Ouvir a voz de Deus
Ouvir a voz de Deus é o privilégio supremo do cristão. Ele fala por sua Palavra, pelo Espírito e em circunstâncias — e as ovelhas reconhecem a voz do bom Pastor.
As ovelhas ouvem a voz do Pastor
Jesus disse: minhas ovelhas ouvem minha voz, eu as conheço e elas me seguem. A relação com Deus é íntima e pessoal.
Өз «қойларым» даусымды естіп, бағынады. Мен оларды жақсы білемін, олар Маған еріп жүреді.
Пайғамбарлар жазбаларында «Бәрі де Құдайдан тәлім алмақ» делінген. Әкемді тыңдап, Одан тәлім алған әркім Маған келеді.
Кімде Құдайдың рухани өмірі болса, сол Оның айтқандарына құлақ асады. Сендерде Құдайдың рухани өмірі болмағандықтан, Оның айтқандарына құлақ аспайсыңдар.
Сендерге тағы бір маңызды шындықты айтайын: кімде-кім айтқан сөздеріме құлақ асып, Мені Жібергенге сенсе, сол мәңгілік өмірге ие. Ол қиямет сотына тартылмайды, керісінше, рухани өлімнен шынайы өмірге өтті.Сендерге тағы бір өте маңызды шындықты айтып тұрмын: рухани өлілер Құдайдың рухани Ұлының даусын естіп, Оған сенетін уақыт болады, тіпті сол уақыт келді де. Сонда Оның даусына құлақ салғандар тіріледі.
Мәсіх Иса — Құдайдың адамзатқа арнап өз ойын білдірген «Сөзі»
Әуел баста Сөз болатын, Сөз Құдайда болатын, Сөз Құдай еді.
Сөз адамға айналып, арамызда өмір сүрді. Сонда біз Әкенің жалғыз рухани Ұлының асқан ұлылығын көрдік: Ол рақымдылық пен шындыққа толы еді.
Deus fala pela Palavra
Toda Escritura é inspirada por Deus. A Bíblia é a voz confiável de Deus registrada para nos guiar em toda verdade.
Киелі жазбалардың бәрі Құдай Рухының жетелеуімен жазылған. Олар тәлім беру, әшкерелеу, түзету әрі әділдікке тәрбиелеу үшін тиімді. Осылай Құдайдың адамы барша игі іске дайындалып, толықтай даяр болмақ.
Ең бастысы, Киелі жазбалардағы пайғамбарлар сөздерінің ешқайсысы да пайғамбардың жеке түсінігі бойынша туындамағанын біліңдер. Себебі бұл пайғамбарлық сөздер ешқашан адам баласының қалауымен пайда болған емес. Қайта, Киелі Рух Құдайға бағышталған адамдарға Оның хабарларын айтуға қозғау салып отырды.
Сонымен, сенім хабарды естуден келеді, ал естудің өзі Мәсіхтің сөзін жариялаудан болады.
Таудағы уағыздың соңы: Берік негіз бен осал негіз
Осы айтқандарымды тыңдап, оларды орындаған әркім үйін берік тастың үстіне қалап салған көреген адамға ұқсас болады. Жаңбыр жауып, өзендер тасып, дауыл тұрып үйді соққылағанда, ол құламайды. Себебі оның іргетасы берік тасқа қаланған.
Бірақ Иса оған:
— Құдай сөзін естіп, оны орындайтындар одан бетер бақытты! — деді.
Buscar e ouvir
Deus promete: 'Clama a mim, e te responderei.' Quando buscamos sinceramente sua voz, encontramos direção e revelação.
Маған дауыстап мінажат ет, жауап беремін, сен білмейтін ұлы да құпия жайттарды білдіремін!
Сонда сендер жолдан оңға не солға қарай бұрылмақ болғанда, бір дауыстың арт жақтан: «Жол мынау, сонымен жүріңдер!» дегенін еститін боласыңдар.
былай деді: «Құдайымыз Жаратқан Ие бізге Өзінің нұрлы салтанаты мен ұлылығын көрсетті, от ішінен Оның даусын естідік. Бүгін біз Құдай адаммен тілдескенде адамның тірі қала алатынын да көрдік.
О, Құдай Ием, мен Саған сиындым
Қолдау сұрап, сонда мені сауықтырдың.
Уа, Ием, мені көрден алып қалдың,
Ажалдан жанымды арашаладың.
Ей, Жаратқан Иеге бағышталғандар,
Оған арнап ұдайы ән шырқаңдар,
Оның киелі атын мадақтаңдар!
Ал, Ием, алдымдағы қалқаным Сенсің,
Даңққа бөлеп, беделімді көтересің.
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.