Pular para o conteúdo
Publicidade

Pão

Por Bíblia Online

O pão é símbolo central na Bíblia: do maná no deserto ao pão da vida — Jesus. A Escritura usa o pão para ensinar sobre provisão divina, comunhão e dependência espiritual.

O maná do céu

Deus alimentou Israel no deserto com pão do céu. O maná era diário, fiel e suficiente — retrato da provisão constante de Deus.

Иеміз Мұсаға тіл қатып: «Мен исраилдіктердің наразы күңкілін естідім. Оларға былай де: кешке ет жеп, ертеңіне азанда нанға тоятын боласыңдар. Сонда Менің өздеріңнің Құдайларың Жаратқан Ие екенімді ұғынып білесіңдер», — деді.

Сол кеште-ақ бөденелер ұшып келіп, халықтың қоныстанған жеріне қаптап қонды. Ал ертеңгісін азанда айналаны шық басып жатты. Шық кепкен кезде оның орнында айдалада қырау тәрізді ақ, нәзік қабыршақтар қалды. Исраилдіктер мұны көргенде оның не екенін білмей, бір-бірінен: «Ман һу?» яғни «Бұл не?» — деп сұрасты. Мұса оларға түсіндіріп: «Бұл — Жаратқан Иенің сендерге жеуге берген наны.

Исраилдіктер сол нанды манна деп атады. Оның түсі көжекөк шөбінің дәндері сияқты ақ, ал дәмі бал қосқан күлше нандай болды.

Ал Құдай ешкімге соларды жәбірлетпеді,

Олар жайлы патшаларға қатаң ескертті:

«Тағайындағандарыма еш тиіспеңдер,

Пайғамбарларыма зұлымдық істемеңдер!»

O pão da vida

Jesus declarou: 'Eu sou o pão da vida.' Quem vem a Ele nunca terá fome, e quem nele crê jamais terá sede. Ele é o sustento eterno.

Иса:

— Сендерге өте маңызды шындықты айтайын: сол заманда көктен нан берген — Мұса пайғамбар емес, Менің Әкем. Қазір де Әкем сендерге көктен шынайы «нанды» ұсынып тұр. Себебі көктен түсіп, адамзатқа өмір Беруші — «Құдайдың наны», — деп жауап қайтарды. Олар:

— Мырза, бізге әрқашан осындай нан беріп тұрыңызшы! — деп өтінді. Сонда Иса оларға былай деді:

— Шынайы өмір сыйлайтын «нан» Менмін. Маған келгендер рухани нәрден тарықпайды, Маған сенгендер ешқашан шөлдемейді!

Шынайы өмір сыйлайтын «нан» Менмін. Ата-бабаларың айдалада тәтті нанды жесе де, ақырында өлді. Бірақ қазір көктен түскен «нан» мынадай: одан «жеген» адам рухани өлімге душар болмайды. Көктен түскен «тірі нан» Менмін. Одан «жеген» әркім мәңгілік өмірге ие болады. Бұл «нан» — Менің денем, оны адамзат шынайы өмірге ие болсын деп құрбан етемін.

Жаратқан Ие сендерді мойынсұндыру үшін кейде аштыққа душар етті. Адам тек нанмен ғана емес, Жаратқан Иенің аузынан шыққан әрбір сөзімен де өмір сүреді дегенді үйрету үшін Ол сендерді өздерің де, ата-бабаларың да бұрын татып көрмеген тәтті нанмен (маннамен) қоректендірді.

Иса оған былай деп жауап қатты:

— «Адам тек нанмен ғана емес, Құдайдың аузынан шыққан әрбір сөзімен өмір сүреді» деп (Тауратта) жазылған ғой!

Partilha e comunhão

O partir do pão une o corpo de Cristo. Na Ceia, na generosidade e na partilha, expressamos a comunhão com Deus e uns com os outros.

