Pular para o conteúdo
Publicidade

Петірдің 1-хаты 5

Құдайдың рухани «отары» мен «бағушылары»

1 Араларыңдағы қауым жетекшілері! Мен өзім де сендермен қызметтес қауым жетекшісімін, Мәсіхтің шеккен азаптарының куәсімін. Ол қайта оралғанда ашық көрінетін салтанатты ұлылығын бөлісетін де боламын. Сендерге ескертетінім мынау: 2 Құдайдың өздеріңе сеніп тапсырған рухани «отарын» (яғни қауымын) қамқорлап бағыңдар!5:2 Жох 21:15-17; Елш 20:28. Мұны лажсыздан емес, шын көңілден, Құдайдың еркіне сай орындаңдар. Оны ашкөз пайдақорлықпен де емес, адал ынта-жігермен істеңдер. 3 Тәңір Иенің меншікті қауымдарына өктемдік жүргізбеңдер, қайта, рухани «отарға» үлгі-өнеге болыңдар! 4 Осылай істесеңдер, «Бас Бағушымыз» (Мәсіх) қайтып келіп, анық көрінгенде, ешқашан солмайтын «салтанат тәжін» жүлде ретінде Оның қолынан аласыңдар.5:4 1:4; Дан 12:3; Жақ 1:12.

5 Сол сияқты, сендер де, жастар, жетекшілерге5:5 Яки: үлкендерге. мойынсұныңдар! Бәрің де арақатынастарыңда әрдайым кішіпейілділік танытыңдар! Себебі «Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, ал кішіпейілдерге рақымын сыйлайды».5:5 Нқл 3:34; Жақ 4:6.

6 Сонымен, Құдайдың құдіретті қолының астына бой ұсыныңдар; Өзі белгілеген уақыты жеткенде Ол сендерді жоғарылатпақ. 7 Барлық уайымдарыңды Құдайға сеніп тапсырыңдар, себебі Ол қамдарыңды ойлайды!5:7 (Жыр 54:23; Мат 6:25) Яки: Тәңір Иеге арт бар уайымыңды, Ол сені қолдап, ойлайды қамыңды!

8 Салауатты да сергек болыңдар!5:8 1:13; Мат 24:42. Сендердің қас жауларың, шайтан, ақырған арыстандай қауымды айнала шарлап, кімді жалмасам деп торуылдап жүр.5:8 Әйүп 1:7; 2:2; Мат 4:1; Жох 8:44; Еф 4:27; 6:11; Жақ 4:7; Тім2 4:17.9 Сенімдеріңе берік болып, оған төтеп беріңдер! Дүниенің төрт бұрышындағы құрбы қауымдастарыңның да дәл сондай азаптарды шегуге мәжбүр екенін білесіңдер ғой. 10 Ал барлық рақымның бастауы, Құдай, біразырақ уақыт азап шегіп жатқан сендерді қайтадан жетілдіріп, нығайтып, қуатты да табанды етпек. Себебі Ол Мәсіх Иса арқылы сендерді Өзінің салтанатты ұлылығын мәңгі бөлісуге шақырды. 11 Оның билігі мәңгілік бола берсін! Аумин.

Соңғы сәлемдер мен ақ бата

12 Мен бұл қысқа сәлемхатымды адал бауырласымыз деп сенетін Сыйласқа5:12 Немесе: Силуаносқа. (Сыйлас атының латынша түрі: Елш 15:22,40-41; 16:19; Сал1 1:1; 2-хат 1:1; Қор2 1:19.) жаздырдым. Сендерді жігерлендіріп, Құдайдың шынайы рақымы осы айтқандарымдай5:12 Яки: өздерің қабылдап келгендеріңдей. екеніне куәлік етіп сендіргім келеді. Бұл рақымды қабылдай беріңдер!

13 Құдай сендерді таңдағаны сияқты, Бабылда5:13 Осында Бабыл (яки: Вавилон) Рим қаласының жанама аты ретінде қолданылған шығар (Аян 17:9-10). бірге таңдап алған сенушілер қауымы, сондай-ақ менің рухани ұлым Марқа5:13 Марқа Петір елшінің көмегімен Құдай жолына түскен болар (Елш 12:12; Флм 10; Марқа жазған Ізгі хабардағы Жазба туралы мәліметті де қараңыз). да сендерге сәлем жолдауда. 14 Сүйіспеншіліктеріңді білдіріп,5:14 Немесе: Сүйіспеншіліктің сүйісімен. бір-біріңмен амандасып, сәлемімізді жеткізіңдер. Мәсіх Иса Өзімен тығыз байланыстағы сендердің бәріңе амандық пен тыныштық сыйлай берсін! (Аумин.)

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também