Қауым жетекшілері туралы қосымша нұсқаулар
17 Қауымды жақсы басқаратын жетекшілер, әсіресе Құдай сөзін уағыздап, үйретуге еңбегі сіңгендер, ерекше құрмет пен қамқорлыққа лайық. 18 Себебі Киелі жазбаларда былай делінген: «Астық бастырып жүрген өгіздің аузын бума». Және: «Еңбек еткен ақысын алуға лайық».5:18 Заң 25:4; Лұқ 10:7.