20 Сонда Еліше өгіздерін тастап, Ілиястың артынан жүгіріп жетіп, оған:
— Әке-шешеммен сүйісіп қоштасып келуге рұқсат етіңізші! Содан кейін сіздің соңыңыздан еремін, — деді. Ілияс:
— Жарайды, барып кел! Өзіңе не істегенімді есіңнен шығарма!19:20 Немесе: Қайта орал! Мен саған не істедім? — деп ескертті.
21 Еліше Ілиястан қайтып келіп, екі өгізді шалып, мойынтұрығы мен соқа-сайманын отын етіп жағып, соған етті пісіріп, жұртына үлестіріп берді, олар соны жеді. Содан кейін Еліше Ілиястың соңынан еріп кетті. Енді ол Ілиясқа қызмет ететін болды.