Pular para o conteúdo
Publicidade

Петірдің 1-хаты 3

Ерлі-зайыптыларға арналған ескертулер

1 Сол сияқты сендер, әйелдер, күйеулеріңе мойынсұныңдар.3:1 Яки: күйеулеріңнің жетекшілігін мойындаңдар (Еф 5:22). Осылайша, олардың кейбіреулері Құдайдың сөзіне құлақ аспаса да, өздеріңнің айтқан сөздеріңмен емес, игілікті мінез-құлықтарыңмен оларды баурап алып, Мәсіхтің иелігіне айналдырыңдар. 2 Олар таза да ізетті мінез-құлықтарыңды көргенде ғана бұлай болмақ.

3 Сендердің көріктерің сыртқы әшекейлерге: шашты ерекшелеп жинау, алтын әшекей бұйымдар тағып, көз тартарлық әдемі киімдер киюге тәуелді болмасын. 4 Қайта, көріктерің жүректеріңдегі көзге көрінбес ізгі қасиеттеріңнен тұрсын; мейірімді де сабырлы жан дүниелеріңнің3:4 Яки: рухтарыңның. мәңгі солмайтын көркі Құдай алдында аса бағалы.

5 Ежелгі заманда үміттерін Құдайға артып, Оған бағышталған әйелдер өздерін дәл осылайша әшекейлеген. 6 Солардың бірі Сара еді; ол Ыбырайымның айтқандарына құлақ асып, оны «қожайыным» деп атайтын.3:6 Жар 18:12. Егер сендер ешқандай қорқынышқа көнбей, адал өмір сүрсеңдер,3:6 Немесе: Егер сендер дұрысын істеп, қорыққаннан қысылып қарсы шықпасаңдар. Сараның рухани ұрпағы боласыңдар.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também