Preservação das escrituras
A Palavra de Deus permanece para sempre. As Escrituras foram preservadas por Deus ao longo dos milênios para instrução, consolação e guia de todas as gerações.
A Palavra eterna
Céus e terra passarão, mas as palavras de Deus jamais passarão. Sua Palavra é eterna, infalível e imutável — a verdade que sustenta tudo.
Аспан мен жер жойылатын болады, бірақ Менің сөздерім еш жойылмайды.
Сендерге шындығын айтайын: аспан мен жер жойылып кетпейінше, Таурат заңының бірде-бір әрпі, тіпті бір кішкентай сызығы да күшінен айырылмайды, әуелі бәрі де жүзеге асады.
Шөптер сарғайып қурап, гүлдер солады, ал Құдайымыздың сөзі мәңгі қалады.
Күллі пенде атаулы көк шөп секілді!
Бар салтанаты дала гүліндей өткінші:
Шөп сарғайып қурап, гүл солады,
Ал Жаратқанның сөзі мәңгі қалады!
Сендерге уағыздалған Ізгі хабар — Құдайдың осы мәңгілік сөзі.
Рухани қайта туылып, жаңа өмірге иесіңдер ғой. Бұл шіріп кететін табиғи тұқым арқылы жүзеге асқан жоқ. Қайта, сендер ешқашан құрымайтын «рухани тұқым» — Құдайдың өмір беретін мәңгілік сөзін қабылдағанда, қайта туылып жаңа өмірге ие болдыңдар.
Күллі пенде атаулы көк шөп секілді!
Бар салтанаты дала гүліндей өткінші:
Шөп сарғайып қурап, гүл солады,
Ал Жаратқанның сөзі мәңгі қалады!
Сендерге уағыздалған Ізгі хабар — Құдайдың осы мәңгілік сөзі.
A inspiração divina
Toda Escritura é inspirada por Deus. Homens santos falaram da parte do Senhor, e a Palavra escrita é a expressão fiel da vontade divina.
Ең бастысы, Киелі жазбалардағы пайғамбарлар сөздерінің ешқайсысы да пайғамбардың жеке түсінігі бойынша туындамағанын біліңдер. Себебі бұл пайғамбарлық сөздер ешқашан адам баласының қалауымен пайда болған емес. Қайта, Киелі Рух Құдайға бағышталған адамдарға Оның хабарларын айтуға қозғау салып отырды.
Құдайдың Өзін адамзатқа анық түрде көрсетуі
Өткен заманда Құдай әлденеше рет түрлі жолдармен өз хабарын ата-бабаларымызға пайғамбарлар арқылы жеткізіп отырған. Ал осы соңғы заманда Ол бізге хабарын Өзінің рухани Ұлын жіберіп жеткізді. Құдай Сол арқылы әлемді жаратып, Оны барлығының иесі етіп тағайындады. Одан Құдайдың салтанатты ұлылығы жарқырап көрінеді: Ол — Құдайдың болмысының дәлме-дәл сипаты. Ұл бүкіл әлемді құдіретті сөзімен қолдап ұстап тұр. Өзінің құрбандық өлімі арқылы күнәдан тазару жолын ашып бергеннен кейін, Ол көктегі Ұлылық Иесіне (яғни Құдай Әкеге) барып, Оның оң жағындағы ең құрметті орынға жайғасты.
Сөз адамға айналып, арамызда өмір сүрді. Сонда біз Әкенің жалғыз рухани Ұлының асқан ұлылығын көрдік: Ол рақымдылық пен шындыққа толы еді.
Құдай не істесе, соның мәңгі болатынын, одан ештеңе алынып, оған ештеңе қосылмайтынын да ұқтым. Құдай бұны Өзін адамдар терең қастерлеу үшін солай етті.
A Palavra como guia e tesouro
A Palavra de Deus é lâmpada para os pés, espada do Espírito e tesouro para o coração. Guardá-la e meditá-la nos protege do pecado.
Жаратқан Иеден жеңіс тілеген мінажат
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)
Қиын-қыстау кезде Ием саған құлақ салсын,
Жақыптың Құдайы бар пәледен сақтасын,
Ол киелі үйінен саған көмек жіберсін,
Сиондағы тұрағынан нығайта көрсін,
Бар сый-тартуларыңды ескере көрсін,
Өртелген құрбандығыңа да риза болсын.
Жүрегіңнің қалауын Құдай берсін,
Бар ой-ниетіңді орындай көрсін.
Сонда жеңісіңе қуана әндетеміз,
Құдайымыздың атынан ту көтереміз,
Тілектеріңді қабыл алсын Иеміз.
Жаратқан Өзі тағайындаған Патшасын
Аман сақтайтынын енді білемін,
Жауап береді оған киелі көгінен,
Құтқарады оны құдіретті қолымен.
Кейбір ұлт мақтанады күймелерімен,
Басқалар мақтанады тұлпарларымен,
Ал біз мақтанамыз Құдай Иемізбен.
Ал мен берік рақымыңа сенімімді артамын,
Сенің құтқаруыңа шын жүректен қуанамын,
Игілік жасаған Иеме әнімді айтамын.
Қайта, сенім жолымен ақталу жөнінде былай делінген: «Бұл сөз саған өте жақын, ол ауызыңда және жүрегіңде».
Сенім туралы біз жариялап жүрген сөз — осы.
Сонымен, сенім хабарды естуден келеді, ал естудің өзі Мәсіхтің сөзін жариялаудан болады. Енді: «Олар хабарды естіген жоқ па?» деп сұрағым келіп тұр. Әрине, естіген. «Үндері жайылады бар жер бетіне, сөздері таралады жердің шетіне» деп (Забурда) жазылған ғой.
Киелі жазбалардағы осындай сөздердің бәрі бізге тәлім болсын деп ежелде жазылып қалдырылды. Керемет болашағымыздан үміт үзбеуіміз үшін Киелі жазбалар арқылы табандылық пен жігерлілікке үйренеміз.
Бүгін Мен өздеріңе тапсырып отырған осы сөздер жүректеріңнен тұрақты орын алсын! Балаларыңа да бұл сөздерді мұқият үйретіңдер: үйде отырған не жол жүрген, төсекте жатқан не тұрып жатқан кездеріңде де солар туралы айтатын болыңдар! Бұл сөздер қолдарыңа байланған белгі, көз алдарыңдағы ескертпе жазба іспетті болсын. Оларды үйлеріңнің есік жақтауларына әрі қақпаларыңа да жазып қойыңдар.
адам санасы жетпейтін осы сүйіспеншілікті танып білсеңдер екен. Сол арқылы Құдайдың рухани қасиеттері бойларыңа толықтай дари берсін!
Бұл игілікті әрі Құтқарушымыз Құдайға ұнамды. Ол барлық адамдардың құтқарылып, шындықты біліп алуларын қалайды.
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.