7 Сүйікті бауырларым, сендерге жазып отырғаным — жаңа өсиет емес, өздеріңе бастапқыдан белгілі көне өсиет. Осы көне өсиет — сендер Исаға сене бастаған сәтте-ақ естіген хабарларың. 8 Дегенмен сендерге жаңа өсиет те жазып отырмын: ол бұрын Мәсіхтің өмірінде, қазір сендердің өмірлеріңде іске асуда. Себебі түнек түріліп, шынайы жарық нұрын шашып келе жатыр.2:8 Сол сияқты, сендер де күнәлі іс-әрекеттеріңді доғарып, енді таза өмір кешудесіңдер (Рим 13:12-14; Еф 5:8-10).
Publicidade