Ілиястың дұға етіп қуаңшылықты доғартуы
41 Мұнан кейін Ілияс Ахаб патшаға: «Ал енді, өрлеп барып, тамақ ішіп-жеңіз! Жақындап келе жатқан нөсердің даусын естіп тұрмын», — деді. 42 Содан Ахаб тамақтануға кетті. Ал Ілияс Қармил тауының төбесіне қарай көтерілді. Сонда ол жерге дейін иіліп, басын екі тізесінің арасына қойып отырып (Жаратқан Иеге дұға етті). 43 Пайғамбар қызметші жігітіне: «Жоғары қарай көтеріліп, теңіз жаққа қарашы!» — деген болатын. Қызметшісі көтеріліп барып қарап, ештеңенің жоқ екенін айтты. Ілияс бұдан кейін қызметшісін: «Қарап кел!» — деп жеті рет жіберді. 44 Жетінші ретте ғана қызметшісі барып келіп:
— Әне, теңіз жақтан алақандай ғана бұлт көтеріліп келе жатыр! — деді. Сонда Ілияс:
— Бар да, Ахабқа былай де: «Күймеңізді жегіп алып, жаңбыр астында қалып қоймау үшін үйіңізге қайтыңыз!» — деп тапсырды.
45 Осы аралықта аспан жөңкіп келіп қалған бұлттардан қап-қара болып қарайып, қатты жел соғып, жаңбыр құйып кетті. Ал Ахаб күймесіне отырып, Ізрел жаққа қарай кеткен болатын. 46 Сол кезде Жаратқан Ие Ілиясқа құдіретті қолын тигізіп, оған күш-қуат сыйлады.18:46 Пат4 3:15; Езк 1:3. Содан ол шапанының етегін белдігіне түріп алып, сонау Ізрелге дейінгі жол бойында18:46 25 шақырымның үстінде. Ахабтан бұрын жүгіріп отырды.