Сүлейменнің даналығының кеңінен әйгілі болуы
29 Құдай Сүлейменге орасан зор даналық пен түсінік4:29 3:11-12. дарытып, теңіз жағалауындағы құм қиыршықтарындай мол білім сыйлады. 30 Сүлейменнің даналығы шығыс елдері мен Мысыр елінің кемеңгерлерінің ақыл-парасатынан да асып түсті. 31 Ол барлық басқа адамдардан да өткен дана болды. Оның ақылы езрахтық Етаннан, Мақолдың ұлдары Хеман, Халқол, Дардалардан да асты. Осылайша Сүлейменнің атақ-даңқы айналадағы барлық елдердің халықтарына тарады.
32 Сүлеймен үш мың нақыл сөз айтып, бір мың бес ән-жыр құрастырды.