Қауым жетекшілері мен қызметшілері
1 «Егер біреу қауым басқарушысы болуға ынталанса, оның игілікті істі қалағаны». Бұл — дәл айтылған шынайы сөз. 2 Ал қауым басқарушысының ешбір кінәратсыз таза болуы қажет: ол әйеліне адал,3:2 Немесе: бір әйелге ғана үйленген. салауатты, байсалды, әдепті, қонақжай және қабілетті оқытушы, 3 не арақ-шарапқа құмар, не ұрыншақ та емес, шыдамды, айтыс-тартыстан аулақ жүретін, ақшаға да құнықпайтын жан болуға тиіс. 4 Ол отбасына жақсы басшылық жасап, балаларын өзін құрметпен тыңдайтындай етіп тәрбиелеуі шарт. 5 Өйткені өз отбасына басшылық ете алмаған адам қалайша Құдайдың қауымын қамқорлай алады? 6 Басқарушы сенім жолына жуықта ғана түскен біреу болмауға тиіс. Әйтпесе ол әзәзіл шайтан іспетті мақтаныштан кеудесін көтеріп, Құдайдың үкіміне ұшырауы мүмкін.3:6 (Пет2 2:4) Немесе: кеудесін көтеріп, өсекшінің сынына ұшырауы мүмкін.7 Сондай-ақ, масқараланып, шайтанның торына түсіп кетпеуі үшін3:7 Тім2 2:26; Пет1 5:8. қауымнан тыс жұрттың да оған жақсы куәлік берулері керек.