз жеген тәтті нан сияқты емес: олар ақырында өлген; бірақ осы «рухани наннан нәр алған» әркім мәңгі өмір сүреді. —
Buscar o Reino acima de tudo
Não andeis ansiosos pelo que comer ou beber. Buscai primeiro o Reino de Deus, e todas estas coisas vos serão acrescentadas.
Сондықтан сендерге мынаны айтамын: не ішіп-жейміз деп өмірлеріңді, не киеміз деп тәндеріңді уайымдамаңдар! Өмір тамақтан, тән киімнен артық қой!
Сондықтан не ішіп-жейміз деп ойлап уайымға салынбаңдар! Осы күнәкар дүниенің адамдары сондай нәрселердің бәріне ие болуға тынымсыз ұмтылуда. Ал бұлардың сендерге қажет екенін көктегі Әкелерің біледі ғой. Ең бастысы, Құдайдың Патшалығының қамын ойлаңдар! Сонда Құдай сендерге бұлардың бәрін қосып береді.
Осы екі арада шәкірттері:
— Ұстаз, тамақ ішіп алыңыз, — деп өтінді. Ал Иса:
— Менің сендер білмейтін «тамағым» бар, — деді. Шәкірттері:
— Оған біреу тамақ әкеп берген бе? — десті. Иса оларға астарлап былай деді:
— Өзімді Жібергеннің еркін іске асырып, Оның тапсырғанын толық орындау Маған «нәр» болады.
Қиын-қыстау кездегі сенім мен қуаныш
Інжір ағаштары гүлдемесе де,
Бақтарда жүзім шоқтары піспесе де,
Зәйтүн ағаштары өнім бермесе де,
Егістіктерден астық жиналмаса да,
Қорада қой, табында мал қалмаса да,
Мен бәрібір Жаратқанға шаттанамын,
Құтқарушы Құдайыма қуанамын.
Жаратушы Тәңір күш-қуатым болады,
Ием мені бұғыдай жүйрік қылады,
Қырат жолмен жүруіме күш дарытады.
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен орындалады.)
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.