Pular para o conteúdo
Publicidade

Obediência aos pais

Por Bíblia Online

A obediência aos pais é mandamento divino com promessa de vida longa. A Bíblia valoriza a honra filial e ensina os filhos a respeitar e obedecer aos pais com amor.

Honrar pai e mãe

O quinto mandamento ordena honrar pai e mãe. É o primeiro mandamento com promessa: para que vá bem e vivas muito na terra.

Ата-анаңды сыйла!

Құдайың Жаратқан Ие өзіңе табыстайтын елде ұзақ өмір сүруің үшін осылай істе.

Құдай Иең саған өсиеттегендей, ата-анаңды сыйла!

Сонда Құдай Иең өзіңе табыстайтын елде игілікті де ұзақ өмір сүретін боласың.

Құдай: «Ата-анаңды сыйла!» және «Егер біреу әкесін не шешесін жамандайтын болса, ол өлтірілсін!» деп бұйырған еді ғой.

Ата-ана мен балаларына өсиет

Балалар, Иеміздің еркіне мойынсұнып, әке-шешелеріңнің тілін алыңдар, өйткені осылай істегендерің дұрыс. «Ата-анаңды сыйла!» Бұл, Құдайдың бір уәдемен байланыстырып берген алғашқы өсиеті: «Сонда жерде игілікті де ұзақ өмір сүретін боласың».

Ал ата-аналар, балаларыңа шектен тыс ұрыспаңдар, керісінше, ақылмен жөн сілтеп, Иемізбен жүргендерге лайықты тәрбиелеңдер!

Obedecer e respeitar

Filhos, obedecei a vossos pais no Senhor. A obediência filial é expressão de amor e temor a Deus.

Балалар, барлық жағдайда да ата-аналарыңның тілін алыңдар, өйткені Иемізге осы ұнайды!

Балам, әкеңнің тәрбиесін тыңда,

Шешең берген тәлімнен де бас тартпа!

Олар басыңдағы тәждей тамаша,

Мойныңдағы моншақтай ұнамды да.

Азғын әйелден сақтандыру

Балам, әке өсиетін есте сақта,

Анаң берген тәлімнен де бас тартпа,

Оларды мәңгі жүрегіңе түйгін,

Мойныңа таққандай сақтап жүргін,

Жүргенде олар тура жолды нұсқар,

Ұйықтасаң күзетіп, қорғап жатар,

Оянғанда саған ақыл айтар.

Өсиет пен тәлім шам-шырақ секілді,

Түзеткіш тәрбие өмір жолын сілтейді.

Даналық пен әділдікті ұстануға арналған әке өсиеті

Балалар, әке өсиетіне құлақ түріңдер,

Парасатқа ықылас бөліп, меңгеріп алыңдар,

Өйткені мен сендерге игі тәлім беремін,

Бас тартып кетпеңдер үйреткен өсиетімнен!

Өзім де әкемнің қасындағы ұлы болдым,

Көзінің қарасы, шешемнің жалғызы едім.

Әрдайым былай деп әкем маған үйрететін:

Жүрегіңе сөздерімді берік тоқып алғын,

Өсиеттерімді орындап өмір сүргін.

Парасатқа ие болып, даналыққа кенелгін,

Сөздерімді ұмытып, бас тартып жүрмегін.

Даналықтан безбе, сонда ол сені қорғайды,

Ұдайы оны сүйсең, сені аман сақтайды.

Ақылды бала әке тәрбиесін қабыл алар,

Ал мысқылшыл ескертуге құлақ аспас.

Баланы жастан салсаң тура жолға,

Есейгенде ол содан таймайды да.

Disciplina e consequências

A vara e a repreensão dão sabedoria. A Bíblia adverte sobre as consequências sérias da rebeldia e desonra aos pais.

Тиянақты тәрбие мен қажетті жаза

Баланы ақылды қылар,

Ал өз бетімен жіберілген бала

Анасын масқараға қалдырар.

Әкесін тонап, шешесін қуған ұл —

Ар-ұждансыз, жексұрын бұл.

Әкесін мазақтап келекелеген,

Шешесін тыңдамай менсінбеген

Жанның көздерін шоқыр сайдағы қарғалар,

Әрі құзғынның балапандары жеп қояр.

Ата-анасын ұратын өлтірілсін.

Егер біреудің баласы әке-шешесіне мойынсұнбайтын қиқар болып, жөнге салғанмен оларды мүлдем тыңдамайтын болса, онда әке-шешесі оны ұстап, ақсақалдардың алдына алып келсін. Оларға былай десін: «Мына баламыз бізге мойынсұнбайтын қиқар, былапыттап ішіп-жеп, айтқанымызды тыңдамайды». Сонда қаланың барлық адамдары оны таспен атқылап өлтіруге тиіс. Зұлымдықты араларыңнан осылайша аластатыңдар! Бүкіл Исраил халқы мұны естіп, (жамандық істеуден) қорқатын болады.

Әке-шешесін қарғағанның

Жанары қара түнекте сөнер.

Көріп жатқан азаптарыңа тәрбие ретінде шыдаңдар. Құдай сендерге рухани баласына қарағандай қарайды. Әкесі түзетпейтін бала бола ма?

Егер жесірдің балалары не немерелері болса, онда бұлар алдымен өз отбасын қадірлеп, әке-шешелері мен ата-әжелерінің алдындағы борыштарын өтеп, өз сенімдерін іс жүзінде көрсетуді үйренсін. Өйткені бұл Құдайға ұнайды.

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.