Pular para o conteúdo
Publicidade

Sexo

Por Bíblia Online

A Bíblia trata a sexualidade como um presente de Deus para o contexto do casamento. As Escrituras celebram a intimidade conjugal e orientam sobre pureza e santidade sexual.

A sexualidade no plano de Deus

Desde a criação, Deus projetou a intimidade sexual como expressão de amor entre marido e mulher, abençoando a união conjugal.

Осылайша Құдай адамды (рухани жағынан) Өзіне ұқсас әрі бейнелес етіп, бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты.Құдай оларға оң батасын беріп: «Өсіп-өніп көбейіңдер! Ұрпақтарың жайылып, жер бетін толтырыңдар! Оны өздеріңе бағындырып, теңіздегі балықтарға, аспандағы құстарға және жер бетіндегі барлық жануарларға билік жүргізіңдер!» — деді.

Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне берік қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады.

Исаның жауабы мынау болды:

— Сендер Жаратқан Иенің әуел бастан-ақ «адамды бірін еркек, бірін әйел қылып» жаратқанын (Тауратта) оқымап па едіңдер?!Сол кезде Ол былай деген: «Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады».Осылайша олар енді екеу емес, біртұтас. Сонымен Құдай қосқанды адам баласы ажыратпасын! —

Құдайым жарылқай көрсін «бұлағыңды»,

Қанағат ет жастай алған қосағыңды:

Ол еліктей сұлу, тауешкідей әсем,

Үнемі ләззат тап кеудесінен,

Мас бола бер махаббатына әрдайым.

A santidade na intimidade

O leito conjugal é honroso. A Bíblia celebra a alegria da intimidade dentro do casamento e orienta o casal ao amor e respeito mútuo.

Некеге барлығың да құрметпен қарап, жар төсегін былғамаңдар! Азғындар және неке адалдығын бұзғандар Құдайдың сотына түспек.

Күйеуі әйеліне, ал әйелі күйеуіне тиісті ықылас көрсетулері керек. Себебі әйелдің денесі өзінің ғана емес, күйеуінің де билігінде; дәл солай күйеуінің денесі өзінің ғана емес, әйелінің де билігінде.

Ал егер өздеріне ие бола алмаса, онда үйленсін. Себебі құмарлықтың отына күйіп-жанғанша, үйленгендері жақсы.

Құдай ерлі-зайыптыны біртұтас болуға жаратпады ма? Олар жан-тәндерімен Оның меншігі. Құдай сендерден нені қалайды? Ол құдайшыл ұрпақтардың өсіп-өрбуін қалайды. Сонымен әрқайсың жан дүниелеріңді таза сақтап жүріңдер! Ешқайсың жастай некелескен әйелдеріңе опасыздық жасамаңдар!

Денелеріңнің Мәсіхтің рухани денесінің мүшелері екенін білмейсіңдер ме? Мәсіхтің бір мүшесін қайсыбір жезөкшенің дене мүшесі етіп қоюға бола ма? Жоқ, мүлдем болмайды! Әлде жезөкшемен жақындасқан кісінің онымен біртұтас болатынын білмейсіңдер ме? Себебі Тауратта «Екеуі біртұтас болады» делінген ғой.Ал Иемізге қосылған кісі Оның Өзімен рухани біртұтас болады.

Pureza sexual

Deus nos chama à santificação e à fuga da imoralidade. O corpo do cristão é templo do Espírito Santo e deve ser tratado com honra.

Азғындықтан аулақ болыңдар! «Барлық күнә адам денесінен тысқары», — дейсіңдер. Бірақ адам азғындық арқылы өз денесіне күнә жасайды. Әлде денелеріңнің Киелі Рух мекендейтін киелі үй екенін білмейсіңдер ме? Сендер Құдайдан қабылдаған Киелі Рух бойларыңнан орын алды. Енді өз меншіктерің емессіңдер, Иеміз сендерді үлкен құн төлеп, күнәнің құлдығынан азат етті. Ендеше денелеріңмен Құдайдың даңқын арттырыңдар!

Құдай сендердің Өзіне бағышталып қасиетті өмір сүргендеріңді қалайды. Бұл азғындықтан аулақ жүрулеріңді де білдіреді: әркім өз денесін қасиеттілікпен әрі құрметпен күте білсін!Құдайды танымайтын ұлттарға ұқсап күнәлі құмарлықтарға салынбаңдар,

Араларыңда неке адалдығын бұзу, әр қилы азғындық пен ашкөздіктің тіпті аттары да аталмасын. Құдайға бағышталған адамдарға бұлардан аулақ жүру лайық.

