21 Ол сендерді сол үшін де шақырды. Мәсіхтің Өзі бізге бола азап шегіп, үлгі қалдырды, сондықтан Оның ізімен жүруіміз керек.2:21 3:9,18; 4:1; Мат 16:24.
22 «Ол ешқандай күнә жасаған да емес, аузынан бірде-бір өтірік шыққан да емес».2:22 Иш 53:9; Жох1 3:5.23 Мәсіх Өзіне тіл тигізгендерге жаман сөз қайырмады, азап көрген кезде де оларды қорқытпады. Қайта, Ол ісін әділ Соттаушыға2:23 Яғни көктегі Әкесіне (Жох 8:16-18,26-29,50). тапсырды.