3 Құдай сендердің Өзіне бағышталып қасиетті өмір сүргендеріңді4:3 Яки: сендердің күнәдан таза жүріп, бүкіл өмірлеріңнің қасиетті болғанын (4:4,7; Сал2 2:13; Рим 6:19,22; Қор1 1:30; Евр 12:14). қалайды. Бұл азғындықтан аулақ жүрулеріңді де білдіреді: 4 әркім өз денесін қасиеттілікпен әрі құрметпен күте білсін!4:4 Немесе: әр ер адам өз әйелімен қарым-қатынасына қасиеттілікпен әрі әдеппен қарасын (Қор1 7:2-3; Еф 4:23-24; 5:25,28-33; Пет1 3:7).5 Құдайды танымайтын ұлттарға ұқсап күнәлі құмарлықтарға салынбаңдар, 6 ешқайсың да заңды аттап, пайдакүнемдікпен бауырластарыңды алдап кетпеңдер!4:6 Немесе: ешқайсың нәпсіқұмарлыққа салынып, бауырластарыңның некесіне қол сұғып, алдап кетпеңдер! Сендерге бұрынырақ ескерткеніміздей, Иеміз мұндай күнәлардың бәрінің жазасын береді! 7 Құдай бізді азғын емес, Оған бағышталған қасиетті өмір сүруге шақырды.4:7 4:4.
Publicidade