Ал Мен сендерге былай деймін: кім бір әйелге құмарта қараса, оның өз жүрегінде сол әйелмен неке адалдығын бұзғаны.

Күндізге жарасатындай әдетпен өмір сүрейік: шектен тыс той-думанға, маскүнемдікке, неке адалдығын бұзуға, азғындыққа, дау-дамайға әрі күндестікке салынбайық!

Неке адалдығын бұзба!

Ешкім өзінің қандас туысымен жақындасып абыройын ашпасын! Мен Жаратқан Иемін. Әкең мен шешеңнің абыройын төгіп шешеңмен жақындаспа! Ол өз анаң ғой, оның абыройын ашпа! Әкеңнің өзге әйелімен де жақындаспа! Бұл әкеңнің де абыройын ашқаның. Өзіңнің бірге туған әпке-қарындасыңның немесе өзіңмен жартылай қандас не әкеңнің, не шешеңнің қызымен де жақындаспа! Ол сенімен бірге туып-өсті ме, жоқ па, бәрібір, оның абыройын төкпе! Ұлыңның не қызыңның қызымен жақындаспа! Бұл өзіңнің де абыройыңды ашқаның. Әкеңнің басқа әйелінен туған қызымен де жақындаспа! Ол сенің әпке-қарындасың ғой. Әкеңнің әпке-қарындасымен де жақындаспа! Ол әкеңнің қандас туысы ғой. Шешеңнің әпке-сіңлісімен жақындаспа! Ол шешеңнің қандас туысы ғой. Әкеңнің аға-інісінің әйелімен жақындасып, немере аға-ініңнің абыройын төкпе! Сол әйел сенің туысқан жеңгең не келінің ғой. Өз келініңмен де жақындаспа! Ол ұлыңның әйелі ғой, келініңнің абыройын ашпа! Аға-ініңнің әйелімен жақындаспа! Бұл ағаңның не ініңнің абыройын ашқаның.

Бір әйелмен және оның қызымен немесе бір әйелмен және оның немере не жиен қызымен бірдей жақындаспа! Олар өзара қандас туыстар ғой. Бұл — жексұрын қылық. Әйеліңнің туған әпке не сіңлісін алып, онымен әйеліңнің көзі тірісінде жақындаспа! Бұдан сол екеуі күндес болар еді.

Әйелдің айлық етеккірі келіп жүрген кезінде онымен жақындаспа!

Басқа біреудің әйелімен еш жақындасып, өзіңді арамдама!

Ұрпақтарыңды (жалған тәңір) Молохқа құрбан етіп Құдайыңды қорлама! Мен Жаратқан Иемін.

Еркекті әйелдей көріп онымен жақындаспа! Бұл — жексұрын қылық.

Жануармен жақындасып, өзіңді арамдама! Әйел де жақындасу мақсатымен өзін жануарға ұсынбасын. Бұл — нағыз азғындық.

Өздерін ақылдымыз деп жүріп, шын мәнінде ақымақ болып шықты. Осылай олар мәңгі тірі Құдайдың ұлылығына табынудың орнына ажалды пенденің, құстың, төрт аяқты не бауырымен жорғалаушы жануардың мүсіндеріне құлшылық ететін болды.

Сондықтан да Құдай оларды көңілдері ынтыққан азғындықтың былығына батырып жіберді; осылай олар өз тәндерін өздері қорлауда. Өйткені адамдар Құдай туралы шындықты мойындамай, жалған тәңірлерге сиынып келеді. Жаратушы Иеге бас ұрып ғибадат етудің орнына жаратылған нәрселерге құлшылық етеді. Ал Жаратушы Құдай мәңгілік мадақталуға лайық! Аумин.

Сол себептен де Құдай адамдарды өздерін қорлайтын құмарлықтарға батырып жіберді. Араларындағы кейбір әйелдер табиғи жыныстық қатынасты табиғи емес қатынаспен ауыстырды. Дәл солай кейбір еркектер де әйелдерімен табиғи қатынасты қойып, бір-біріне құмарлықпен ынтығып, азғындық істейтін болды. Олар тура жолдан тайып кеткендіктерінің тиісті жазаларын өз бойларында тартып жатты.

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.