5 Бұдан кейін ол сол бұтаның түбіне жантайып, ұйықтап кетті.
Кенеттен бір періште Ілиясты түртіп оятып: «Тұр да, мынаны жеп ала ғой!» — деді. 6 Ілияс айнала қарап, бас жағында тұрған бір таба нан мен бір құмыра суды көрді. Ол ішіп-жеп, қайтадан жата кетті.