Қате ілімдерге қарсы ескертулер
3 Македонияға барарда өтініп сұрағанымдай, сен Ефес қаласында қалып, кейбіреулердің басқа ілімдерді үйретулеріне 4 және аңыздармен, ұлан-ғайыр шежірелермен шұғылдануларына тыйым сал. Бұлар сенім арқылы білінетін Құдайдың ісіне1:4 Яки: Құдайдың адамдарды құтқару ісіне (2:4,6; Еф 2:8). қызмет етудің орнына көп дау-жанжал тудырады.