12 Құдайға мойынсұнбайтын халықтар арасында адал өмір сүріңдер! Олар сендерді жамандық жасаушылар деп айыптайды. Алайда Құдай бізді құтқаруға келген күні2:12 Немесе: Тәңір оларға рақымшылық көрсетіп, құтқаруға келген күні (Тім1 2:3-6; Жох 3:16-18). олар өз көздерімен көріп жүрген игі істеріңе бола Оны мадақтайтын болады.2:12 Флп 2:10-11.
13 Сонымен, сендер Жаратқан Иенің меншігі болғандықтан, Ол тағайындаған әрбір билік иесіне2:13 (Рим 13:1-5) Яки: адамзат қоғамындағы әрбір билік иесіне. мойынсұныңдар! Елдің басшысы ретінде патшасына бой ұсыныңдар, 14 патшаның жамандық жасағандарды жазалап, жақсылық істегендерді мақтауға бекітіп жіберген әкімдеріне де бағыныңдар!