11 Бұл куәліктің мәнісі мынадай: Құдай бізге мәңгілік өмір сыйлады. Осы өмір Оның рухани Ұлында: 12 Құдайдың рухани Ұлымен байланысы бар адам шынайы өмірге ие, ал Онымен байланысы жоқта шынайы өмір де жоқ.5:12 Жох 3:16; 15:4-5.
Құдаймен тығыз байланыстағы мәңгілік өмір
13 Сендер Құдайдың рухани Ұлына сенгендіктен мәңгілік өмірге иесіңдер. Оған сенім артқан сендердің соны білулерің үшін бұларды жазып отырмын.