36 Кешкі құрбандықтың уақытында Ілияс пайғамбар құрбандық орнына жақындап келіп, былай деп сиынды: «Уа, Жаратқан Ие, Ыбырайымның, Ысқақтың, Жақыптың Құдайы! Өзіңнің Исраилдегі Құдай екеніңді, менің өз қызметшің екенімді және осының барлығын Сенің бұйрығыңа сай істеп отырғанымды бүгін анық білдіре көрші! 37 Уа, Жаратқан Ие, жауап берші! О, Ием, мына халық Сенің Құдай екеніңді және олардың жүректерін қайтадан Өзіңе бұрып жатқаныңды біле алулары үшін маған жауап бере гөр!»
Publicidade