Исаның құрбан болуы — Жаңа Келісімнің негізі

Содан кейін Иса қолына нан алып, шүкірлік етті. Нанды үзіп, оларға беріп жатып:

— Бұл — сендер үшін құрбандыққа берілмек денем. Мені естеріңе түсіру үшін осылай істеңдер! — деді.

Сендер осылай нан жеп, тостағаннан ішкен сайын, Иеміз қайтып келгенше, Оның құрбандық өлімін жариялай бересіңдер.

Біз Иеміздің құрбандығын еске алып «шүкірлік тостағанынан» ішкенде, Мәсіхтің төгілген қанының игілігінен үлес алғанымызды білдіреміз, солай емес пе? Нанды үзіп жегенде, құрбан болған Мәсіхтің денесінің игілігінен үлес алғанымызды білдіреміз емес пе?Нан біреу болғандай, біз — көпшілік те біртұтас рухани денеміз. Себебі бәріміздің жейтініміз бір нан.

Сонымен Құдайға мына іспетті мінажат етіп сиыныңдар:

Көктегі Әкеміз!

Сенің киелі есімің қастерлене берсін,

Патшалығың осында орнасын!

Сенің еркің көкте орындалғандай,

Жер бетінде де орындала берсін!

Күнделікті нанымызды бүгін де бере гөр.

Жомарт жан жарлымен нанын бөлісер,

Құдайдың жарылқауына кейін кенелер.

Бірақ Иса:

— Оларға тамақты сендер беріңдер! — деп жауап қатты. Шәкірттері:

— Онда біз барып, екі жүз күндік жалақыға нан сатып алып, бұларды тамақтандырайық па? — деп сұрады. Ал Иса оларға:

— Қанша нандарың бар? Барып, қарап келіңдер! — деп тапсырды. Біліп келген олар:

— Бес күлше нан мен екі кепкен балық бар екен, — деді. Сонда Иса шәкірттеріне адамдарды топ-топқа бөліп, көгалдың үстіне жайғастыруды тапсырды. Сонымен жұрт жүзден, елуден топтасып жайғасты. Иса бес күлше мен екі кепкен балықты қолына алып, көкке қарап тұрып шүкірлік етті. Нанды халыққа тарату үшін үзіп-үзіп, шәкірттеріне бере берді, екі балықты да бәріне бөліп, үлестірді. Барлығы да жеп тойды.

Соңында олар нан үзімдері мен балықтан артылып қалғандарын жинап алғанда он екі себет толды.

Provisão divina

O justo não é desamparado e seus descendentes não mendigam pão. Deus provê com fidelidade o alimento de cada dia.

Иса шәкірттерімен көлдің ар жағына өтті. Шәкірттер нан ала келуді ұмытып кеткен еді. Иса оларға:

— Абайлаңдар, парызшылдар мен саддукейлердің «ашытқыларынан» сақтаныңдар! — деп ескертті. Шәкірттері өзара пікірлесіп:

— Бұны нанымыздың жоқтығынан айтқан шығар, — десті. Иса оларын біле қойып, былай деп сұрады:

— Сенімі аздарым-ай, неге сендер нанымыз жоқ деп пікірлесіп отырсыңдар? Жасағандарымды әлі де не түсінбей, не ескермей келесіңдер ме? Бес күлше нан бес мың адамға жетіп, қалдықтардан неше себет жинап едіңдер? Әрі жеті күлше төрт мың адамға жетіп, артылып қалғаны қанша үлкен себет болды? Менің сендерге: «Парызшылдар мен саддукейлердің ашытқысынан сақтаныңдар!» дегенімде нан туралы айтпағанымды қалайша ұға алмайсыңдар? — Сонда шәкірттері Исаның нандағы ашытқыдан емес, парызшылдар мен саддукейлердің жалған тәлімдерінен сақтандырғанын түсінді.

Уақытында ізгі істер істеу жайлы

Су бетіне тұқымыңды себе бер,

Көп күннен кейін ол өзіңе қайтып келер.

Жеті не сегіз бөлікке бөл өзіңде барды,

Білмейсің қандай пәлеге душар боларыңды.

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.